Студопедия — Глоссарий. . 1. Газсиликаты мен көбіксиликаттардың құрамы, алу жолдары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Глоссарий. . 1. Газсиликаты мен көбіксиликаттардың құрамы, алу жолдары.






Термин Пояснение
Силикатные автоклавные материалы Құрамында әк (сөндірілген немесе сөндірілмеген ұнтақталған), кварц құмы және суы бар шикізаттаық араласпадан дайындалған, автоклавтық өңдеу нәтижесінде кальций гидросиликаттарын түзетін цементсіз материалдар және бұйымдар (силикат кірпіші, бетон, тастар, блоктар)
Силикаттық автоклавтық материалдар
Silicat autoclave material
Автоклав Бұйымдарды қаныққан су буымен жоғары температура және қысыммен өңдеу үшін арналған қақпақпен тығыз жабылатын көлденең орналасқан болат цилиндр
Autoclave
Силикатный кирпич Құм (92-94 %), әк (белсенді СаО-ға есептегенде 6-8 %) және судан (7-9 %) тұратын қатаң араласпаны қысыммен (15-20 МПа) пресстеу жолымен алынған жасанды тас материал
Силикатты кiрпiш
Асбоцемент Цемент, асбест (10-20% цемент салмағынан) және судан тұратын араласпаның қатаю нәтижесінде алынған жасанды композициялық тас материал
Asbestos cement
Асбест Сулы немесе сусыз магний, ал кейбір түрлері –кальций және натрий силикаттарынан құралған табиғи жіңішке талшықты материал
Asbestos
Пеносиликат Техникалық көбікпен араластырылған илемді әк-құм араласпасының қатаю нәтижесінде алынған ұялы құрылымды жасанды тас материал
Көбіксиликат
Foam-silicat
Газосиликат Илемді әк-құм ерітіндісін газдандырғышпен араластыру жолымен алынған материал
Gas- silicat

4. СӨЖ-ге тапсырма

1. Газсиликаты мен көбіксиликаттардың құрамы, алу жолдары.

5. ОСӨЖ-ге тапсырма

1. Гипсобетон мен силикатбетонның құрамы мен қасиеті

2. Зертханалық жұмысты қорғау

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру

 

6. Әдебиеттер мен оқу-әдістемелік материалдар тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. - Тараз, 2007.- 1-2 бөлім

2. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б.

3. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары; қасиеттері және өндірілуі. Оқу құралы. Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. –

208 бет.

 

Қосымша әдебиет:

1. Бисенов Қ.А., Нарманова Р.Ә., Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы:

«Издат Маркет», 2007. – 224 б.

2. Баженов Ю.М. Технология бетона. М., ИАСВ, 2002.

3. Белов В.В,. Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных

материалов. - М.: ИАСВ, 2004

4. Журналдар «Строительные материалы, технология, оборудование ХХI века», «Строительные материалы»,

«Бетон и железобетон», «Технология бетона» 2000-2013 жж.

 

 

ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Белсенді үлестірілетін материал

 

Құрылыс материалдары -1 Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультеті
3 кредит 2 - семестр, 2013-2014 оқу жылы
ЛЕКЦИЯ № 11. Органикалық шикізат негізіндегі құрылыс материалдары. Ағаштан жасалған материалдар Ассоциацияланған профессор, т.ғ.к. Ибраимбаева Гульназ Баккыдыровна

1. Сабақтың қысқаша мазмұны

Ағаштың жағыды қасиеттеріне тығыздығы аз болса да жоғары беріктілігі, аз жылу өткізгіштігі; оңай өңделу; оңаша элементтерді құрастырудың қарапайымдылығы; аязға төзімділігі мен көптеген химиялық реагенттердің әсеріне қарсы кедергісінің жоғарылығы жатады. Сонымен қатар, ағаштың құрылыстық қасиеттерін төмендететін кемшіліктері де бар. Оған құрылымының біркелкі еместігі, ақаулардың болуы, гигроскопиялығы, жарықшалардың болуы, жануы мен шіруі жатады. Қазіргі уақыттағы технологияға сүйене отырып, бұл кемшіліктерді болдырмауға болады.

Өңдеу дәрежесіне байланысты ағаш бұйымдары келесі түрлерге бөлінеді: орман материалдары, дайын бұйымдар мен конструкцияларды, ағаштан дайындалган синтетикалық материалдарды.

Алдыңғы қатарлы ағаш өңдеуші комбинаттарда ағаш шикізатын қолданудың коэффициенті 0,98 жетеді. Өсіп тұрған ағаш тамыр системасынан, діңнен және бұтақтарынан тұрады. Өнеркәсіпке қажеттісі ағаштың діңі болып саналады. Одан 60 тан 90 % ағаш шығарылады.

Ағаштың макроқұрылымын көзбен немесе лупамен қарасақ оның негізігі бөліктерін айыруға болады. Олар жүрекшесі, қабығы, камбий және ағаштың өзегі. Көбінесе ағаштың үш негізгі кесіндісін қарастырады: көлденең қимасы, радиальды және тангенталды қимасы. Ағаштың жүрекшесі әлсіз ткань (құрылым) болып табылады, сондықтан ол оңай шіриді.

Құрылыста қылқан жапырақты және жапырақты жынысты ағаштар қолданылады.

Ағаштың микроқұрылымын микроскоппен зерттесек, оның негізгі массасын ұзыннан әртүрлі формадағы клеткалардан тұратыны көрінеді. Жапырақты ағаш жыныстарының құрамында майда құбыр формалы қуыстар бар. бұл жолдары арқылы өсіп тұрған ағашқа қоректі заттар жүреді. Қылқан жынысты ағаштарда клетка аралық кеңістікті шайыр жолдары қамтыған. Тірі клетка қабықшадан, протоплазма, клекталық шырын мен ядродан тұрады. Клетканың қабырғасында табиғи полимерлер орналасқан. Оларға лигнин және гемицеллюлоза жатады.

Ағаштың орташа тығыздығы түрлі жыныстар және бір жыныс түріндегі ағаштар арасында да ауытқиды және көптеген шекте жатады. Бұл көрсеткіш жердің топырағына, климат пен табиғи жағдайларға байланысты өзгереді. Ағаштардың орташа және нақты тығыздығы бір-бірінен онша алшақтамайды. Өйткені ағаш негізінен бір заттан - целлюлозадан құрылған. Ағаштың нақты тығызды 1,54 г/см3. Ағаштың кеуектілігі біраз шекте өзгереді (30 дан 60 %-ғадейін).

Ылғалдылықтың мөлшеріне байланысты ылғал ағаш 100 %-ға дейін, жаңа кесілген (35% және одан жоғары) және ауалық құрғақ - 15...20%, бөлмелі құрғақ - 8...12% болып бөлінеді. Ағаштың стандартты ылғалдылығы болып 12% қабылданған.

Ағаштың анизотропиялық құрылымына байланысты жылу өткізгіштік талшық бойына және көлденең бағытта 2 есе айырмашылығы бар [талшық бойына - 0,35 Вт/(м°С), көлденең бағытта - 0,17 Вт/(м°С)].

Ағаш қышқылдар мен сілтілердің ұзақ уақыт әсер етіп тұрса, ол бұзыла бастайды. Қышқыл ортада ағаш рН<2-ден бұзыла басталады.

Ағаштың механикалық қасиеттері. Көлденең орналасқан талшыққа қарағанда талшық бойыма созылу кезіндегі беріктілік 20...30 есе, сығылу кезіндс 5...10 есе көп. Ағаштың беріктілігі сонымен қатар ағаш жынысына, орташа тығыздыққа, кеуектілікке, ақауларға және ылғалдылыққа тәуелді.

Құрылыста ағаш материалдарының келесі түрлері пайдаланылады: дөңгелек бөренелер, пиломатериалдар, еден жасауға арналған материалдар, столярлық плиталар мен фанералар. Ағаштан үй тұрғызуға арналған ағаштар конструкцияларын жасайды.

Ағашта жиі кездесетін ақаулар: бұралу, ағаштың бағана диаметрінің төменгі бөлігінен жоғарғы бөлігіне қарай кенет азаюы, жеке дара өсіп тұрған ағаштардың бағанасының майысып қисаюы, қос өзектік, өгей бұтақ, шірік, жарықшалар және т.б.

Ағаш бұйымдары мен конструкцияларының төзімділігін өсірудің ете жеңіл және арзан әдісі - оны кептіру болып табылады.

 

2. Бақылау сұрақтары

А) жазбаша бақылау үшін

1. Ағаштың негізгі қасиеттері неге байланысты?

2. Ағашты шіруден, жанудан қорғау әдістері қандай?

3. Орман материалдары мен ағаш бұйымдарының сортаменті.

4. Жабыстырылған ағаш конструкциялардың мәні қандай?

5. Ағаштың құрылыс материалы ретіндегі артықшылықтары мен кемшіліктері.

6. Ағаштың макро- и микроқұрылымының негізгі элементтері.

7. Ағаштағы ылғалдың байланыс түрлері, ылғалдықтың ағаш қасиеттеріне әсер етуі.

8. Құрылыс конструкцияларында қолданылатын негізгі ағаш тұқымдары, қолданылу себептері

9. Ағаштың ақаулары, олардың бұйымдардың қасиеттеріне әсер етуі.

10. Композициялық ағаш материалдар.

 

Б) компьютерлік тестілеу үшін

1. Ағаштың ерекше қасиеттері:

$$ жылуөткізгіштігі төмен,созылым беріктігі жоғары

$ анизотроптылық, дыбыс оқшаулау қабілеті жоғары

$ биотөзімді,тығыздығы жоғары

$ конструкциялық сапасының коэффициенті төмен, қатты

 

2. Ағаштың макроқұрылымын құрайды:

$$ өзек, қабық, камбий, жылдық сақиналар, шел қабық

$ өзек, қабық, камбий, жылдық сақиналар, клеткалар

$ қабық, камбий, жылдық сақиналар, клеткалар, трахеидтар

$ жылдық сақиналар, шел қабық, шайыр жолдары, трахеидтар

 

3. Ағаш бұйымдарының отқа төзімділігін арттыру және шіруден қорғау тәсілдері:

$$ антипирендер сіңдіру, антисептиктер сіңдіру

$ фосфаттау, сілті ерітіндісін сіңдіреді

$ антисептиктеу

$ ацетилдау

 

4. Ағаш қасиеттерін салыстыру үшін оларды стандартты ылғалдыққа келтіреді:

$$ 12%

$ 8%

$ 10%

$ 18%

 

5. Паркеттің түрлері:

$$ қарапайым және қалқанша

$ қалқанша және сүргіленген

$ қалқанша және фрезерленген

$ қарапайым және сүргіленген

 

6. Ағаш үгінділері мен жаңқалардан жасалатын конструкциялық композициялық материалдар:

$$ АЖТ (ДСП), арболит, фибролит

$ АТТ (ДВП), жабыстырылған ағаш конструкциялары

$ АТТ (ДВП), фанера

$ цементті жаңқа тақталары, модифицикацияланған ағаш







Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1314. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия