Мийзан – қалып
Араб сөздерінің қалыбына ع,ف және ل әріптері жатады. Осы әріптердің орнында тұрған сөздер түбір (аслий) әріптер деп аталады. Мысалы, ضَرَبَ сөзі فَعَلَ қалыбында тұр. Бұл үш әріптің орнында тұрмаған әріптер қосымша (заида) әріптер деп аталады. Мысалы, أَكْرَمَ сөзі أَفْعَلَқалыбында тұр. أَكْرَمَ сөзінде ر,ك және م түбір әріптер болып саналады да, أ -қосымша әріп. أ әрпінің қосымша әріп екендігін білу үшін оны فَعَلَ қалыбына салып көруге болады. Қосымша әріптері жоқ мағыналы сөз мужаррад (жеке, жай) деп аталады. Мысалы, فَعَلَ қалыбындағы ضَرَبَ сөзі. Қосымша әрпі бар мағыналы сөздер мазид (толықтырылған) деп аталады. Мысалы, أَفْعَلَ қалыбындағы أَكْرَمَ сөзі. Суласий (үш әріпті) сөздерде түбір әріптер – үшеу: ع,ف және бір ل. Мысалы, فَعَلَ және فَعْلٌ қалыптарындағы ضَرَبَ және زَيْدٌ сөздері. Рубаъий (төрт әріпті) сөздерде түбір әріптер – төртеу: ع,ف және екі ل. Мысалы, فَعْلَلَ және فَعْلَلٌ қалыптарындағы دَحْرَجَ және جَعْفَرٌсөздері. Хумасий сөздерде түбір әріптер – бесеу: ع,ف және үш ل. Мысалы, فَعْلَلِلٌ қалыбындағы جَحْمَرِشٌ сөзі сияқты. Үш әріпті сөздер екі түрге бөлінеді: 1) суласий мужаррад; 2) суласий мазид. Суласий мужаррадта тек үш түбір әріп болады. Мысалы, فَعَلَ қалыбындағы ضَرَبَ сөзі. Суласий мазидте үш түбір әріптерден басқа қосымша (заида) әріптер де болады. Мысалы, أَفْعَلَ қалыбындағы أَكْرَمَ және اِسْتَفْعَلَ қалыбындағы اِسْتَخْرَجَ сөздері сияқты. Төрт әріпті сөздер де екі түрге бөлінеді: 1) Рубаъий мужаррад; 2) рубаъий мазид. Рубаъий мужаррад құрамында тек төрт түбір әріп қана болады. Мысалы, فَعْلَلَ қалыбындағы دَخْرَجَ сөзі. Рубаъий мазид құрамында төрт түбір әріптен басқа қосымша (заида) әріптер де болады. Мысалы, تَفَعْلَلَқалыбындағы تَدَحْرَجَ(дөңгелеп кетті), اِفْعَنْلَلَ қалыбындағы اِحْرَنْجَمَ сөзі. Бес әріпті сөздер де екі түрге бөлінеді: 1) Хумасий мужаррад; 2) хумасий мазид. Хумасий мужаррад құрамында тек бес түбір әріп қана болады. Мысалы, فَعْلَلِلٌ қалыбындағы جَحْمَرِشٌ сөзі. Хумасий мазид құрамында бес түбір әріптен басқа қосымша (заида) әріптер де болады. Мысалы, فَعْلَلِيلٌ қалыбындағы خَنْدَرِيسٌ َ(ескі арақ, ежелгі грекше хамр). Есім сөздер мен етістіктер тағы да сегіз түрге бөлінеді: 1) сахих; 2) музаъаф; 3) мисал; 4) ажваф; 5) нақис; 6) лафиф; 7) мултавий; 8) махмуз. 1) Сахих (дұрыс) - құрамындағыل,ع,ف түбір әріптерінің орнында әлсіз әріп те, бірдей екі әріп те келмейтін мағыналы сөз. Мысалы, فَعْلٌ, فَعَلَ қалыптарындағы ضَرْبٌ,ضَرَبَ сөздері. Әлсіз әріптер – үшеу: ي, ا, و. 2) Музаъаф (екіленген) екі түрге бөлінеді: 1) музаъафи суласий и 2) музаъафи рубаъий. Музаъафи суласий - ل, ع әріптерінің орнында бірдей әріптер тұратын мағыналы сөздер. Мысалы, فَعْلٌ және فَعَلَ қалыптарындағы فَرٌّ (қашу) и فَرَرَ (қашты) сөздері. Музаъафи рубаъий – ف және бірінші ل мен ع және екінші ل әріптерінің орнында бірдей әріптер келетін мағыналы сөздер. فَعْلَلٌ және فَعْلَلَ қалыптарындағы زَلْزَلٌ (жылжыту, сілкілеу) және زَلْزَلَ сөздері. 3) Мисал (дұрыс түрлес) - ف (алғашқы түбір әріп) орнында әлсіз әріп тұратын мағыналы сөз. Мысалы, وَعْدٌ, وَعَدَ (уәде беру, уәде). 4) Ажваф (бос) - ع(екінші түбір әріп) орнында әлсіз әріп тұратын мағыналы сөз. Мысалы, قَوْلٌ, قَوَلَ (айтты, айту). 5) Нақис (жеткіліксіз) - لорнында әлсіз әріп тұратын мағыналы сөз. Мысалы, رَمْىٌ, رَمَىَ (лақтырды, лақтыру). 6) Лафиф (екі есе бұрыс, қосылған) - ل, عорнында әлсіз әріптер тұратын мағыналы сөз. Мысалы, قَوْىٌ, قَوَىَ (күшті болу, күшті болды). 7) Мултавий (екі есе бұрыс, ажыратылған) - ف, لорнында әлсіз әріптер тұратын мағыналы сөз. Мысалы, وَشْىٌ, وَشَىَ (тікті, тігу). 8) Махмуз (һамзалы) - ع, فнемесе ل орнында һамза тұратын мағыналы сөз. Мысалы, أَخَذَ (алды), سَأَلَ (сұрады), قَرَأَ (оқыды). Сұрақтар: 1. Араб тіліндегі қалыптар дегеніміз не? 2. Түбір әріптер деген не? 3. қосымша әріп деген не? 4. Суласий, рубаий және хумасий сөздерде неше түбір әріп бар? 5. Мужаррад дегеніміз не? Мазид сөзі нені білдіреді? 6. Әлсіз әріптер нешеу? 7. Есім сөздер мен етістіктер тағы қандай түрлерге бөлінеді. Иштикок (сөзжасам) Иштикак сөзінің сөздік мағынасы – жасау, қалыптастыру. Иштикак деп бір сөзден оған мағынасы мен әріптері ұқсас басқа бір сөз жасауды айтамыз. Исм екі түрге бөлінеді: 1) Исми жамид (өзгермейтін) және 2) исми масдар. Исми жамидтен басқа ешқандай сөз жасалынбайды. Мысалы, رَجُلٌ адам (еркек) және فَرَسٌ ат. Ал исми масдардан белгілі бір сөздер қатары жасалады. (Масдар қазақ тіліндегі, етістік негізді зат есім, қимыл атауы немесе тұйық етістік – инфинитивке ұқсайды – аудармашы еск.). Мысалы, ضَرْبٌ ұру, ұрыс және قَتْلٌ өлтіру, өлім. Масдардан төмендегідей 12 түрлі сөз формасы жасалады: 1. Мазий – өткен шақтағы етістік. 2. Музариъ – осы және келер шақтағы етістік. 3. Исми фаъил – қимылды жасаушы (негізгі етістегі есімше). 4. Исми мафъул – жасалған іс-әрекет, немесе іс-әрекеттің нысаны (ырықсыз етістегі есімше). 5. Жахд – өткен шақтағы болымсыз етістік. 6. Нафий – келер шақтағы болымсыз етістік. 7. Амр – бұйрық рай. 8. Нахий – бұйрық райдың болымсыз түрі. 9. Исми заман – мезгіл есімі. 10. Исми макан – мекен есімі. 11. Исми алат – құрал-жабдық есімі. 12. Көп қайталанатын әрекет.
ضَرْبٌ – масдар. Одан төмендегідей 12 сөз формасы жасалады: 1. ضَرَبَ – өткен шақта (ол) ұрды. 2. يَضْرِبُ – келер шақта (ол) ұрады. 3. ضَارِبٌ – ұрушы. 4. مَضْرُوبٌ – ұрылушы (ұрылған). 5. لَم يَضْرِبْ – (өткен шақта) ұрған жоқ. 6. لا يَضْرِبُ – (келер шақта) ұрмайды. 7. اِضْرِبْ (амр хазир, екінші жаққа бағытталған бұйрық рай) – (ты, бір еркек) ұр. لِيَضْرِبْ – (амр ғайып, үшінші немесе бірінші жаққа бағытталғын бұйрық рай) – (ол) ұрсын. 8. لا تَضْرِبْ – (ты, бір еркек) ұрма. 9. مَضْرِبٌ – ұру болған уақыт. 10. مَضْرِبٌ – ұру болған жер. 11. مِضْرَابٌ – ұру құралы. 12. أَضْرَبُ – көбірек ұрушы. Сұрақтар мен тапсырмалар. 1. Иштикок дегеніміз не? 2. Исмнің неше түрі бар? 3. Масдардан неше сөз формасы жасалады? 4. ضَرْبٌ масдарынан қандай сөздер жасалады? Феъл және фаъил Феъл (етістік) амал-әрекет, іс-қимылды білдіреді, олар екі түрге бөлінеді: 1) мутаъаддий (сабақты) және 2) лазим (салт). Кейбір етістіктер «кімді?», «нені?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді қажет етіп тұрады. Мұндай етістіктер мутаъаддий (сабақты) деп аталады (яғни сөйлемде етістік табыс септікті сөзбен (мафъуль бих) сабақтасып тұрады, олар, көбінесе, - ырықсыз етістегі есімшелер болады – ауд. еск.). Мысалы, егер біз ضَرَبَ زَيْدٌ (بَكْرًا) «Зайд (Бәкірді) ұрды» дейтін болсақ, онда «Зайд кімді ұрды?» деген сұрақ туындайды. Демек, ضَرَبَ – мутаъаддий етістік. Кейбір етістіктер «кімді?», «нені?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді қажет етпейді. Олар лазим (салт) етістік деп аталады (яғни етістік табыс септікті сөзбен (мафъуль бих) сабақтаспай, салт тұрады – ауд. еск.). Мысалы, егер біз جَلَسَ زَيْدٌ “Зайд отырды” дейтін болсақ, онда «кімге отырды?», «неге отырды?» деген сұрақтардың қажеті болмайды. Демек, جَلَسَ – лазим (салт) етістік. Кез келген амал-әрекеттің фаъилі (әректті жасаушы, негізгі етістегі есімше) болады. Егер етістіктің бір фаъилі болса, онда ол уахид (жекеше түрі, бұдан кейін - ж.т.- деп қысқартылатын болады – ауд. еск.). егер екі фаъил болса, онда ол тасния (екілік түрі, бұдан кейін – ек.т.). Егер екіден көп болса, онда – жамъ (көпше түрі,бұдан кейін к.т. ) Бұл фаъилдардың әрқайсысыбірінші жақта (мутакаллим, сөйлеуші), екінші жақта (мухатаб, тыңдаушы) немесе үшінші жақта (ғойып, бөгде кісі) келеді. Сондай олардың әрқайсысы ер тегінде (мүзаккар) немесе әйел тегінде (мүәннас) келеді. Етістіктерде етістің екі түрі болады – негізгі – маълум және ырықсыз – мажхул. Негізгі етісте амал - әрекетті жасаушы (фаъил) сөйлемде аталады. Мысалы: ضَرَبَ زَيْدٌ – Зайд ұрды. Зайд – негізгі етістегі есімше - фаъил. Ырықсыз етісте амал-әрекетті басқа біреу жасайды, ал амал-әрекетті жасаушы фаъил сөйлемде айтылмайды. ضُرِبَ زَيْدٌ – Зайд ұрылды. Оның орнына мафъул (ырықсыз етістегі есімше) тұрады. Ол (Зайд) наиби фаъил деп аталады. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Мутаъаддий етістікке анықтама беріңіз. 2. Лазим етістікке анықтама беріңіз. 3. Мутакаллим, мухатаб, ғайып дегеніміз не? 4. Фаъилдың неше түрі бар? Етістіктің өткен шағы (феъл мазий) Өткен шақ негізгі етістегі (маълум) етістіктің жіктелуінің 14 формасы бар: 6 ғайып (ІІІ жақ), 6 мухатаб (ІІ жақ), 2 мутакаллим (І жақ). ІІІ жақ ер тегінің 3 және әйел тегінің 3 жіктелуі бар. Бірінші жақтың екі жіктелуі де ер тегіне де, әйел тегіне де тән болады. Үшінші және екінші жақтарда ер тегі және әйел тегінің жекеше, екілік және көпше түрі бар. Яғни егер біреу, тіпті, «мен және досым» дегеннің өзінде де ол екілік емес, көпше түр болады.
Өткен шақ (мазий) негізгі етістегі (маълум) етістік төмендегідей жіктеледі:
Өткен шақ (мазий) етістігін ырықсыз (мажхул) етіске айналдыру үшін соңғыдан бұрынғы әрпке кәсрә (–ِ), ал әр әріпке жол үсті белгілерін (-َ, -ُ, -ِ дыбыстық белгілерді) қою керек те, бұл әріптің (соңғыдан бұрынғы) алдында тұрған әріпке замма (-ُ) беру керек. Мысалы, ضَرَبَ негізгі етістегі (маълум) етістік. Бұл сөздің соңғыдан бұрынғы әрпіне (ر) кәсрә беріледі - ضَرِبَ. Одан соң әр әріпке жол үсті белгілері қойылады да, соңғыдан бұрын тұрған әріптің алдындағы әріпке замма қойылады - ضُرِبَ. Өткен шақ етістігінің ырықсыз етісінде де жіктелудің 14 формасы бар:
|