Дамудың мемлекеттік институттары
2003-2015 жж. кезеңіндегі ҚР индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының маңызды міндеттерінің бірі индустриалды-инновациялық дамуды әрекет етіп отырған мемлекеттік басқару жүйесін қайта қарау мен белгілі бір дәрежеде қайта құруды талап ететін мақсатты инвестициялық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру, инвестициялық белсенділікті реттеу мен инновациялық белсенділікті ынтландыру болып табылады. Стратегияда анықталған мақсаттарға жету үшін дамудың мемлекеттік институттарының (Қазақстан инвестициялық қоры, Қазақстан Даму Банкі, Инновациялық қор, Эскпортты сақтандыру бойынша Корпорация) жаңаларын құру мен әрекет етіп отырғандарын нығайту қажет. Жалпы даму институттары тұрақты қызмет етуі орталықсыздандыру, мамандандырылу, бәсекелесттік және транспаренттік принциптеріне негізделген бірегей жүйе қалыптастырулары қажет. Орталықсыздандыру принципі қаржылық, жеке секторы бастамаларын қоса алғанда қолдаудың көптеген көздерінің болуын білдіреді.Тәжірибе жүзінде бұл мемлекет өзінің қаржылық және ақпараттық ресурстарын тек бір ғана даму институтына шоғырландырмайды дегенді білдіреді. Мамандандырылу принципі даму институттарының белгілі бір операция және/немесе қызмет түріне мамандануын білдіреді. Мәселен, Қазақстан Даму Банкі банктік несиелеу арқылы жобаларды қаржыландыруға маманданған; Қазақстанның инвестициялық қоры жарғылық капиталға үлестік қатысу жолымен қаржыландыруды білдіреді; Инновациялық қор - ғылыми мекемелерді қоса алғанда гранттар және капиталға үлестік қатысу арқылы; Бәсекелестік принципі даму институттары қызметін бәсекелестік негізде жүзеге асыруды білдіреді. Бәсекелестік принципі белгілі бір институт қызметінің нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді. Транспаренттілік принципі менеджерлердің есепберуін және жауапкершілігін, қаржылық ресурстардың мақсатты және тиімді пайдаланылуына тиісті бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік даму институттарын корпоративті басқарудың ашық жүйесін құруды білдіреді. Енді жоғарыда аталған мемлекеттік даму институттарына жалпы сипаттама беріп өтейік. Қазақстан Даму Банкі. 2001 жылдың 25 сәуіріндегі «Қазақстан даму Банкі туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік инвестициялық қызмет тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өндірісті дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға септігін тигізу даму Банкі қызметінің мақсаттары болып табылады. Банк құрылған уақытта оның жарғылық капиталы 30 млрд. теңгені құраған және республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттары есебінен қалыптасқан. Жарғылық капиталдағы Үкіметтің үлесі 75%-ды құраса, әрбір облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті органдарының үлесі – 1,5625% болған. Даму Банкінің міндеттері мыналар болып табылады: 1) инвестициялық жобаларды орта мерзімді (бес жыл және одан жоғары) және ұзақ мерзімді (он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзім) несиелеу; 2) Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімдер экспортын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын несиелеу; 3) өзге несиелік инстиуттармен ұсынылатын қарыздар мен несиелер бойынша кепілдемелік міндеммелер беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік секторын несиелеуді ынталандыру; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметімен жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды (Мемлекеттік инвнестициялар бағдарламасы) қаржыландыру механизмін жетілдіру; 5) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де міндеттер. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Даму банкінің пруденциалдық реттеу мен резервтік талаптарды қоспағанда ақшаларды есепке алу, төлем жасау және аударымы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерін орындауына бақылау жасайды. Даму банкінің республикалық бюджет қаражаттарынан несиелер алуы оларды Мемлекеттік инвестициялық бағдарламаға қосу жолымен төлемділік, мерзімідлік және қайтарымдылық; негізінде жүзеге асырылады. Банктің таза табысы бекітілген жылдық есеп нәтижелері бойынша тек резервтік капитал қалыптастыруға бағытталады. Инновациялық қор. Қазақстанның инновациялық қоры 2003 жылы құрылған. Қордың негізгі мақсаты – венчурлық қаржыландыру жүйесін, яғни жеке капиталмен бірлескен салалық және аймақтық венчурлық қорлар жүйесін қалыптастыру. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясына сәйкес Инновациялық қор өз қызметінің алғашқы кезеңінде отандық және шетелдік серіктестермен бірлесе отырып, инновациялық жобаларды қаржыландыру мен венчурлық қорларды құруды жүзеге асырады. Венчурлық капиталдың пайда болуы және өсуіне орай Инновациялық қор венчурлық жобаларды қаржыландыру қызметін қысқартады және өз белсенділігін инновациялық инфрақұрылымды нығайту мен қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға шоғырландыратын болады. Қордың негізгі міндеттері: - инновациялық инфрақұрылым элементтерін (иехнополистер және технопарктер, ақпараттық-аналитикалық орталықта және т.с.с.) құруға қатысу; - отандық және әлемдік деңгейдегі ірі венчурлық инвесторлармен бірлесіп венчурлық қорлар құру; - жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өнімдерді өндіру, жаңа технологияларды жасау мақсатында жаңадан құрылатын және әрекет етіп отырған кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысу; - коммерциялық әсер және экономиканың технологиялық дамуы тұрғысында әлеуетті түрде болашағы бар жаңа технологияларды, тауарлар мен қызметтерді жасауға бағытталған жекелеген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік кострукторлық жұмыстарды гранттар беру жолымен қаржыландыру; Қазақстанның инвестициялық қоры. «Қазақстанның инвестициялық қоры туралы» 2004 жылдың 6 шілдесіндегі ҚР Заңына сәйкес Қор қызметі 2004 жылдың шілде айында басталды. Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны – мемлекеттік жарғылық капиталға жүз пайыз қатысуы бар акционерлік қоғам. Жарғылық капиталдың көлемі – 28,9 млрд. теңге және бұл әрі қарай ұлғайтылады деп көзделуде. Қордың мақсаты – жаңадан құрылатын және әрекет етіп оытрған ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу жолымен экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндірістерді құру бойынша жеке сектор бастамаларына қаржылық қолдау көрсету. Қордың міндеттері: 1) шикізат пен материалдардың тереңдетілген өңдеуін жүзеге асыратын, жаңа технологияларды қолданумен бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын, сонымен қатар өз қызметін өнеркәсіп саласында жүзеге асыратын перспективті ұйымдарға қызмет көрсететін жаңадан құрылатын, сондай-ақ әрекет етіп отырған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестициялар жасау; 2) инвестициялық жобалар Қор тарапынан бірлесіп қаржыландыру және осы жобаларды басқаруға қатысу жолымен экономиканың шикізаттық емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру; 3) аралас өндірісті толықтыруды дамытатын отандық және шетиелдік ұйымдар арасында өндірістік бірлесуді қамтамасыз ететін Қазақстан республикасынан тыс инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру арқылы шетелдегі қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін арттыруға септігін тигізу. Экспортты сақтандыру бойынша корпрация. 2004 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» шикізаттық емес сектор экспорттаушы компанияларының саяси және коммерциялық тәуекелдерін сақтандырумен айналыса бастады. 2005 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сақтандыру компаниясы шикізаттық емес сектордың 1,12%-ын келісім-шарттармен қамтыды. 2003-2015 жж. Қазақстан Республикасы индустриалды-инновациялық даму Стратегиясна сәйкес Экспортты сақтандыру бойынша Корпорацияның негізгі міндеті саяси және реттеушілік тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру жолымен қазақстандық өндірушілердің тауарлары мен қызмет көрсетулерінің экспортына тікелей септігін тигізу болып табылады. Экспортты сақтандыру бойынша корпорация қазақстандық өнімдер экспортын дамыту үшін, өткізудің әлеуетті нарықтары туралы ақпараттарды зерттеу және тарату үшін маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Корпорация өз белсенділігін саяси тәуекелдерді сақтандыруға және халықаралық нарықтар туралы коммерциялық ақпараттарды таратуға жұмсайды.
|