Студопедия — Р экономикасының нақты секторын дамытуға инвестициялық ресурстарды тарту және бағыттау процесіндегі мемлекеттің ролін күшейту
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Р экономикасының нақты секторын дамытуға инвестициялық ресурстарды тарту және бағыттау процесіндегі мемлекеттің ролін күшейту






Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономиканың құрылымдық қайта құруы жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірістерді дамытуды ынталандыратын мақсатты бағытталған мемлекеттік ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясатты жүргізусіз мүмкін емес. Қазіргі жағдайларда Қазақстанда мемлекеттік инвестициялық саясаттың күшейтілуі қажет. Мемлекет экономика дамуының басты қозғалтқыш күші болуы қажет.

Мемлекеттік инвестициялық саясаты бірінші кезекте импорттық тауарларға бәсекелестік тудыруға және оларды ішкі нарықтан шығаруға қабілетті экспортқа шығаруға дайындықтың жоғары дәрежесіндегі өнімдерге бағытталған өндірістерді дамытуға және қолдауға бағытталуы қажет.

Белсенді мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін инвестициялық бағдарламларды қолдаудың арнайы ұйымдастырушылық нысандарын құру қажет. Мемлекеттік инвестициялар жүйесін дұрыс құру үшін қызмет жасап келе жатқан Ұлттық қормен қатар даму бюджеті және дамудың мемлекеттік несиелік ұйымдары сынды мемлекеттік қаржылық институттарды дамыту қажет.

Мемлекеттік шығындар ағымдағы және күрделі болып бөлінуі қажет. Ол үшін республикалық бюджеттен жеке бөлім ретінде инвестициялық жобаларды несиелеу, инвестициялау және кепілдемелік қамтамасыз ету үшін арналған даму бюджеті бөлімін бөлу қажет.

Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру қаржылық ресурстардың жеткіліктілігіне тәуелді болады, осы орайда бюджеттің инвестициялардың қажетті көлемін қамтамасыз ете алуы туралы мәселе туындайды.

Қалыптасқан жағдайда мемлекеттік инвестициялық саясатқа ашық емес әрі тиімсіз Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасынан (МИБ) бас тартып, бюджетті ағымдағы және даму бюджетін қалыптастырумен күрделі етіп бөлу қажеттігі туындап отыр.

Даму бюджетін құру және онда мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерді шоғырландыру мемлекеттік инвестициялаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Даму бюджетінің қаражаттары жеңілдікті сыртқы қарыздар, инвестициялық мақсаттар үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жолымен ішкі қарыз алу, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін табыстар, салықтық табыстардың бір бөлігі есебінен қалыптастыруға болады.

Кәсіпорындарды тікелей инвестициялау және несиелеуді дамудың мемлекеттік несиелік ұйымдары (ДМНҰ) жүзеге асырады.

ДМНҰ – бұл мемлекеттің инвестициялық саясатын жүзеге асыруға септігін тигізетін маманданған мемлекеттік институттар. Даму бюджетінде жинақталған қаражаттар ДМНҰ арасында оларды әрі қарай нақты кешенді бағдарламаларға салу үшін бөлінеді. ДМНҰ-н өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, шағын және орта бизнесті несиелеу, инфрақұрылым саласында құру мүмкін болып табылады.

Аталмыш қаржылық даму институттары қазіргі уақытта қызмет жасап келе жатқан қорлар («Аграрлық несиелік корпорация» ЖАҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» ЖАҚ, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ) негізінде және солардың тәжірибесін ескере отырып құрылуы мүмкін.

Мемлекеттік инвестициялық саясаттың басты жол көрсетушілерінің бірі ретінде Қазақстан Даму Банкін ерекше атап өткен жөн.

Ішкі ұлттық жинақтарды шоғырландыруды жүзеге асыратын институционалды инвесторларды әрі қарай дамыту мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру және даму бюджеті қорларын қалыптастыру үшін қажетті шарт болып табылады. Даму бюджетінің механизмдерімен қатар жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының; Қазақстан қор биржасында листингтен өткене қазақстандық кәсіпорындардың корпоративті бағалы қағаздары мен акцияларына өз активтерін салуды кеңейту жолымен экономиканың нақты секторын несиелеуге мүмкіндіктері бар.

Экономикаға мемлекеттің белсенді қатысуы тек жоғарыда аталған шараларды жүзеге асырумен ғана шектелмеуі қажет. Мемлекет ұлттық экономикалық қауіпсіздік үшін стратегиялық маңызы бар экономика салаларының меншік иесі болуы қажет. Мемлекет жүйе қалыптастырушы ұлттық компаниялардың меншігіне қатысуы қажет. Сондықтан мемлекеттік ресурстардың бір бөлігі стратегиялық кәсіпорындардың бақылау пакетін сатып алуға бағытталуы қажет.

 

Ор нарығын қалыптастыру, несиелік қызметті белсендендіру үшін және ҚР экономикасының басымды салаларына инвесторларды тарту үшін жағымды жағдайлар жасау

Қор нарығын дамыту қор нарығына ішкі инвесторларды тарту, ұжымдық инвестициялаудың түрлі нысандарын қалыптастыру, листингке жаңа эмитенттерді ынталандыру, бағалы қағаздардың екінші ретті нарықта айналысын белсендендіру бойынша іс-шараларды жүргізуді қажет етеді.

Институтционалды инвесторлардың қызметін кеңейту үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:

- түрлі қаржылық құралдарды (акциялар, корпоративті облигациялар, ипотекалық облигациялар, туынды бағалы қағаздар) шығару жолымен қазақстандық қор нарығындағы инвестициялаудың жаңа мүмкіндіктерін жасау;

- ұйымдастырылмаған нарықтағы операцияларды шектеу есебінен қор нарығындағы инвестициялау құралдарының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру.

Қор нарығына жаңа эмитенттерді шығару үшін мыналар қажет:

- кәсіпорын активтерінің максималды көлемін заңнамалық негізде анықтау. Егер максималды көлемнен артқан жағдайда кәсіпорындарды акционерлік қоғам түріндегі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға ауыстыру;

- стратегиялық маңызы жоқ қазақстандық кәсіпорындар акцияларының мемлекеттік пакетін сатуды қор нарығы арқылы жүргізу. Сонымен бірге акцияларды орналастыру өзара аффилиренбеген инвесторлардың кең шеңбері арасында жүргізілуі қажет.

Қор нарығын корпоративті құралдармен толықтыру процесіне тікелей әсер ету шараларымен қатар мемлекет инвестициялық инстиуттарды (өзара қорлар, траст компаниялары) қалыптастыруды ынталандыруға, қор нарығы құралдарына халықтың қол жетімділігін жеңілдетуге негізделген реттеудің жанама нысандарын қолдануға болады. Инвесторлар үшін мемлекеттік емес бағалы қағаздар тартымдылығын арттыру ақпараттар ашықтығының деңгейін және халықаралық стандарттарға сәйкес қор нарығын қатысушылары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды қажет етеді.

Халықтың ақпараттану деңгейін арттыру үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:

- бағалы қағаздар нарығындағы қызметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру;

- мамандандырылған әдебиеттер шығаруды қамтамасыз ету;

- бағалы қағаздардың әлеуетті эмитенттері үшін семинарлар жүргізу.

Коммерциялық банктердің нессиелік саясатын белсендендіру олардың ресурстық базасын ұлғайтуды талап етеді. Тұрғындардың ұзақ мерзімді депозиттерінің үлесін ұлғайтудың оң тенденциясын ұстап тұру үшін тұрғындар салымдарын міндетті сақтандыру жүйесін нығайтуға және банктердің жүйелік тұрақтылығын арттыруға негізделген тұрғындардың банк жүйесіне сенімін арттыру бойынша іс-шараларды әрі қарай жүргізу қажет.

Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін келесі шаралар қабылдануы қажет:

- заңнаманың даму дәрежесі мен тұрақтылығы, мемлекеттік саясаттың дұрыстығы инвестициялық ахуалдың қалыпты жағдайының кепілі болуы қажет;

- заңнаманың тиімді қолдану мәселесі шешілуі қажет. Қазақстандық іскерлік қауымдастықтың және Үкіметтің беделін көтеру үшін жергілікті және халықаралық соттардың шешімдерін орындауды, келісім-шарттарды сақтау мен күшіне енгізуді қамтамасыз ету қажет;

- заңнамаға шетелдік және ішкі инвесторлар үшін тең жағдайлар жасайтын өзгертулер енгізу қажет;

- инвестициялық қызмет туралы заңнаманы жетілдіру әлемдік стандарттарға жауап беретін нақты, ашық және бір мағыналы құқықтық нормалардың болуын қамтамасыз ету қажет;

- шетелдік капитал салымдары мен инвесторлар құқықтарын қорғау заңнамамен кепілдендірілуі қажет;

- тіркелген сауда белгілері мен патенттерді қорғау, пираттық өнімдердің заңсыз айналымымен күресу маңызды міндет болып табылады. Ол үшін авторлық құқықты қорғау саласында жұмыс жасайтын мамандардың біліктілік деңгейін арттыру қажет.

- қаржылық ақпараттың түсініктілігі, уақыттылығы, толықтығы және сенімділігі инвесторлар үшін өте маңызды болып саналады. Осы орайда бухгалтерлік және сатистикалық есептілік стандарттарын жетілдіру бойынша шараларды жалғастыру қажет.

Өнеркәсіптің өңдеуші салалары шетел инвестицияларын тарту үшін басымдылық; болуы қажет. Жаңа ірі иневестициялар есебінен маркетинг пен менеджменттің заманауи әдістерін қолданумен технологиялық күрделі өндірістерді құру мүмкін болады.

Тікелей шетел инвесторларының қызметін реттеу кезінде кәсіпорынның негізгі капиталына инвестициялау бойынша және экологиялық қауіпсіздік нормаларын орындау бойынша міндеттемелердің орындалуына бақылау шараларын заңнамалық бекіту қажет.

Мемлекеттік инвестициялық саясаттың маңызды құралы инвестициялық преференциялар (салықтық және кедендік жеңілдіктер, мемлекеттік гранттар) болып табылады.

Ұлттық мүдделердің сақталуы үшін шетелдік инвесторлардың нарыққа монополистік бақылауды орнатуына, салықтарды төлеуден жалтару мақсатында трансферттік баға белгілеуді қолдануына жол ьерілмеуі қажет.

Сонымен бірге Қазақстанның ұлттық мүдделеріне қайшы келуі жағдайында шетел инвесторларымен келісім-шарттарды қайта қарауға шешімді түрде бару қажет.

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 1003. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия