Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Глоссарий. . 1. Асфальттық бетондар мен ерітінділер: олардың құрамы, ерекше қасиеттері





Термин Пояснение
Природный битум Көмірсутегілер мен олардың туындаларынан (күкірт, азот, оттегі, т.б.) араласпасынан тұратын тұратын тұтқыр сұйық немесе қатты тәріздес зат
Табиғи битум
Bitumen, asphalt
Искусственный битум Мұнай шикізатын өңдеу жолымен алынатын мұнайлы битумдар, технологиясы бойынша қалдықты, қышқылданған, крекингтік болып бөлінеді
Жасанды битум
Artificial bitumen
Гудрон Мұнайлы битумдар алу үшін шикізат, мазуттан майлы фракцияларын айырудан қалған қалдық
Goudron., asphaltum oil
Деготь Қатты отынды (тас және қоңыр көмір, жанғыш сланец, торф, ағаш) ауа кіргізбей қыздыру арқылы пайда болған қара-қоңыр түсті қою тұтқыр масса
Tar, pitch
Қара май
Асфальтовое вяжущее Мұнайлы битумдардың минералдық майда ұсақталған ұнтақтармен араласпасы (әктасы, доломит, бор, асбеста, қож)
Асфальт байланыстырғыш
Asphalt
Гидроизоляция Құрылыс материалдарына суөткізбегіштік, коррозияға қарсы, химиялық төзімділік, т.б. қасиеттер беру
Судан сақтау
Hydraulic seal, waterproofing
Герметизация Құрамалы конструкциялардағы элементтер (панелями и блоками наружных стен) арасындағы тігістерді, терезе-есіктердегі жіктерді бітеу
Санылаусыз бекіту
Canning, hermetically seated

4. СӨЖ-ге тапсырма

1. Асфальттық бетондар мен ерітінділер: олардың құрамы, ерекше қасиеттері, қолданылуы.

2. Полимерлермен модификацияланған битум туралы түсінік.

 

5. ОСӨЖ-ге тапсырма

1. Шатырлық, гидроизоляциялық және герметикалық материалдар: номенклатурасы тұтас және әртүрлі қажеттіліктер, және осы материалдарға қойылатын талаптар.

2. Зертханалық жұмысты қорғау

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру

 

6. Әдебиеттер мен оқу-әдістемелік материалдар тізімі

Негізгі әдебиет:

1. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. Тараз, 2007. 1-2 бөлім

2. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007. – 259 бет.

3. Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары; қасиеттері және өндірілуі. Оқу құралы. Қызылорда, «Тұмар», 2007

ж. – 208 б.

Қосымша әдебиет:

1. Бисенов Қ.А., Нарманова Р.Ә., Үдербаев С.С. Құрылыс материалдары мен бұйымдары: Оқу құралы. –

Алматы: «Издат Маркет», 2007. – 224 бет

2. Микульский В.Г. Строительные материалы (материаловедение и технология). Уч. пос. М.: ИАСВ, 2004.

 

ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Белсенді үлестірілетін материал

 

Құрылыс материалдары -1 Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультеті
3 кредит 2 - семестр, 2013-2014 оқу жылы
ЛЕКЦИЯ № 14. Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар Ассоциацияланған профессор, т.ғ.к. Ибраимбаева Гульназ Баккыдыровна

1. Сабақтың қысқаша мазмұны

 

Ғимараттардың қоршау конструкцияларында, өндіріс және энергетикалық жабдықтау орындарында және жылу жүретін құбырларда жылу сақтау үшін қолданылатын құрылыс материалдарын жылу изоляциялық материалдар деп атайды. Мұндай материалдардың жылу өткізгіштігі төмен болып келеді (0,18 Вт/м°С шамасында) және оның аз мөлшердегі тығыздығы (600 кг/м3-тен артық емес).

Жылу изоляциялық материалдардың жіктелуі келесі формасына байланысты жүргізіледі: құрылымы, формасы, негізгі шикізаттардың түріне, тығыздығы, қаттылығы, жылу өткізгіштігі және жануы.

Жылу изоляциялық материалдардың негізгі сипаттамасы оның жылу өткізгіштігі болып табылады, оның шамасына қарай үш түрлі класқа бөлінеді: аз жылу өткізгіштігі А класы (0,058 Вт/м°С ден аз), орташа жылу өткізгіш Б класы (0,058...0,116 Вт/м°С), жоғары жылу өткізгіш В класы (0,18 Вт/м°С).

Барлық жылу изоляциялық материалдар өздерінің тығыздықтары бойынша (кг/м3) ерекше жеңіл (ЕЖ), маркалары: 15, 25, 35, 50,75, 100; жеңіл (Ж) маркалары: 125, 150, 175, 200, 250, 300; және ауыр (А) 400, 450, 500, 600 болып табылады.

Берілген шикізаттың түріне қарай жылу изоляциялық материалдар бейорганикалық (минералды және шыны аралас мақта, кеуекті бетон). Бұлар асбест, керамикалық және басқа материалдар негізінде болып келеді. Органикалық материалдарға (ағаш талшықты және ағаш ұнтақтарынан жасалған плиталар, пластмассадан жасалған материалдар т.б.) жатады. Аралас материалдар бейорганикалық шикізаттардан тұрады (арболит, фибролит, т.б.).

Жылу изоляциялық материалдар пішіні және сыртқы түріне байланысты даналық (плиталар, блоктар, кірпіш, цилиндрлер, жартылай цилиндрлер, сегменттер), орамалы (беттер, тіліктер (полосы), маталар), баулы (баулы жгуттар), сусымалы және бос (минералды мақта, шыны, перлит пен вермикулит) болып дайындалады.

Қаттылығына қарай (салыстырмалы қысу деформациясына байланысты) меншікті күші 2 КПа жылу изоляциялық материалдар келесі топқа бөлінеді: жұмсақ Ж (сығылымдылығы (сжимаемость) 30%-тен астам), жартылай қатты ЖҚ- 6-30%, қатты Қ 6%, қаттылығы жоғары ҚЖ-10%-ке дейін (меншікті күші 4 кПа) және өте қатты 10%-ке дейін (меншікті күші 10 КПа).

Жылу изоляциялық материалдардың беріктілігі, олардың кеуекті құрылымы байланысты онша үлкен емес. Сығылу кезіндегі беріктік шегі 0,2-ден 2,5 МПа-ға дейін. Егер беріктігі 5 МПа-дан үлкен болса, онда жылу изоляциялық конструктивті деп аталады және оларды салмақ көтеретін қоршау конструкцияларында пайдаланады.

Материалдың елеулі қасиеттерінің бірі жылусыйымдылық. Бейорганикалық материалдың жылусыйымдылығы 0,67-ден 1 кДж/(кг°С)-қа дейін барады. Материалдың ылғалдылығы үлкейсе, онда оның жылу-сыйымдылығы бірден жоғарылайды, өйткені 40°С-шамасында судың жылусыйымдылығы өте жоғары - 4,2 кДж/(кг°С) болады.

Қолдану орнына қарай акустикалық материалдар дыбыс изоляциялаушы және дыбыссіңіргіш болып екіге бөлінеды. Дыбыссіңіргіш материалдарда әсер ететін дыбыс толқындарының (ауалық шу) энергиясын сіңіру қасиеті басым, ал дыбыс изоляциялайтын материал негізінен шуылдың күш-қуатын азайту үшін қолданылады. Қоршаудағы материалдың дыбыс изоляциялаушы қабілеті қоршаудың екі жағындағы дыбыс айырмашылығының деңгейімен бағаланады және децибелмен өлшенеді. Шудың деңгейлік шегі (максимальды қажеттілігі), бөлменің қолданылу және дыбыстың жиілік сипаттамасына байланысты белгіленеді.

Жылу изоляциялық материалдарға қарағанда, ауалық кеуектері бір-бірімен байланысқаны, дыбыссіңіргіш материалдардың тиімділігін жақсартады. Дыбыссіңіргіш материалдар түскен дыбыс толқындарын азайтады және ауалық шуылғақарсы жұмыс жасайды. Сонымен қатар акустикалық материалдар үй ішінде әсемдік ролін атқарады.

Дыбыссіңіргіш материалдарды біркелкі бір-, екі және көп қабатты кеуекті материалдың қатаң перфорацияланған жабындысымен және де әр-түрлі өлшемді бір немесе көп қабатты дара бұйымдар түрінде жасалады.

Дыбыс изоляциялық материалдар негізі қолданылатын жері дыбыс күшінің күш-қуатын азайту, ал кейбірі ауалық шудан айыруға мүмкіндік жасайды. бұл материалдар қабат плита мен маталар, тіліктер (полосы) мен дара тәсем түрінде пайдаланылады.

2. Бақылау сұрақтары

А) жазбаша бақылау үшін

1. Жылузоляциялық материалдардың түрлері, құрылыстағы маңызы.

2. Жылузоляциялық материалдардың құрылымы мен қасиеттері.

4. Бейорганикалық жылуизоляциялық материалдардың түрлері, дайындау принциптері, тиімділігі.

5. Органикалық жылуизоляциялық материалдардың түрлері, дайындау принциптері, тиімділігі.

6. Акустикалық материалдардың түрлері, құрылымы мен қасиеттері.

7. Дыбыс изоляциялық материалдардың түрлері, қасиеттері мен қолдану ерекшеліктері.

8. Дыбыс сіңіргіш материалдардың түрлері.

 

Б) компьютерлік тестілеу үшін

1. Жылуизоляциялық материалдар қасиеті:

$$ жоғары кеуектілік, төменгі жылуөткізгіштік коэффициенті

$ жоғары тығыздық, төменгі кеуектілік

$ жоғары беріктік, төменгі жылуға төзімділігі

$ жоғары термотөзімділік, тозу

 

2. Бейорганикалық жылуизоляциялық материалдарға жатады:

$$ газобетон, минералды мақта, көбікті шыны

$ фибролит, арболит

$ диатомит, көбікпласт

$ кеуекпласт, соломит

 

3. Ұялы бетон алуда газдандырғыш ретінде қолданылады:

$$ алюминий ұнтағы, сутек асқын тотығы

$ көмір, мылонафт

$ әк, желіммақталы эмульсия

$ гидролизделген қан, полимер ұнтағы

 

4. Дыбыс жұтқыш материалдардың тығыздығы, кг/м :

$$ 400

$ <1000

$ <1500

$ <10

 

5. Көбік шыныны алу жолдары:

$$ газдандырғышпен араласқан ұнтақталған шыныны термиялық өндеу

$ техникалық көбік пен шыны ерітіндісінің араласпасы

$ піскен шыны грануласы

$ түссізденуге дейін шыны шихтаны өндеу

 

6. Сұйық көбікпласт – ол:

$$ оқшауланатын бетке жабылатын, онда кеуектеніп, қатаятын сұйық тұтқыр олигомерлі шайырлар

$ қалыпқа құйып жылумен өндеу арқылы алынатын жабындық материал

$ көбіктенетін араласпа, полимерлі гранула және қышқылдан алады

$ сұйық көбіктенген битум-полимерлі эмульсия

 







Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1575. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия