Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Глоссарий.





Термин Түсініктеме
Неорганические вяжущие вещества Сумен араластырғанда илемді-тұтқыр қамыр түзетін, уақыт өткен сайын өз еркімен физика-химиялық процесстер нәтижесінде қатаятын ұнтақ материалдар
Бейорганикалық байланыстырғыш заттар
Cementings (binding) inorganics
Гипсовые вяжущие вещества Негізінен жартысулы гипс пен ангидридтан тұратын және шикізатты жылумен өңдеп, ұнтақтау жолымен алынатын ауада қатаятын байланыстырғыш заттар
Гипс байланыстырғыш заттары
Binding of gips
Воздушная известь Құрамындағы саздың мөлшері 6 %-дан аспайтын кальцийлі-карбонатты жыныстарды (бор, әктас, доломиттелген әктас) 900-12000С температурада СО2 толық жойылғанша баяу күйдіру жолымен алынатын өнім.
Ауа әгі
Air hardening lime
Молотая негашенная известь Кесек әкті алдын-ала сөндірмей ұнтақтап алынған ауалық байланыстырғыш зат
Ұнтақталған сөндірілмеген әк
Quicklime milled
Магнезиальные вяжущие вещества Кальций тотықтарынан (магнезит немесе доломит) тұратын ұнтақты 750-8500С баяу күйдіру жолымен алынатын ұнтақтәріздес материал  
Магнезиалды байланыстырғыш заттар
Magnesia binding
Жидкое стекло Құрамында көп мөлшерде (50-70%) су бар натрий және калий силикаттарының коллоидты сулы ерітіндісі
Сұйық шыны
Glass liquid
Кислотоупорный кварцевый цемент Таза кварц құмы мен кремнийфторлы натрийді біріктіріп ұнтақтау жолымен алынған ұнтақтәріздес материал
Қышқылға төзімді кварц цементі
Cement quartz acid-proof

4. СӨЖ-ге тапсырма

1. Гипстік байланыстырғыштар және әктің әртүрлі түрлерінің тығыздалу ерекшеліктері туралы түсінік.

2. Қожды әк, пуццоландық әк, магнезиалды байланыстырғыш заттардың қолданылуы мен қасиеттерінің ерекшеліктері және негізгі алу жолдары.

3. Шикізат материалдарының қасиеттері, құрамы, сұйық әйнектерді қолдану және қышқыл өткізгіш кварцтік цементті қолдану әдістері.

 

 

5. ОСӨЖ-ге тапсырма

1. Ауалық байланыстырғыш заттар: түрлері, қасиеті, қолданылуы

2. Зертханалық жұмысты қорғау

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру

 

6. Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. - Тараз, 2007.- 1-2 бөлім

2. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 бет.

3. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары; қасиеттері және өндірілуі. Оқу құралы. Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. –

208 бет.

 

Қосымша әдебиет:

1. Волженский А.В. Минеральные вяжущие вещества.-М., 1986

2. Белов В.В,. Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных

материалов. - М.: ИАСВ, 2004

3. Гипсовые материалы и изделия (производство и применение): Справочник/ Под общей ред. А.В.Ферронской.-М.: Издательство АСВ, 2004.- 488 с.

 

 

ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Белсенді үлестірілетін материал

 

Құрылыс материалдары -1 Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультеті
3 кредит 2 - семестр, 2013-2014 оқу жылы
ЛЕКЦИЯ № 7. Гидравликалық байланыстырғыш заттар Ассоциацияланған профессор, т.ғ.к. Ибраимбаева Гульназ Баккыдыровна

1. Сабақтың қысқаша мазмұны

Гидравликалық байланыстырғыш заттар тобына гидравликалық әк, романцемент және портландцемент пен оның түрлері жатады. Бұл топтың негізгі қасиеті олардың құрамындағы кальций силикаттарының, алюминаттарының, ферриттерінің пайыздық мөлшерімен анықталады. Неғүрлым бұл қосылыстар көп болса, соғұрлым гидравликалық қасиеті жоғары және байланыстырғыш заттың беріктігі арта түседі. Шикізаттың химиялық қасиеті және байланыстырғыш заттың гидравликалық қасиеті гидравликалық немесе негізгі модульмен сипатталады: т = %СаО/(%SiO2 +%Al2O3 + %Fe2O3).

Әр байланыстырғышқа өз гидравликалық модулі тән: ауалық әктің т>9, гидравликалық әк үшін т =1,7-9, романцемент - т <1,7, портландцемент т =1,9-2,4.

Гидравликалық әкті құрамында 6-20% саз бар мергельді әктастарды бірікпейінше күйдіру арқылы алынады (900-1100°С). Негізінен төменгі маркалы ерітінділер мен бетондар құрамында қолданылады. Алыну жолы - шикізатты дайындау, оны 60-150 мм ірілікке дейін майдалау, шахта пештерінде күйдіру және ұнтақтау процесстерінен тұрады. Гидравликалық әктің құрамында 2СаО • SiO2, 2СаО • Аl2O3, 2СаО • Ғе2O3 қосылыстары болады. Аздаған мөлшерде бос күйінде СаО және СO2 бар. Аталған қосылыстар гидравликалық әкке қату және беріктілігін құрғақ ортада және сулы ортада да жоғалтпауына да мүмкіндік береді. Гидравликалық әк сумен араласқан кезде кальций тотығы силикаттарының, алюминат және ферриттерінің гидраттану процесі жүріп, суда ерімейтін гидросиликат, гидроалюминат, гидроферриттер түзіледі.

Романцемент дегеніміз гидравликалық жәй қататын байланыстырғыш зат, құрамында саздың қоспалары 20%-дан көп мергельді әктасынан 900-1100°С-да күйдіріп, ұнтақтау арқылы алынады. 28 тәулік қату процесінен кейін маркасына байланысты төмендегідей болады: 25, 50, 100 кгс/см2.Романцементтің негізгі минералдары: 2СаО • SiO2, СаО • А12O3, 5СаО • А12O3, 2СаО • Ғе2O3.Бос күйіндегі әктің аз болуына байланысты сумен сөндірілмейді.

Гидравликалық әк пен романцемент ылғалды ортада пайдалануға болатын сылақ ерітінділерін, төменгі маркалы бетондар алу үшін пайдаланылады.

Портландцементті клинкер мен гипсті бірге ұнтақтау арқылы алады. Гипс қату мерзімін реттеу үшін қолданылады. Гипстің мөлшері күкірт ангидритіне (SO3) шаққанда 3-5%-дан аспау керек. Кей жағдайларда әртүрлі қоспалар да қосылады (мысалы, су сіңіруге қарсы қоспалар, 0,3%-тен көп емес). Клинкерді әктас тасы мен сазды 1450-1500°С-де қосып күйдіру арқылы алады. Алынған клинкердің құрамы негізінен кальций силикатынан тұрады.Клинкердің негізгі минералдары төмендегідей:

• ЗСаО • SiO2 3S) - алит (үшкальцийлі силикат) - 42-65%

• 2СаО • SіО22S) - белит (екікальцийлі силикат) - 12-35%

• ЗСаО • Аl2О3 3А) - үшкальцийлі алюминат - 4-14%

• 4СаО • Аl2О3 • Ғе2О34АҒ)- целит (төрткальцийлі алюмоферрит) - 10-18%

Портландцемент дайындау үшін алдымен көмірқышқыл газдары мен алюмосиликаттарынан тұратын араласпадан клинкер дайындалады (1450°С) сосын аздаған гипс қоспасы қосылып ұнтақталады. Клинкердің химиялық құрамы: СаО - 63-66%, SiО2 - 21-24%, Аl2О3, 4-8% и Fe2O3 - 2-4%. Аз мөлшерде MgO, SiO3, Na2O, К2О, ТіО2, Сг2О3 және Р2О5 кездеседі. кальциевый алюминат и алюмофер­рит кальция. Клинкердің минералдық құрамы: алит 3CaOSiO2 (C3S) 45-60%, белит 2CaO-SiO2 (C2S) - 20-30%, үшкальцийлі алюминат (С3А) - 4-12%, төрткальцийлі алюмоферрит (C4AF) -10-20%, клинкерлік шыны - 5-15%.

Портландцементтің негізгі қасиеттеріне ұнтақ майдалығының дәрежесі, су қажеттілігі, қату мерзімінің басталуы мен аяқталуы, көлемінің біркелкі өзгеруі, беріктілік (марка) жатады. Қажетті жағдайда тығыздығын, үйінді тығыздығын, жылу бөлгіштігін, әртүрлі ортада ұстамдылығын анықтайды. Ұнтақ майдалығының дөрежесі - цемент тасының қату процесі мен беріктілігін қамтамасыз ететін қасиетінің бірі. Цементтің ұнтақтық дәрежесі №008 елек көмегімен анықталады, сапалы цементті кем дегенде 85% сынамасы осы електен өтіп кетуі керек, яғни №008 елеуіште 15%-дан аспайтын қалдық қалғанша ұнтақтайды. Көбінесе ол 3000 см2/г құрайды.

Шынайы тығыздығы 3,05-3,15, ал орташа тығыздығы – 1,3 кг/см3. Су қажет етушілігі 22-28%. Қатаю мерзімі 45 минуттан 10 сағатқа дейін. Маркалары 400, 500, 550, 600.

Су қажеттілік цемент қамырын қалыпты қоюлықта дайындау үшін жұмсалатын судың көлемімен анықталады. Портландцемент үшін су қажеттілік 22-28% арасында болады.

Қату мерзімі - қалыпты қоюлықтағы цемент қамырын Вика аспабында сынау арқылы анықталады. Қату мерзімінің басы 45 минуттан ерте емес, аяғы 10 сағаттан кеш болмау керек.

Беріктілік (марка) - портландцементтің сапасын анықтайтын қасиеттерінің бірі. 28 тәулік суда тұрғаннан кейін цемент үлгілері сыналып төмендегі маркаларға бөлінеді: М400, 500, 550,600. Цемент үлгілерінің сығылуға беріктілігінің нағыз мәндері цемент белсенділігі деп аталады.

2. Бақылау сұрақтары

А) жазбаша бақылау үшін

1. Гидравликалық байланыстырғыш заттар. Гидравликалық байланыстырғыш заттардың түрлері.

2. Гидравликалық модульдің байланыстырғыш заттардың қасиеттеріне әсер етуі.

3. Гидравликалық әк пен романцементтің пайдаланылуы, олардың құрамы мен қасиеттері.

4. Клинкерлік минериалдардың портландцементтің құрамында түзілуі.

5. Негізгі клинкерлік минералдар.

6. Портландцементтің қасиеті және оларды реттеу әдістері.

 

Б) компьютерлік тестілеу үшін

1. Гидравликалық байланыстырғышқа жатады:

$$ гидравликалық әк, портландцемент

$ гидратты әк, күйдіргіш (каустикалық) доломит

$ сұйық шыны, ангидрит

$ эстрих-гипс, ангидриттік цемент

 

2. Гидравликалық әкті алу үшін құрамында қанша мөлшерде сазы бар әктасын біріккенше күйдіреді?

$$ 6-20 %

$ 6 %-тен төмен

$ 20 %-тен жоғары

$ 50 %-ке жуық

 

3. Минералдық қоспаларсыз цементтің тығыздығы, кг/м :

$$ 3,05-3,15

$ 3,0-5,0

$ 1,5-3,0

$ 0,5-3,15

 

4. Портландцемент алу үшін реттегіш қоспалар қосылған әк және саздың бірігіп күйдірілген қоспасы:

$$ клинкер

$ фритта

$ силикат-кесек

$ шихта

 

5. Портландцемент алынады:

$$ клинкерге ұнтақ гипс тасын қосып ұнтақтап майдалау арқылы

$ шихтаға ұнтақ гипс байланыстырғышын қосып ұнтақтап майдалау арқылы

$ араласпаға пластификатор қосып майдалау арқылы

$ компонеттерді нақты фракцияға дейін уату арқылы

 

6. Портландцемент клинкерін күйдіру температурасы:

$$ 1450 С

$ 3000 С

$ 250 С

$ 800 С

 







Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 2205. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия