Студопедия — Инвестициялар сыныптамасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Инвестициялар сыныптамасы






Кәсіпорын инвестициялары келесі негізгі сипаттамалары бойынша жіктеледі (3-сурет):

 


Сурет 3. Кәсіпорын инвестицияларының сыныптамасы

Жоғарыда берілген сурет негізінде әрқайсысына жеке тоқталамыз.

Капитал салымының объектілері бойынша кәсіпорынның нақты және қаржылық инвестициялары болып бөлінеді.

Нақты (капитал құрушы) инвестициялар негізгі құралдардың қайта өндірісіне, инновациялық материалдық емес активтерге (инновациялық инвестициялар), тауарлы-материалдық құндылықтар запастарының өсіміне және кәсіпорынның операционды қызметін жүзеге асырумен немесе еңбек және персонал тұрмысын жақсартумен байланысты инвестициялаудың өзге де объектілеріне капитал салымын сипаттайды.

Қаржылық инвестициялар инвестициялаудың; түрлі қаржылық құралдарына, негізінен табыс алу мақсатында бағалы қағаздарға капитал салымын сипаттайды.

Инвестициялық процескеқатысу сипаты бойынша тікелей және тікелей емес болып бөлінеді.

Тікелей инвестициялар инвестордың инвестициялау объектісі мен капитал салымын таңдауға тікелей қатысуын білдіреді. Әдетте тікелей инвестициялар капитал салымын өзге кәсіпорындардың жарғылық капиталына тікелей салу жолымен жүзеге асырылады.

Тікелей емес инвестициялар өзге тұлғалар (қаржылық делдалдар) арқылы инвестордың капитал салымын жүргізуімен сипатталады.

Қайта өндіру бағыттылығы бойынша жиынтық, реноваиялық және таза инвестициялар болып бөлінеді.

Жиынтық инвестициялар белгілі бір кезеңдегі негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді қайта өндіруге инвестицияланған капиталдың жалпы көлемін сипаттайды.

Реновациялық инвестициялар негізгі құралдар мен амортизацияланатын материалдық емес активтердің қарапайым қайта өндірісіне инвестицияланатын капитал көлемін сипаттайды. Сандық тұрғыда реновациялық инвестициялар әдетте белгілі бір кезеңдегі амортизациялық шегерімде сомасына теңестіріледі.

Таза инвестициялар негізгі құралдар мен материалдық емес активтер қайта өндірісін кеңейтуге инвестицияланатын капитал көлемін сипаттайды. Сандық тұрғыда таза инвестициялар кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі амортизацияланатын капиталдық активтерінің барлық түрлері бойынша жиынтық инвестициялар сомасынан амортизациялық шегерімдерді алып тастағаннан кейінгі көлемін білдіреді.

Табысқа тәуелділік дәрежесі бойынша туынды және автономды инвестициялар болып бөлінеді.

Туынды инвестициялар таза табыс көлемінің динамикасымен оны тұтыну және жинақтау механизмі арқылы тікелей корреляцияланады.

Автономды инвестициялар таза табыстың қалыптасуы және бөлінуіне байланысты емес факторлар әрекетінің әсерінен туындаған капитал салымын сипаттайды. Мәселен, технологиялық прогресс, табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі және т.б.

Инвестор-кәсіпорынған қатысы бойынша ішкі және сыртқы инвестициялар болып бөлінеді.

Ішкі инвестициялар инвестор-кәсіпорынның өзінің операционды активтерін дамытуға капитал салымын сипаттайды.

Сыртқы инвестициялар өзге кәсіпорындардың нақты активтеріне капитал салымын енемесе өзге шаруашылық субъектілерімен эмиссияланатын инвестициялаудың қаржылық құралдарына капитал салымын блдіреді.

Жүзеге асыру кезеңі бойынша кәсіпорынның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялары болып бөлінеді.

Қысқа мерзімді инвестициялар бір жылға дейінгі кезеңдегі капитал салымын сипаттайды. Кәсіпорынның қысқа мерзімді инвестицияларының негізі болып қысқа мерзімді қаржылық салымдар табылады.

Ұзақ мерзімді инвестициялар бір жылдан жоғары кезеңге жасалатын қаржы салымдарын білдіреді. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді инвестицияларының негізгі нысаны негізгі құралдар қайта өндірісіне күрделі салымдары болып табылады.

Жүзеге асырылу сәйкестігі бойынша тәуелсіз және өзара тәуелді болып бөлінеді.

Тәуелсіз инвестициялар кәсіпорынның жалпы инвестициялық бағдарламасында (инвестициялық қоржын) автономды түрде (инвестициялаудың өзге объектілеріне тәуелсіз) жүзеге асырылуы мүмкін инвестициялау объектілеріне (инвестициялық жобалар, қаржылық құралдар) капитал салымын сипаттайды.

Өзара тәуелді инвестициялар реттілігі немесе кейінгі қолданысқа берілуі инвестициялаудың өзге объектілеріне тәуелді және тек олармен кешенді түрде жүзеге асырылуы мүмкін инвестициялау объектілерңн капитал салымын білдіреді.

Табыстылық деңгейі бойынша инвестициялардың келесі түрлері бар:

1. Жоғары табысты инвестициялпар. Күтілетін таза инвестициялық пайда деңгейі инвестициялық нарықтағы осы пайданың орташа нормасынан мәнді түрде асатын инвестициялық жобалар мен қаржылық құралдарға капитал салымын сипаттайды.

2. Орташа табысты инвестициялар. Бұл топтың инновациялық жобалары мен инвестицилаудың қаржылық құралдары бойынша таза инвестициялық пайданың күтілетін деңгейі инвестициялық нарықта қалыптасқан инвестициялық пайданың орташа нормасына сәйкес келеді.

3. Төмен табысты инвестициялар. Инвестициялау объектісінің бұл тобы бойынша таза инвестициялық пайданың күтілетін деңгейі әдетте бұл пайданың орташа нормаснан әлдеқайда төмен болады.

4. Табыссыз инвестициялар. Олар инвестор инвестициялық пайда алумен байланыстырмайтын инвестициялау объектілерін білдіреді. Мұндай инвестициялар әдетте әлеуметтік, экологиялық және экономикалықтан тыс өзге де әсерлер алуды көздейді.

Инвестициялық тәуекелділік деңгейі бойынша инвестициялар келесі түрде бөлінеді:

1) Тәуекелсіз инвестициялар. Бұл капиталды немесе күтілетін табыстылықты жоғалтудың нақты тәуекелі жоқ немесе таза инвестициялық пайданың есептелген нақты сомасын алу кеплдігінің болуы бойынша инвестициялау объектілеріне қаражаттар салымын сипаттайды.

2) Төмен тәуекелді инвестициялар. Тәуекел деңгейі орташа нарықтық тәуекелден төмен болатын инвестициялау объектілеріне капитал салымын сипаттайды.

3) Орташа тәуекелді инвестициялар. Бұл топтың инвестициялау объекктілері бойынша тәуекел деңгейі орташа нарықтық тәуекел деңгейіне сәйкес болады.

4) Жоғары тәуекелді инвестициялар. Инвестициялау объектілерінің бұл тобы бойынша тәуекел деңгейі әдетте орташа нарықтық тәуекелден мәнді түрде жоғары болады. Бұл топта ерекше орынды алып-сатарлық инвестициялар алады.

Кәсіпорын инвестицияларының өтімділік деңгейі бойынша келесі негізгі түролері қарастырылады:

1. Жоғары өтімді инвестициялар. Ағымдағы нарықтық құны бойынша еш жоғалтуларсыз ақша нысанына жылдам ауыса алатын (әдетте бір айға дейінгі мерзімде) кәсіпорынның инвестициялау объектілері жатады. Кәсіпорынның жоғары өтімді инвестицияларының негізгі түрі ретінде қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар жатады.

2. Орташа өтімді инвестициялар. Бір айдан алты айға дейінгі мерзімді орташа нарықтық құны бойынша еш жоғалтуларсыз ақша нысанына ауыса алатын кәсіпорынның инвестициялау объектілері жатады.

3. Төмен өтімді инвестициялар. Біршама уақыт өткеннен кейін ғана (жарты жыл және одан жоғары) орташа нарықтық құнын жоғалтпай ақша нысанына ауыса алатын кәсіпорынның инвестициялау объектілері жатады.Төмен өтімді инвестициялардың негізгі түрлеріне аяқталмаған инвестициялық жобалар, ескірген технологиялы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жеке көпке танымал емес кәсіпорындардың қор нарығында онша айырбасталмайтын акциялары жатады.

4. Өтімді емес инвестициялар. Өз бетінше өткізіле алмайтын кәсіпорын инвестицияларының түрлері жатады (тек бүтін мүліктік кешен құрамында инвестициялық нарықта сатылуы мүмкін).

Инвестицияланатын капиталдың меншік нысаны бойынша жеке, мемлекеттік және аралас инвестициялар болып бөлінеді.

Жеке инвестициялар жеке тұлғалардың, сонымен қатар мемлекеттік емес меншік нысанындағы заңды тұлғалардың капитал салымын сипаттайды.

Мемлекеттік инвестициялар мемлекеттік кәсіпорындардың, сонымен қатар түрлі деңгейдегі мемлекеттік бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар қаражаттары есбінен капитал салымын сипаттайды.

Аралас инвестициялар кәсіпорынның инвестициялау объектілеріне жеке, сондай-ақ мемлекеттік капиталдың салымын білдіреді.

Инвестициялық процесте капиталды пайдалану сипаты бойынша бірінші ретті инвестициялар, реинвестициялар және дезинвестициялар қарастырылады.

Бірінші ретті инвестициялар меншікті, сондай-ақ қарыз қаржылық ресурстары есебінен инвестициялық мақсаттар үшін жаңадан қалыптастырылған капиталды қолдануды сипаттайды.

Реинвестициялар алдында таңдалған инвестициялық жобалар, инвестициялар тауарлар немесе инвестициялаудың қаржылық құралдарын жүзеге асыру процесінде алдын-ала босату арқылы капиталды инвестициялық процесте қайталап пайдалануды білдіреді.

Дезинвестициялар – инвестициялық капиталды инвестициялық процесте оның кейінгі пайдалануынсыз инвестициялық айналымнан алу процесі (мәселен, кәсіпорын залалдарын жабу үшін). Оларды кәсіпорынның теріс инвестициялары деп сипаттауға болады.

Капиталды тартудың аймақтық көздері бойынша отандық және шетелдік инвестициялар деп бөлінеді.

Отандық инвестициялар аталмыш ел резиденттерінің инвестициялаудың түрлі объектілеріне ұлттық капиталдың (үй шаруашылықтары, кәсіпорындар немесе мемлекеттік органдар) салымын сипаттайды.

Шетелдік инвестициялар аталмышь елдің иневстициялау объектілеріне бейрезиденттердің (заңды және жеке тұлғалары) капитал салымын сипаттайды.

Инвестицияланатын капиталдың аймақтық бағыттылығы бойынша ішкі және халықаралық нарықтағы инвестициялар болып бөлінеді.

Ішкі нарықтағы инвестициялар аталмыш ел аумағындағы резиденттердің, сондай-ақ бейрезиденттердің капитал салымын сипаттайды.

Халықаралық нарықтағы инвестициялар (немесе халықаралық инвестициялар) аталмыш ел резиденттерінің оның ішкі нарығының шщекарасынан тыс жүзеге асырылатын капитал салымын сипаттайды.

Салалық бағыттылығы бойынша инвестициялардың сыныптамасына сәйкес салалар шеңберіндегі және қызмет сфераларындағы инвестициялар болып бөлінеді.Инвестицияларды сыныптаудың мұндай нысаны инвестициялық процесті ел көлемінде мемлекеттік реттеумен, сонымен қатар кәсіпорынның нақты және қаржылық инвестициялау процесінде жеке салалардың инвестициялық тартымдылығымен байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1. Инвестиция дегеніміз не?

2. Инвестициялар туралы заңда қолданылатын терминдер

3. Инвестициялық қызметтің объектілері және субъектілері

4. Инвестициялардың сыныптамасы бойынша түрлерін атаңыз

Қолданылатын көрнекіліктер:

1.Қаржылық емес активтерге инвестициялар элементтері

2.Инвестициялар нарығының объектілері мен субъектілерінің өзара әрекеттесуі

3.Кәсіпорын инвестицияларының сыныптамасы

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Омарова А.К. Инвестицияны 0аржаландыру ж2не несиелеу??о0улы07-АлматыТаугуль-ПРИНТ, 2009 – 230 б.

2. Асилова А.С. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу:оқулық, -Алматы: Экономика, 2011 – 280 б.

3. Н.Н.Кадерова, А.А.Макенова, Ж.М.Әбуова. Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу:оқулық, – Алматы, 2011 – 570 б.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 3442. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия