Сурет 81. Атротомия операциясынан кейінгі дренаждау, үздіксіз жуып санациялау.
а) буынға пункция арқылы микроирригатор енгізу; б) буынды антисептиктермен үздіксіз жуу. Іріңді артрит параартикулярлы флегмонамен асқынғанда іріңдікті тіліп ашып, дренаждау, санациялау. Іріңді артриттің алдын алу шараларға: буын жараларына дер кезінде мұқият біріншілік хирургиялық тазарту жүргізу, ортопедиялық операцияларда асептика заңдылықтарын бұлжытпай орындау, буын айналасындағы тіндердің іріңді процестерін дұрыс емдеу.
|