Глоссарий. . 1. Портландцемент түрлері мен құрамдық ерекшеліктері туралы түсінік: ерекше тез қатаятын
4. СӨЖ-ге тапсырма 1. Портландцемент түрлері мен құрамдық ерекшеліктері туралы түсінік: ерекше тез қатаятын, жоғары тез қатаятын, пластификациялық цемент, пуццоландық, шлак портландцементі, гипсоцементнопуццоландық байланыстырғыш, ақ және түрлі түсті цементтер. 2. Ұлғаятын және отырмайтын цементтердің құрамы мен тағайындалуы. 5. ОСӨЖ-ге тапсырма 1. Портландцементтік тастардағы коррозия түрлері және олардан қорғау. 2. Зертханалық жұмысты қорғау 3. Бақылау сұрақтарына жауап беру 6. Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиет: 1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. – Тараз, 2007.- 1-2 бөлім 2. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 бет. 3. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары; қасиеттері және өндірілуі. Оқу құралы. Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. –208 бет.
Қосымша әдебиет: 1. Волженский А.В. Минеральные вяжущие вещества. – М., 1986 2. Белов В.В,. Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных материалов. - М.: ИАСВ, 2004 3. Наназашвили И.Х. Строительные материалы, изделия и конструкции. – М.: В.Ш., 2005.
ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ Белсенді үлестірілетін материал
1. Сабақтың қысқаша мазмұны Қазіргі құрылыстарда бетон маңызды материалдардың бірі болып саналады. Бетонның кеңінен қолданылуы, оның бірнеше артықшылығына байланысты, оның қатарына төмендегілер жатады: шикізат көзінің молдығы, шикізаттың өндірісте оңай қолданылуы, бұйымдардың құрылыс-техникалмқ қасиеттерінің кең түрлігі, үлкен өлшемді индустриялды бұйымдар жасауға мүмкіншілігі, сәулет көркемділігі. МемСТ 25192-93 сәйкес бетонды келесі ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі: негізгі қолданылу орнына қарай, байланыстырғыш жене толықтырғыш түріне, құрылымына қарай. Қолданылу орнына байланысты бетондар конструкциялық және арнайы бетондарға бөлінеді. Конструкциялық бетондарды (ρт=2200...2500 кг/м3), майда дәнді (ρт>1800 кг/м3) жеңіл, ұялы және сондай кернеуленген бетондар) үйлер мен ғимараттардың қоршауыш және көтеруші конструкцияларында қолданылады. Арнайы бетондар ерекше жадайда пайдаланылатын конструкцияларда қолданылады. Оларға жылуизоляциялық, ыстыққа төзімді, химиялық төзімді, радиациялық қорғауыш және декоративтік бетондар жатады. Байланыстырғыштың түріне байланысты бетон келесі топтарға бөлінеді: цемент байланыстырғышынан жасалған бетондар, әк байланыстырғышынан жасалған бетондар, гипсті байланыстырғыштан жасалган бетондар, қожды (шлакты) байланыстырғыштардан жасалған бетондар, арнайы байланыстырғыштардан. Толтырғыштың түріне байланысты тығыз, кеуекті және арнайы толтырғыш негізінде бетондар болады. Құрылымының түрінебайланысты бетондардың келесі түрлері болады: тығыз құрылымды бетондар, кеуектелген бетондар, ірі кеуекті (құмсыз немесе құмсаз), ұялы бетондар. Бетондар негізі тығыздығына қарай бес түрге бөлінеді: 1) өте ауыр бетон, құрамында ауыр толықтырғыштар (темір үнтағы, темір рудасы немесе барий) тығыздығы > 2600кг/м3 үлкен; 2) ауыр (кәдімгі) құрамыңда тығыз толықтырғыш тығыз тас жыныстардан жасалған (кварцті құм, үсақжәне қиыршық тас тығыздығы 2100-2600 кг/м3); 3) жеңілдетілген, мысал кірпіш үсақтас немесе ірікеуекті (құмсыз) тығыздығы 1700-2000 кг/м3; 4) жеңіл бетон. Құрамында кеуекті толықтырғыштар (шлак, пемза туф. ж.сол сияқты) құрылымы тығыз немесе ірікеуекті тығыздығы 1200-1800 кг/м3 (көбінесе 1300-1500 кг/м3); 5) өте жеңіл бетон. Өте кеуекті, уақ тесікті (кеуек бетон, газдыбетон) немесе ірікеуекті жеңіл толықтырғыштардан: (тығыздығы 1200 кг/м3 кем, көбінесе 500-800 кг/м3) жасалады. Бетонның жылу өткізгіштігі үлкен шекте өзгереді. Ауыр бетон үшін ол 1,3...1,7 Вт/(м°С), ал жеңіл бетон үшін 0,2...0,7 Вт/(м-°С) тең. Аязға төзімділігіне байланысты ауыр бетон келесі маркаларға бөлінеді: Ғ50; Ғ75; Ғ100; Ғ150; Ғ200; Ғ300; Ғ400; Ғ500; Ғ600; Ғ800 және Ғ1000.
2. Бақылау сұрақтары А) жазбаша бақылау үшін 1. Бетон дегеніміз не? Бетон басқа құрылыс материалдарынан қандай артықшылықтары бар? 2. Толтырғыштардың түріне байланысты бетонның қандай түрлері бар? Толтырғыш түрінің бетонның құрылымы мен тығыздығына әсер етуі. 3. Бетон тығыздығына қарай қалай жіктеледі? 4. Құмның, қиыршық тастың гранулометриялық құрамын анықтаудың мақсаты неде? 5. Құмның ірілік модулі дегеніміз не және ол қалай анықталады? 6. Бетонға қосылатын су қандай талаптарға жауап беруі керек? 7. Бетонға қандай қоспалар және олар қандай мақсатта қосылады? 8. Ірілігіне байланысты қиыршық тас қандай фракцияларға бөлінеді? 9. Бетон араласпасының жайылымдылығы бойынша топтастырылуы. 10.Бетон араласпасының қасиеттері, оларды анықтау тәсілдері. 11.Бетонның қасиеттері. 12.Бетон араласпасының жылжымалығы қандай құралмен және ол қалай анықталады? 13.Бетон араласпасының қатаңдығы қандай құралмен және ол қалай анықталады? 14. Бетон беріктігінің негізгі заңы, оның физикалық мағынасы. 15.Ауыр бетонның құрамы қандай тізбекте есептелінеді? 16.Арнайы бетондар дегеніміз не? 17.Қандай бетондар түрін білесіз?
Б) компьютерлік тестілеу үшін 1. Байланыстырғыш түріне қарай бетон түрлері: $$ силикат бетон, гипсбетон $ перлитбетон, қожбетон $ жолдық, ыстыққа шыдамды бетон $ ауыр, жеңіл бетондар
2. Ауыр бетонның орташа тығыздығы, кг/м : $$ 2000–2500 $ >2500 $ 500–1200 $ 1200–1800
3. Белгілі заң бойынша бетон беріктігі байланысты: $$ цемент активтілігі, цемент-су қатынасы және толтырғыш сапасына $ цемент шығыны, су мөлшері, ірі толтырғышқа $ майда толтырғыш, су және цемент мөлшеріне $ ірі толтырғыш, су және цемент мөлшеріне
4. Бетон қатаюын тездету: $$ химиялық қоспа қосу, жылумен өндеу $ нығыздаумен, кептірумен $ пластификатор қосу, гидроизоляция $ гидрофобизатор қосу, жылуоқшаулағыш материалмен қорғау
5. Бетон класы дегеніміз: $$ бір қасиетінің 95% дәлдігін беретін сандық көрсеткіш $ максималды мәндер бойынша бетон беріктігін алу $ бетон тығыздығының 95% дәлдігін сипаттау $ бетон тиімділігін 100% дәлдікпен сипаттау
6. Бетон бұйымдарын арматуралау мақсаты: $$ сығым және иілім беріктігі жоғары материал алу $ бетон шөгуін төмендету $ сығым беріктігі жоғары материал алу $ ұзаққа төзімді материал алу
4. СӨЖ-ге тапсырма
1. Бетонның жобалық түрінің остік созылуы мен аязға төзімділігі және су өткізгіштігі туралы түсінік. 2. Бетонның ерекше түрлері: жоғары беріктілі, гидротехникалық, жолдық, ыстыққа төзімді, қышқылға төзімді, радиоактивті әсерден қорғайтын бетондар. Құрамының ерекшелігі, қасиеті.
5. ОСӨЖ-ге тапсырма 1. Бетонның маркалары мен класстары. 2. Зертханалық жұмысты қорғау 3. Бақылау сұрақтарына жауап беру
6. Әдебиеттер мен оқу-әдістемелік материалдар тізімі Негізгі әдебиет: 1. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 бет. 2. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары; қасиеттері және өндірілуі. Оқу құралы. Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 208 бет. 3. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. - Тараз, 2007. – 1-2 бөлім.
Қосымша әдебиет: 1. Бисенов Қ.А., Нарманова Р.Ә., Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. – Алматы: «Издат Маркет», 2007. – 224 б. 3. Баженов Ю.М. Технология бетона. М., ИАСВ, 2002. 3. Микульский В.Г. и др. Строительные материалы (материаловедение и технология), уч. пос.-М.: ИАСВ, 2004 4. Белов В.В,. Петропавловская В.Г., Шлапаков Ю.А. Лабораторные определения свойств строительных материалов. - М.: ИАСВ, 2004.
ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ Белсенді үлестірілетін материал
1. Сабақтың қысқаша мазмұны
Жеңіл бетонға орташа тығыздығы 2000 кг/м3 аспайтын бетондар жатқызылады. Бетонның орташа тығыздығы толтырғыштың тығыздығы мен оның көлемінің басым көпшілігін алып жатқан толтырғыштың шығынына тәуелді. Түзілетін құрылымның түріне байланысты жеңіл бетон жеңіл толтырғыштар негізіндегі, ірі кеуекті бетон және кеуектелген болып бөлінеді. Жасанды кеуекті толтырғыштарды алу үшін өндірістік қалдықтарды кеңінен қолданады. Арнайы кеуекті толтырғыштарға керамзит, аглопорит, балқытылған перлит, вермикулит, қож пемзасы, күлді тас және басқалар жатады. Ірі кеуекті толтырғыштардың аязға төзімділігі Ғ15 маркасынан төмен болмауы керек. Олар ербір фракция 5.. 10, 10...20 және 20...40 м бойынша әкелінеді. Кеуектелген жеңіл бетонды цемент тасында майда кеуектер түзу арқылы алады. Ол үшін көбік және газтүзуші заттарды қолданады. Қосымша кеуектер көлемінің пайда болуына байланысты бетонның орташа тығыздығы мен жылу өткізгіштігі төмендейді. Мұндай бетонның тығыздығы бойынша маркасы D800...D1400, сығылу кезіндегі беріктілігі бойынша класы В2,5...В7,5 болуы керек. Ірікеуекті бетонды цемент, ірі толтырғыштар мен судан тұратын бетон араласпасының қатаюы нәтижесінде алады. Бетонның құрамынан құмды алып тастау және цементті үнемді жұмсау арқылы ірікеуекті бетонның тығыздығы кірпіштің тығыздығы 1700...1900 кг/м3 сөйкес алынады. Ірі кеуекті бетонның жылу өткізгіштігі 0,64...0,95 Вт/(м°С) құраса, ал сығылу кезіндегі беріктілігі бойынша бетон класы В7,5 жоғары емес. Ұялы бетонды байланыстырғыш заттар, кремнеземді қоспалар мен судан тұратын қоспаны алдын-ала көтеріп, қатаюы нәтижесінде алынады. Қоспаның көтерілуін құрамға аздаған мөлшерде кеуектүзгіш қоспа қосу арқылы қамтамасыз етеді. Қолданылуына қарай ұялы бетондар жылуизоляциялық, орташа тығыздығы 500 кг/м3, конструкциялық-жылуизоляциялық орташа тығыздығы 500...900 кг/ м3 және конструкциялық 1000...1200 кг/м3 болып бөлінеді. Ұялы құрылымның түзілуіне қарай газды- және көбікті бетондар белгілі. Кеңтараған көбік түзуші қоспалар: «ГК» - ет комбинатындағы мал қанынан және темір сульфатынан дайындалады. Газ түзуші қоспа ретінде: алюминий пудрасы ПАК-3 және ПАК-4 қолданылады. Кеуекті бетоннан дайындалған блоктар тұрғын үйлердің, азаматтық, өнеркәсіптік, қоғамдық және ауыл шаруашылық ғимараттарының ішкі және сыртқы қабырғаларын, бөлме аралық қабырғаларын тұрғызуға қолданылады. Бөлме ішінің ауа ылғалдылығы 75 пайыздан жоғары болмауы керек. Құрылыс ерітіндісінің құрамы жағынан бетоннан айырмашылығы толтырғыштың майда болуы, яғни майда дәнді бетон сияқты. Сондықтан бетонға қойылатын заңдылықтар ерітіндіге де қойылады. Қажетті жағдайларда оның құрамына әр-түрлі минералды, химиялық т.б. қоспалар қосылуы мүмкін. Байланыстырғыш зат есебінде цемент, өк және гипс пайдаланылады. Ерітінділер байланыстырғыштың бір түрінен дайындалса - жай (цементті, әкті, гипсті), ал бірнеше байланыстырғыштың қосындысынан дайындалса - күрделі деп екіге бөлінеді (цемент-әкті, цемент-сазды, өк-гипсті т.б.). Қолданылу орнына қарай ерітінділер қалау жұмысына сондай-ақ сылау және арнайы жұмыстарға арналған. Қалау үшін қолданылатын ерітінді іргетас, қабырға, бағана өргенде және іріблокты немесе іріпанельді элементтерді монтаждау жұмыстарында пайдаланылады. Өңдеу үшін қолданылатын ерітінді сылақ жұмыстарында, конструкциялардың беттерін тегістеу үшін, декоративтік жұмыстарда пайдаланылады. Арнаулы ерітінділер - инъекциялы ыстыққа төзімді, қышқылға төзімді, рентген сәулесінен қорғауыш пен акустикалық түрлері конструкцияларға арнайы талаптар қойылған жағдайда қолданылады. Толтырғыштың түріне байланысты ауыр және жеңіл ерітінділерге бөлінеді. Ерітінділердің ерекше айырмашылықтары олардың құрғақ кезіндегі орташа тығыздығына (1500 кг/м3) байланысты және құрамындағы толтырғыштың түріне қарай ажыратады. Байланыстырғыштар түріне қарай цементтік, әк және аралас ерітінділер болып жіктеледі. Құрылыс ерітінділері автоматты жұмыс істейтін орталықтандырылған зауыттарда пайдаланылып, одан тиісті объектілерге жөнелтіледі. Егер объект зауыттан қашық жерде болса, онда құрғақ ерітінді қоспаларын жұмыс орнында су араластырып дайындайды. Құрғақ қоспаның ылғалдылығы массасы бойынша 1 %-тен аспауы керек.
2. Бақылау сұрақтары А) жазбаша бақылау үшін 1. Жеңіл бетондарды топтастыру. 2. Жеңіл бетондардың ауыр бетондармен салыстырғандағы тиімділігі. 3. Газды бетондар мен көбікбетондардың құрамы және өндіру технологиясының принциптері. 4. Құрылыс ерітіндісі дегеніміз не? 5. Құрылыс ерітінділерін түрлері. 6. Құрылыс ерітінділерінің су ұстау қабылеті мен иілімділігін реттеу тәсілдері мен мақсаты. 7. Құрғақ құрылыстық араласпалардың құрамы және оларды дәстүрлі ерітінділермен салыстырғандағы артықшылықтары. 8. Құрылыс ерітіндісінің негізгі қасиеттерін керсетіңіз? 9. Құрылыс ерітіндісінің ұсынылмалы жылжымалылығы? 10. Құрылыс ерітіндісінің жылжымалығы қандай құралмен анықталады? 11. Қандай ерітінділер түрлері практикада қолданылады? 12. Күрделі ерітінді дегеніміз не?
Б) компьютерлік тестілеу үшін 1. Жеңіл бетон үшін толтырғыш ретінде тау жыныстарының тобы: $$ пемза, туф, вермикулит, перлит $ гранит, құмтас, диорит, габбро, базальт $ гранит, диатомит, кварцит, перлит $ гранит, трепел, магнезит, керамзит
2. Жеңіл бетон түрлерінің құрылымы және алу әдісі бойынша: $$ кеуекті толтырғыштар негізінде, ұялы, ірі кеуекті $ кеуектелген және кеуектелмеген $ майда және ірі толтырғыш негізінде $ бетон және газбетон
3. Көбікбетон алудың технологиялық жолдары: $$ техникалық көбік алу, цемент ерітіндісін дайындау, оларды араластыру, қалыптау $ цемент ерітіндісін дайындау, көбіктендіргіш қосу, қалыптау $ цемент, су, толықтырғыш және көбіктендіргіш араласпасы $ цемент ерітінділерін көбіктендіргішпен бірге вакуумдау
4. Газбетон және газсиликат алғанда байланыстырғыш қоймалжыңы күбінеді: $$ газдандырғыш және байланыстырғыш арасында химиялық реакция жүру арқылы шығатын газдың арқасында $ арнайы байланыстырғыштан газдың бөліну арқылы $ газдандырғыш пен судың химиялық реакцияға түсуінің арқасында $ газдандырғыш пен иолтырғыштың химиялық реакцияға түсуі арқылы 5. Ұялы бетондардың ең төменгі тығыздығы, кг/ м : $$ 200..300 $ 50…100 $ 600…1000 $ 0,1…0,5
6. Қолдануы бойынша ерітінділердің түрлері: $$ қалаулық (кладочный), әрлейтін, арнайы $ арнайы және конструкциялық $ қалаулық (кладочный) және жапсарды толтыру үшін $ отқа төзімділі
|