Мемлекеттің инвестициялық саясаты, оның міндеттері мен дамыту тенденциялары
Кейбір мәселелерді нрықтық механизм шеше алмаған жағдайда, экономикаға мемлекет араласады. Мемлееттік экономикалық қызметінің мәні нарықты толтырып отыру, және де нарықтың күші жетпеген мәселелерді шешу болып табылады. Мемлекет нарықтық механизмнен тыс экономикаға кемінде мынадай үш проблема болған жағдада араласады: 1) қоршаған орта, әлемуметтік салдар, өзгелердің жоғалтуларын қамтамасыз ететін біреулердің табысы және т.с.с. 2) нарық ақшамен өлшеуге болмайтын және сұранысқа айналдыра алмайтын тауарлар менқызмет көрсетулерді өндіруге қабілетті емес; 3) бұл қоғамдық тауарлар салықтар проблемасын немесе олардың шығындары мен пайдаларын тең бөлуді туындатады. Бұл проблемаларға табыстарды қайта бөлуді, жұмысбастылық мәселесін, ғылыми-техникалық прогресс мәселесін, аймақтық проблемаларды, инфляция мен монополизмді жатқызған жөн. Тауарлар мен қызмет көрсетулер әрдайым табыс пен пайда әкелмейді, бұл жағдайда нарықтық механизмнің күші жетпейді. Осы жағдайда мемлекет араласады. Мемлекеттік саясаттың ұсынылғңан шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуде есепке алу қажет өзіндік шектеулері бар. Оларға келесілер жатады: - ресурстық әлеует; - қаржылық-бюджеттік әлеует; - еңбек дағдылары және тарихи қалыптасқан шаруашылық нысандар; - жасау және жүзеге асыру үшін тартылатын зияткерлік-ғылыми әлеует; - уақыт өлшемдері (ұсынылған шараларды жүзеге асырудың келісілген мерзімдері). Мемлекеттің нарыққа келесі саясаттар арқылы әсер етуге мүмкіндігі бар: шығындар мен салық салу, табыстарды реттеу, ақша жүйесі, әлеуметтік сала, сыртқы экономикалық реттеу, субсидиялар, өндіріс саласындағы тұрғындардың жекелеген топтарына ұсынылатын артықшылықтар, өнімдерді өткізу, белгілі бір әлеуметтік құндылықтарды пайдалану; нарықты, қаржылық-несиелік және инвестициялық жүйені әкімшілік-құқықтық реттеу және т.с.с. Инвестициялық саясат – бұл қоғамдық өндіріс дамуының жаңа қарқындарына жету, экономиканың теңгерімділігі мен тиімділігі, шығындардың әрбір теңгесіне өнімдер мен ұлттық табыстың ең үлкен өсімін алу тәуелді болатын, күрделі салымдардың негізгі бағыттарын, олардың шешуші бөліктерде шоғырландыруы бойынша шараларды анықтайтын шаруашылық шешімдердің жиынтығы. Инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін басымдылықтарды таңдау келесілердің қажеттілігінен туындауы қажет: 1) өмірді қамтамасыз ету жүйесін және әлеуметтік саланы қалыптастыратын салаларды мемлекеттік қолдау; 2) басқа салаларға инвестьициялау үшін валюталық қаражаттар түсімін қаматамасыз ететін салалардың экспорттың әлеуетін дамыту; 3) ішкі және сыртқы нарықтар да жоғары сұранысқа ие болатын бәсекеге қабілетті өнім өндіретін өндірістер мен салаларға салымдар жасау. Мемлекеттік күрделі салымдарын жеке инвесторлар үшін мүдделілік танытпайтын (бір мезгілді және күрделі шығындардың үлкен көлемі, күтілетін нәтижелердің белгісіздігі, жоғары емес табыстылық) өмірлік маңызды өндірістерге бағыттаған жөн. Өндірістік қызметтің мұндай салаларына мыналарды жатқысуға болады: өндірістің ғылыми сыйымды салалары, машинажасау, ең алдымен станкотар жасау, авия құрылыс, кеме құрылысы және т.с.с. Шетел инвестицияларын мемлекет ішілік және халықаралық-құқықтық реттеу Қазақстан Республикасы үшін өте маңызды. Тәуелсіз даму кезеңінің ішінде еліміздің түрлі мемлекеттік органдарымен инвестициялардың түрлі аспектілерін реттейтін 70-тен аса нормативтік актілер қабылданды. Бүгінгі күні Қазақстан инвестициялық саланы реттеу принциптері 2003 жылдың 8 қаңтарында қабылданған № 373 «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен және осы заңға сәйкес жасалған 2003-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясымен анықталады. 2003-2015жж. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жасау кезінде жүргізілген экономика жағдайын талдауға сәйкес Қазақстанның қазіргі экономикасында келесі проблемалар бар: 1) экономиканың шикізаттық бағыттылығы; 2) әлемдік экономикаға әлсіз интеграциялануы; 3) ел ішіндегі әлсіз салааралық және аймақаралық экономикалық интеграциясы; 4) өңдеуші өнеркәсіптің төмен өндіргіштігі; ішкі нарықтағы тауарлар мен қызмет көрсетулерге мәнсіз тұтнушылық сұраныс; 5) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы; мұнайгаз және тау-металлургиялық кешендерге кірмейтін экономика салаларындағы негізгі қорлардың өсіп келе жатқан тозуы; 6) кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық ескіруі; ғылым мен өндірістің тиімді байланысының болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға аз шығындар; 7) отандық ғылымның нарықтық экономика шарттарына әлсіз бейімделуі, ғылыми-технологиялық өнімді тауар деңгейіне дейін жеткізудің әрекетті механизмінің болмауы; 8) мамандар мен жұмыс кадрларын даярлау және қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесінің жоқтығы; 9) экономиканың өңдеуші секторына инвестициялар жасауға отандық қаржылық институттар үшін ынталандырулардың болмауы; 10) өңдеуші өнеркәсіпке шетел инвесторларының төмен экономикалық мүдделілігі; 11) менеджмент міндеттерінің жаһандану процесіне және сервистік-технологиялық экономикаға өтуге экономиканың бейімделуіне сәйкес келмеуі. Әлеуетті бәсекеге қабілетті, соның ішінде шикізаттық емес бағыттағы экономика салаларында жұмыс жасайтын экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту және құру индустриалды-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлу қажет. 2007 және 2009 жылдар аралығындағы Стратегияда келесі міндеттер қарастырылған: 1) Әртараптандыру процесін ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету; 2) Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы инвестициялық белсенділікті ынталандыру; 3) Үлкен мультипликативті әсері бар жаңа технологиялық және жүйе қалыптастырушы өндірістерді дамыту; 4) Әрекеттегі өңдеуші өндірісті модернизациялауды ынталандыру; 5) Өңдеуші өнеркәсіптің ғылыми сыйымдылығын арттыру және бизнестің инновациялық-кәсіпкерлік белсенділігін ынталандыру үшін ынталандырулар жасау; 6) Нақты экспорттық орындарды анықтау және жаулау жолымен сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетулер экспансиясы үшін жағдай жасау; 7) Индустриалды-инновациялық инфрақұрылымды дамыту; 8) Экономиканы білікті еңбек кадрларымен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасына сәйкес бүгінгі күні Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының мақсаты тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірістерді басымды тәртіпте дамытуға бағытталған ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне жету болып табылады. Инвестициялық саясат Стратегиясы келесі міндеттерді шешуді талап етеді: 1) Ішкі жинақтар әлеуетін жүзеге асыруға баса назар аудара отырып, экономиканың нақты секторын дамытуға инвестициялық ресурстарды тарту және бағыттау процесіндегі мемлекеттің ролін күшейту; 2) Инвесторлардан қарыз алушыларға қаржылық ағындардың ұйымдастырылған ауысуын қамтамасыз ететін экономиканың маңызды бөлігі ретінде қор нарығының қалыптасуы үшін жағдау жасау; 3) Нақты экономика саласындағы банктердің несиелік қызметін белсендендіру; 4) Қазақстанның ұлттық мүдделерін сақтай отырып шетел инвестицияларының ағынын ынталандыру және экономиканың басымды салаларына шетелдік және отандық инвесторларды тарту үшін жағымды жағдайлар жасау.
|