Глоссарий. . 1. Ағаштың ақаулары және бұйымдардың қасиеттеріне әсері.
4. СӨЖ-ге тапсырма 1. Ағаштың ақаулары және бұйымдардың қасиеттеріне әсері. 2. Ағашты шіруден, жәндік шабуылынан, өрттен сақтау әдістері. 5. ОСӨЖ-ге тапсырма 1. Ағаштың механикалық қасиеті: статикалық қаттылығы туралы түсінік, екпінді қаттылық, серпімділік модулі және ағаштың механикалық қасиеттеріне әсері. 2. Биокомпозиция туралы түсінік 3. Зертханалық жұмысты қорғау 4. Бақылау сұрақтарына жауап беру
6. Әдебиеттер мен оқу-әдістемелік материалдар тізімі Негізгі әдебиет: 1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. – Тараз, 2007. – 1-2 бөлім 2. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 б. 3. Самойлов В.С. Строительство деревянного дома. ООО «Аделант», 2003.
Қосымша әдебиет: 1. Бисенов Қ.А., Нарманова Р.Ә., Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «Издат Маркет», 2007. – 224 б. 2. Хрулев В.М. и др. Модифицированная древесина и ее применение. – Кемерово, 1988. 3. Белов В.В,. Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных материалов. – М.: ИАСВ, 2004.
ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ Белсенді үлестірілетін материал
1. Сабақтың қысқаша мазмұны Пластмасса (пластикалық масса) – әр түрлі қасиеттері бар үлкен топ құрайтын материалдарга жатады. Құрылыста өңдеу, жылу- және гидроизоляциалау үшін және басқа арнайы мақсаттарда қолданылады. Бұл материалдардың құрамында міндетті түрде полимер болады, яғни қалыптау кезінде жабысқақ аққыш (пластикалық) жағдайында (пластмасса атауы осыдан), ал дайын бұйым кезінде - қатайған түрінде кездеседі. Құрылыста қолданылатын пластикалық массалар күрделі композициялардан тұрады. Осы күрделі композициялар полимерлі байланыстырғыштан, толтырғыштан, стабилизатордан, пластификатордан, қатайтқыштар мен басқа да компонентерден құралып түзіледі. Толтырғыш полимер шығынын азайтып, пластмассаның бағасын арзандатады. Сонымен қатар полимер байланыстырғыштың құрылымын және кейбір техникалық қасиеттерін жақсартады. Атап айтқанда: беріктілік, қаттылық, шөгу мен жылжымалыққа қарсы кедергісі. Пластификаторлар полимерлі композициялардың өңделуін жақсартып қана қоймай, оның сынғыштығын азайтып, деформациялық қабілеттілігін арттырады. Стабилизатор қоспалары платмассалардың қасиеттерін пайдалану процессінде ұзақ сақталуына себеп жасайды, ал қатайтқыштар полимердің қатаю процесін және үшөлшемді кеңістікте құрылымының құрылуын жеделтеді. Құрылыс практикасына пластмассаның тез енгізілуі оның қасиеттеріне байланысты: тығыздығы аз болсада беріктілігінің жоғарылығы, түрлі агрессивті есерге төзімділігі, жылу өткізгіштігінің төменділігі мен әсемділігі. Пластмассаның маңызды жағымды қасиетінің бірі технологиялық оңай өнделуі, яғни құю, пресстеу, экструзиялау арқылы әр түрлі пішін беру мен бұйымның жоғары зауыттық дайындылығы. Сондай-ақ алыну процессінің толық механизациялануы мен автоматизациялануы. Пластмассалар бір-бірімен және де басқа құрылыс материалдарымен (ағаш, темір және басқа) жақсы жабыстырылады. Пластмассаның кемшіліктері де бар. Олар көбісі жанғыш және жылуға төзімділігі төмен келеді (көбісінің температуралық жұмыс шегі – 100...150°С, ал кейбірі 60...80°С шамасында жұмсара бастайды). Күн сәулесінің ұзақ уақыт әсері, жоғары температураның ауаның оттегісімен үйлесімі пластмассаның "ескіруіне" әкеледі, яғни оны пайдалану қасиеті өзгереді (беріктілігі, түсі және басқа). Қазіргі кезде әр түрлі ортада қолданылуына қарай коп саны және полимер материалдарының жаңа түрлері шығарылып, белгілі пластмассалардың қасиеттері жақсарып тұрады. Полимердің молекулярлы массасы өте жоғары (бірнеше мыңнан миллионға дейін). Табиғатта полимерді байланыстырғыштар крахмалда, целлюлозада, белокта кездеседі, бірақ полимердің көбісі пластмассаны алу үшін синтетикалықтүрі кеңінен қолданылады. Синтетикалық полимерлер екі әдіспен алынады - полимерлеу және поликонденсациялау арқылы. Полимерлеу әдісі арқылы полиэтилен, поливинилхлорид пен полистирол, ал поликонденсациялау арқылы фенолформальдегидтті, эпоксидтті, полиэфирді полимерлер алынады. Берілген заттан синтездеу арқылы алынған полимерді мономер деп атаймыз. Поликонденсация арқылы алынған заттардың молекулярды массасын 1000-ға дейін жиі алынып әрі қарай әрекеттесу қабілеттілігін жоймайды. Мұндай сұйық жабысқақ заттар олигомерлер деп аталады (мысалы, қатайғанға дейін кейбір эпоксидтті жене полиэфирді смолалар жатады). Пластмассаның нақты тығыздығы 1000...2000 кг/м3-ге тең, яғни тас материалдарынан 1,5...2 есе кіші. Пластмассаның кеуектілігін кең түрде ендіру процессінде өзгертіп реттеуге болады. Атап айтсақ, кейбір полимерді қабықшалардың, линолеумнің, шыныпластиктердің кеуектері жоқ, ал пенопластің кеуектілігі 95...98%-ға дейін. Пластмассаның су сіңірімділігі өте аз және тығыз пластмассаларда 1%-дан аспайды. Пластмассаның көбісі суға төзімділігі мен тұздың, қышқылдың, сілтілердің сулы ерітінділеріне төзімділігі жоғары келеді. Пластмассалардың көпшілігінің жылуга төзімділігі төмен (100...200°С), бірақ кейбір пластмассалар (фторды пласт, кремний органикалық полимерлер) 300...500°С-қа дейін шыдайды. Пластмассалардың жылу өткізгіштігі төмен (0,23...0,7 Вт/(м°С)), ал газ толтырылған пластмассаның жылу өткізгіштігі ауаның жылу өткізгіштігіне тең. Басқа материалдарға қарағанда пластмассаның айрықша ерекшелігі (5-10 есе) жылудан үлғаю коэффициентінің жоғарылығы болып санала ды. Кейбір пластмассалардың беріктілігі едәуір және конструкциялық пластмассаларда, мысалы шыны пластиктерде 200...300 МПа-ға дейін барады. Жоғары беріктілігі мен тығыздығының аздығына байланысты пластмассалардың конструкциялық сапалық коэффициенті басқа құрылыс материалдарға қарағанда жоғары келеді. Бетон мен болат материалдарына қарағанда пластмассалардың серпімділік модулі 10 есе төмен, бірақ полимер материалдарының жылжымалығына қарамастан деформативтілігі жоғары келеді. Пластмассалардың көбісінің химиялық аггресивті заттарға қарсы төзімділігі (тұздар, сілтілер мен қышқылдар ерітінділері) жоғары. Бірақ пластмассалардың көбісі органикалық ерітінділерде оңай ериді және ісінеді.
2. Бақылау сұрақтары А) жазбаша бақылау үшін 1. Полимерлік материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктері. 2. Пластмассаларды өңдеудің негізгі тәсілдері және олардың негізінде алынатын материалдардың түрлері. 3. Едендік полимер материалдарының түрлері. 4. Өңдеулік полимерлік бұйымдардың түрлері. 5. Құрылыс материалдарын полимерлермен модификациялау: мақсаты және тәсілдері. 6. Полимерлік құрылыс материалдарын өндіру мен қолданудағы экологиялық мәселелер. 7. Пластмассалардың құрамы мен басты компоненттердің қолданылу мақсаты? 8. Неге пластмассаларды негізінен өңдеуші және жылу изоляциялық материалдар есебінде қолданады? 9. Пластмассалардың жоғары технологиялығы неде? 10. Пластмасса құрамында толықтырғыш қандай қызмет атқарады? 11. Пластмассалардың негізгі қасиеттері? 12. Пластмассалар негізінде қандай маңызды материалдар мен бұйымдар түрлері шығарылады? 13. Бетондарды модификациялау үшін қандай полимерлер түрлерін пайдаланады? Б) компьютерлік тестілеу үшін 1. Көп мәрте жұмсарып, қатаюға қабілетті полимерлер: $$ термопластикалы $ термореактивті $ карботізбекті $ кремнийорганикалық
2. Пластмасса бұйымдарының негізгі кемшілігі: $$ оңғыш, уытты $ кемшілігі жоқ $ морт сынғыш, түсін өзгерткіш $ беріктігі төмен, үйкелгіш
3. Едендік ПВХ жапқыштарын (линолеум) өндірудің негізгі әдістері: $$ біліктеу-каландрлау, жағу, экструзиялық $ штамптау, дірілдету $ созу, дірілдету, вакуумдау $ тартып созу, құю, сығу
4. Тұрғын ғимараттардағы көп қолданатын линолеум түрлері: $$ ПВХ-линолеум, глифталь түрлі $ полистиролды, фенолформальдегидты $ линолеум-релин, бутадиендік $ жағатын, каландрленген;
5. Пластмасса негізіндегі әрлеу бұйымдарының түрлері: $$ тақта, қабыршақ, ұзын, сырланған $ орама, тақта, қабыршақ $ қабыршақ, сыланған, гидроизоляциялық $ орама, ұзын, тақталы
6. Поливинилхлорид қабықшаның (пленка) құрылыста қолданылуы: $$ керілетін төбеде, әсемдік беттерде, жуылатын түсқағаздар жасағанда негіз ретінде пайдалану $ шыныпластик дайындауда, гидроизоляция, қаптайтын материал $ тігізссіз мастикалық еденде $ полимерлі желім алу, қаптайтын материал, линолеум
|