Бұйрық райындағы (амр) етістік туралы
Амр екі түрлі болады: амри хазир и амри ғайиб. Амри хазир (ІІ жақ) Амри хазир осы-келер шақ етістігінің ІІ жағында алты формада жіктеледі. Ол үшін: 1) музариъ етістігінің қосымшасына назар аударыңыз. Егер соңында дұрыс (сахих) әріп тұрса, онда оған сүкун (-ْ) қойылады. Мысалы: تَضْرِبُà تَضْرِبْ. Егер соңында әлсіз (иллат) әріп тұрса, онда ол түсіп қалады. Мысалы, تَرْمِىُ à تَرْمِ. 2) Музариъат әріп (ت) түседі. Содан соң кейінгі тұрған әріпке назар аударылады. Егер музариъат әрпінен кейін тұрған әріптің харакаты болса, бұйрық райлы етістікті жасау осымен аяқталады. Мысалы, تَثِبُ (ты секіресің) етістігін алайық. Ол дұрыс әріпке (сахих) аяқталып тұр, сондықтан бұл әріпке сүкун қойылады: تَثِبْ. Содан соң музариъат әрпін түсіреміз. Одан кейінгі әріптің харакаты бар, сондықтан бұйрық етістігін жасау осымен аяқталады. تَثِبُ à تَثِبْ à ثِبْ (секір). Егер музариъат әрпінен кейінгі әріп харакатсыз болса (яғни жол үсті белгісі сүкун болса), онда етістіктің ع әрпінің харакатына назар аударамыз. Егер ع әрпінің харакаты кәсра немесе фатха болса, онда жасалатын бұйрықты етістігінің алдынан кәсралы һамза қойылады. Мысалы: (تَفْعِلُ - تَضْرِبُ), (تَفْعَلُ - تَحْمَدُ) تَضْرِبُ à تَضْرِبْ à ضْرِبْ à اِضْرِبْ (ұр); تَحْمَدُ à تَحْمَدْ à حْمَدْ à اِحْمَدْ (мақта). Егер ع әрпінің харакаты замма болса, онда жасалатын бұйрық райлы етістіктің алдына заммалы һамза қойылады. Мысалы: (تَفْعُلُ – تَكْتُبُ), تَكْتُبُ à تَكْتُبْ à كْتُبْ à اُكْتُبْ (жаз). Осымен бұйрықты етістіктің жасалуы аяқталады. Алайда (إِفْعَالٌ يُفْعِلُ - أَفْعَلَ) бабындағы етістіктердің (суласий мазидтің 1-бабы – ауд. еск.) алдынан үнемі фатхалы һамза қойылады.(Мысалы: أَقِمْ ؛ أَكْرِمْ). يَضْرِبُ ضَرَبَ етістігінен бұйрық райлы етістік төмендегідей: تَضْرِبُ 2-жақ ж.т. (мухатаб). Соңғы ب әрпі – дұрыс, сондықтан оған сүкун қойылады: تَضْرِبْ. Музариъат ت әрпі түсіп қалады: ضْرِبْ. Музариъат әрпінен кейінгі әріптің жол үсті белгісі сүкун, сондықтан етістіктің ع әрпіне қараймыз. Поскольку буква на месте буктыдер ع әрпінің орнындағы ر әрпі кәсралы болғандықтан жасалатын бұйрықты етістіктің алдынан кәсралы һамза қойылады: اِضْرِبْ. Амри хизир төмендегідей жіктеледі:
Амри ғайиб (І және ІІІ жақтарда) Амри ғайиб осы-келер шақтағы етістіктің алдына (لِ) қосу арқылы жасалады. Мысалы, لِيَضْرِبْ. Егер музариъ етістік дұрыс әріпке аяқталса, онда бұл (لِ) қосымшасы жекеше түрдегі етістіктің дыбыстық белгісін (харакатын) түсіреді. Мысалы, لِيَضْرِبْ. Екілік және көпше түрдегі сахих және нақис етістіктерінде соңғы нун түсіп қалады. Алайда әйел тегінде көптік мағынаның белгісі болатын (ن) еш уақытта түсіп қалмайды. Егер амри ғайиб етістігінің алдынан қандай да бір харакатты әріп келсе, онда (لِ) харакатсыз (сүкунмен) оқылады. Мысалы, فَلْيَضْرِبْ (ұрсын). Амри ғайиб 8 түрлі формада жіктеледі – алтауы үшінші жақта (ғайиб) және екеуі бірінші жақта (мутакаллим):
І және ІІІ жақ бұйрық райдағы (амри ғайиб) етістіктердің ырықсыз етісі (мажхул) Мажхул амри ғайибтың 14 жіктелу формасы бар. Ережеден тыс алдымен 2-жақ (мухатаб):
|