Исм алат
Исм алат - суласий мужаррад баптарындағы (амал-әрекет жасалатын) құрал-сайман атауы, үш түрлі қалыбы бар: 1) مِفْعَلٌ 2) مِفْعَالٌ 3) مِفْعَلَةٌ. سَطَرَ - يَسْطُرُ(сызық сызды) à مِسْطَرٌ- сызу құралы, яғни сызғыш; فَتَحَ - يَفْتَحُ(ашты) à مِفْتَاحٌ-ашу құралы, яғни кілт; كَنَسَ - يَكْنُسُ(сыпырды) à مِكْنَسَةٌ – сыпыру құралы, яғни сыпырғы. Исми алат суласий мужаррад бабынан басқа баптарда кездеспейді. Оның да 3 түрлі жіктелу формасы бар: مِضْرَابٌ- бір ұру құралы (вахид); مِضْرَابَانِ- екі ұру құралы (тасния); مَضَارِيبُ- бірнеше ұру құралы (жамъ). Ескерту:Егер исм алат مِفْعَلٌ қалыбында тұрса, онда көпше түрі مَفَاعِلُ болады. Ал егер مِفْعَالٌ қалыбында тұрса, онда көпше түрі مَفَاعِيلُ болады. Исм тафзил Исм тафзил (амал-әрекетті қайта- қайта жасаушы) суласий мужаррад баптарының ер тегінде أَفْعَلُ қалыбында, ал әйел тегінде فُعْلَى қалыбында тұрады. Мысалы: أَضْرَبُ, ضُرْبَى. Исм тафзил суласий мужаррад бабынан басқа баптарда кездеспейді және 6 түрлі формада (3 ер тегі, 3 әйел тегі) жіктеледі:
Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Исм заман және исм макан қандай жағдайларда және қандай қалыптарда кездеседі? 2. Исм алат қандай қалыптарда кездеседі? 3. Исм тафзил неше түрде жіктеледі және қалай жіктеледі? 4. Алдыңғы сабақтардың мысалдарындағы етістіктерден исм заман, исм макан, исм алат и исм тафзил формаларын жасап, жіктеңіз.
|