Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Суласий мужаррадтың бірінші бабы





Суласий мужаррадтың 1-бабы өткен шақ етістігінде ع әрпінің орнында фатха, ал осы-келер шақ етістігінде кәсраға ие болады: فَعَلَ يَفْعِلُ. Бұл баптағы етістіктердің масдары 11 қалыпта келеді:

 

Қалыбы Мысалы Мағынасы
فَعْلٌ ضَرْبٌ Ұру
فِعْلٌ كِذْبٌ Өтірік айту
فَعِلٌ نَبِحٌ Үру
فُعَلٌ هُدَىٌ Тура жолға бастау
فَعَالٌ قَضَاءٌ Кесім шығару (шешім)
فِعَالٌ صِرَافٌ Өзгерту
فُعُولٌ جُلُوسٌ Отыру
فَعَلَةٌ غَلَبَةٌ Жеңу
فِعَالَةٌ حِمَايَةٌ Қорғау
فَعْلاَنٌ لَوْيَانٌ Ию (майыстыру)
فُعْلاَنٌ غُفْرَانٌ Кешіру

يَفْعِلُ فَعَلَ қалыбындағы дұрыс етістіктің (сахих) мысалы يَضْرِبُ ضَرَبَ болып табылады, масдары - ضَرْبٌ. Бұл етістіктен тарайтын барлық сөзжасам (муштак) өткен сабақтарда келтірілді.

Музаъаф يَفْعِلُ فَعَلَ;

يُفِرُّ فَرَّ масдары فَرٌّ, فِرَارٌ қашу. Масдардан 12 сөз формасы жасалады:

1) فَرَّ- мазий 7) فِرَّ- амр хазир
2) يَفِرُّ- музариъ 8) لِيَفِرَّ- амр ғайиб
3) فَارٌّ- исм фаъил 9) لاَ تَفِرَّ- нахий
4) مَفْرُورٌ- исм мафъул 10) مَفِرٌّ - Исм заман және исм макан
5) لَمْ يَفِرَّ- жахд 11) مِفْرَارٌ – исм алат
6) لاَ يَفِرُّ- нафий 12) أَفَرُّ – исм тафзил

Өткен шақ етістігінің (мазий) негізгі етісі (маълум)

فَرَّ негізінде فَرَرَ. Бірінші әріптің (ر) харакаты түсіп қалады: فَرْرَ. Бірінші (ر) ассимиляцияға ұшырап, (дауыссыз дыбыс үндестігі - идғам) екіншісіне (ر) кірігіп кетеді: فَرَّ. Идғам – бір әріптің екінші әріпке кірігуі (ассимиляция)

Қағида: Егер екі бірдей әріп қатар келіп, олардың біріншісі харакатсыз (сүкун), екіншісі харакатты болса, онда бірінші әріп екінші әріпке айналып кетеді (идғам).

Музаъафтағы өткен шақ етістігінің (мазий) негізгі етісі (маълум):

فَرَّ؛ فَرَّا؛ فَرُّوا؛ فَرَّتْ؛ فَرَّتَا؛ فَرَرْنَ؛ فَرَرْتَ؛ فَرَرْتُمَا؛ فَرَرْتُمْ؛ فَرَرْتِ؛ فَرَرْتُمَا؛ فَرَرْتُنَّ؛ فَرَرْتُ؛ فَرَرْنَا.

Мазий етістігінің алғашқы 5 жіктелу формасында идғам бар: ғайиб, ғайибайн, ғайибийн, ғайиба и ғайибатайн. Қалған 9 жіктелу формаларында ассимиляция жоқ.

Өткен шақ етістігінің (мазий) ырықсыз етісі (мажхул):

فَرَّ етістігінің ырықсыз етісін жасау үшін оны бұрынғы алғашқы қалпына келтіріп алу керек: فَرَرَ. Соңғы әріптен бұрынғы әріпке кәсра қойылады (فَرِرَ), ал оның алдында тұрған харакатты әр әріпке замма қойылады: فُرِرَ. Алғашқы әріптің (ر) харакаты түсіп қалады: فُرْرَ. Алғашқы (ر) әрпі екінші (ر) әрпіне кірігіп кетеді: فُرَّ. Музаъафта мазий етістігінің ырықсыз етісі (мажхул) төмендегідей жіктеледі:

فُرَّ؛ فُرَّا؛ فُرُّوا؛ فُرَّتْ؛ فُرَّتَا؛ فُرِرْنَ؛ فُرِرْتَ؛ فُرِرْتُمَا؛ فُرِرْتُمْ؛ فُرِرْتِ؛ فُرِرْتُمَا؛ فُرِرْتُنَّ؛ فُرِرْتُ؛ فُرِرْنَا.

 

Осы-келер шақ етістігінің негізгі етісі (маълум)

Музариъ етістігі ІІІ жақ жекеше түрде يَفِرُّ. يَفِرُّ болып кездеседі, негізінде يَفْرِرُ. Алғашқы әріптің (ر) харакаты алдыңғы әріпке ауысады: يَفِرْرُ. Алғашқы (ر) кейінгі (ر) әрпіне кірігіп кетеді - يَفِرُّ:

يَفِرُّ؛ يَفِرَّانِ؛ يَفِرُّونَ؛ تَفِرُّ؛ تَفِرَّانِ؛ يَفْرِرْنَ؛ تَفِرُّ؛ تَفِرَّانِ؛ تَفِرُّونَ؛ تَفِرِّينَ؛ تَفِرَّانِ؛ تَفْرِرْنَ؛ أَفِرُّ؛ نَفِرُّ.

Музариъ етістігінің екі жіктелу формалары - 1) ғайибат (ІІІ жақ, әйел тегі, к.т.) (يَفْرِرْنَ) және 2) мухатабат (ІІ жақ, әйел тегі, к.т.) (تَفْرِرْنَ) ассимиляцияға (идғам) ұшырамайды.

Осы-келер шақ етістігінің ырықсыз етісі (мажхул)

يَفِرُّ етістігінің ырықсыз етісін жасау үшін оны бұрынғы алғашқы қалпына келтіру керек: يَفْرِرُ. Соңғы әріптен бұрынғы әріпке фатха қойылады: يَفْرَرُ. Музариъат әрпіне замма қойылады: يُفْرَرُ. Бірінші (ر) әрпінің харакаты алдыңғы әріпке өтеді: يَفَرْرُ. Содан соң бірінші (ر) әрпі екінші (ر) әрпіне кірігіп кетеді: يُفَرُّ:

يُفَرُّ؛ يُفَرَّانِ؛ يُفَرُّونَ؛ تُفَرُّ؛ تُفَرَّانِ؛ يُفْرَرْنَ؛ تُفَرُّ؛ تُفَرَّانِ؛ تُفَرُّونَ؛ تُفَرِّينَ؛ تُفَرَّانِ؛ تُفْرَرْنَ؛ أُفَرُّ؛ نُفَرُّ.

 

Өткен және осы-келер шақтардағы етістіктердің негізгі етісінде ассимиляцияға ұшырайтын орындарда ырықсыз етісінде де дыбыс үндестігі (ассимиляция) болады, ал негізгі етісте дыбыс үндестігі (ассимиляция) жоқ орындарда, ырықсыз етісте де ассимиляция болмайды.

Алдыңғы дыбыс кейінгі дыбысқа ықпал еткенде, егер ассимиляцияға ұшырайтын бірінші дыбыстың алдында харакатты әріп немесе мад әріп (созылып оқылатын дыбыстар - ا, و, ى) келсе, онда ассимиляцияға ұшырайтын бірінші әріптің харакаты түсіп қалады да, ол өзіне ұқсас екінші әріпке кірігіп кетеді. Мысалы, فَرَرَ® فَرَّ сияқты сөздерде. Алайда егер ассимиляцияға ұшырайтын бірінші әріптің алдында сүкун таңбалы әріп тұрса, онда ассимиляцияға ұшырайтын бірінші әріптің харакаты оның алдында тұрған харакатсыз әріпке ауысып кетеді (® يَفِرُّ).







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 544. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия