Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Аржыландыру көздері: құрамы және құрылымы





Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өзін-өзі қаржыландыру таза пайда нысанындағы меншікті қаражаттар (акционерлерге дивидендтік төлемдерді алып тастағанда) және амортизациялық шегерімдерді, корпоративті бағалы қағаздар эмиссиясымен және қарыз капиталы нарығынан алынған несиелермен толықтыра отырып, негізгі капмталға инвестициялар салу жолымен жүзеге асырылады.

Өзін-өзі қаржыландыру тиімділігі мен оның деңгейі меншікті көздердің инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағына тәуелді болады. Тәжірибеде өнеркәсібі дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Еуропалық экономикалық одақ елдері, Жапония) егер корпорацияның меншікті қаражаттары қаржыландырудың жалпы көлемінің 60%-нан жоғары болса, жоғары деп есептеледі.

Халықаралық тәжірибеде ірі көлемді инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландырудың келесі көздері қолданылады:

1) халықаралық қаржы-несиелік ұйымдардың несиелері мен қарыздары;

2) халықаралық экспорттық агенттіктердің несиелері;

3) ұлттық коммерциялық және инвестициялық банктердің несиелері;

4) халықаралық және ұлттық капитал нарықтарының мүмкіндіктері;

5) жеке компаниялар мен салымшылардың және т.б. қаражаттары.

Қазақстан кәсіпорындарында АҚШ корпорацияларымен салыстырғанда ҚР кәсіпорындарының инвестициялық белсенділігінің төмендігіне байланысты тауарларды (қызмет көрсетулерді) сатудан түскен түсім құрамындағы амортизациялық шегерімдердің басым бөлігі айналыс капиталын (активтерді) толықтыруға жұмсалады. АҚШ компаниялары қаржы нарығында оларға қажетті ақша ресурстарының 30-35%-н жинақтаса, Қазақстанда бұл үлес небәрі 3-5%-дан жоғары емес, соның ішінде корпоративті бағалы қағаздарды эмиссиялау есебінен 1%-дан төмен үлесті құрайды.

Сонымен ҚР-да күрделі салымдар төмендегілердің есебінен қаржыландырылады:

1) меншікті қаржы ресурстары мен инвесторплардың шаруашылық ішілік резервтері (таза пайда, амортизациялық шегерімдер, сақтандыру органдарымен табиғи апаттардан келген залалдардың орнын толтыру нысанында және т.с.с);

2) қарыз көздері (банктік несиелер, облигациялық займдар және т.с.с.);

3) тартылған ақша ресурстары (акциялар эмиссиясынан алынған қаражаттар, заңды және жеке тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар және т.с.с.);

4) кәсіпорындар мен қаржы-өнеркәсіптік топтардың ерікті одақтарымен орталықтандырылған, сонымен қатар объектілер құрылысына үлестік қатысу үшін үлескерлермен жинақталған ақша қаражаттары;

5) қайтарымсыз және қайтарымды (бюджеттік несие нысанында) негізде ұсынылған мемлекеттік бюджет қаражаттары;

6) жергілікті бюджеттер қаражаттары;

7) бюджеттен тыс қорлар қаражаттары;

8) несиелер мен қарыздар нысанындағы шетел инвесторларымен ұсынылған қаражаттар.

Негізгі капиталға күрделі салымдарды қаржыландыруды бір, сондай-ақ бірнеше көздер есебінен жүзеге асыруға болады.

Корпоративті табыс салығы мен бюджетке өзге де міндетті төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорында таза пайда қалады. Акционерлерге дивидендтерді төлегеннен кейін таза пайданың қалған бөлігін (бөлінбеген пайда) өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы күрделі салымдарды қаржыландыруға жұмсауға болады.

Күрделі салымдарды қаржыландырудың екінші бір ірі және тұрақты көзі амортизациялық шегерімдер болып табылады. Пайдаға қарағанда қаржыландырудың бұл көзі кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелеріне тәуелді емес. Амортизациялық шегерімдер көлемі кәсіпорында қолданылып отырған есептеу әдістеріне тәуелді болады, яғни негізгі құралдардың алғашқы баланстық құнынан сызықтық әдіс және пайыздардағы амортизациялардың қолданылатын нормалары кезінде.

Төлем ретінде алынатын негізгі құралдардың алғашқы құны ретінде ҚҚС пен өзге де салықтарды қоспағанда кәсіпорынның сатып алуға, құрылысқа, дайындауға нақты шығындарының сомасы танылады. Негізгі құралдарды сатып алуға, құрылысына және дайындауына нақты шығындарға жалпы шаруашылық немесе өзге де осындай шығындар қосылмайды. Бухгалтерлік есепке қабылданған негізгі құралдардың алғашқы құнының өзгеруі қосымша құрылыс, қосымша жабдықтау, қайта құру, бөліктеп жойылу және инвентарлық объектілерді қайта бағалау жағдайында өзгеруі мүмкін.

Негізгі құралдар объектілерінің құны өндіріс пен айналыс шығындарына қосылатын амортизацияларды есептеу жолымен өтеледі. Уақыт өте келе тұтынушылық құны өзгермейтін (мәселен, жер учаскелері, табиғатты пайдалану объектілері) негізгі құралдар объектілері амортизацияланбайды.

Есепті жыл бойына амортизациялық шегерімдер ай сайын есептеудің қолданылатын әдісне қарамастан жылдық соманың 1/12 көлемінде есептеледі. Негізгі құралдар объектілері бойынша амортизацияларды есептеу аталмыш объектінің тухгалтерлік есепке қабылданған айынан кейінгі айдың бірінші күндерінен бастап жүргізіледі және оның құны толық өтелгенге дейін немесе бухгалтерлік есептен шығарылғанға дейін жүргізіледі. Негізіг құралдар объектілері бойынша амортизацияларды есептеу оның құны толық өтелген немесе бухгалтерлік есептен шығарылған айдан кейінгі айдаңы бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Амортизациялық шегерімдер алдағы жылға (тоқсанға) табыстар мен шығындардың жиынтық бюджетін және кәсіпорынның күрделі салымдар бюджетін жасау кезінде жоспарлы қаржылық есептеулердің объектісі болып табылады. Бұл шегерімдердің жоспарлы сомасын анықтау үшін тікелей есептеу әдісі немесе аналитикалық әдісті қолдануға болады. Тікелей есептеу әдісін қолдану кезінде амортизациялар сомасы негізгі құралдар объектілерінің алғашқы құнын олардың әрқайсысы бойынша бекітілген нормаларға (пайыздарда) көбейту жолымен белгіленеді. Жеке нәтижелерді қосу арқылы жалпы кәсіпорын бойынша амамортизациялық шегерімдердің жалпы сомасы алынады.

Аналитикалық әдісті қолдану кезінде жоспарланған жылға амортизацияланатын негізгі құралдардың орташа құны (Снқ) мына формула бойынша есептеледі:

 

Снқ = Сn + B*K/12 – B1*(12-K)/12 (1)

 

Мұндағы, Сn – кезең басындағы кәсіпорын негізгі құралдарының бастапқы құны;

В – жоспарлы жылда қолданысқа енгізілген негізгі құралдардың құны;

B1 – жоспарлы жылда қолданыстан алынатын негізгі құралдардың құны;

К – жоспарлы жылда негізгі құралдардың қызмет етуінің толық айларының саны (1 тоқсанда оны 10,5 айға тең етіп қабылдайды, 2 тоқсанда – 7,5 айға; 3 тоқсанда – 4,5 айға; 4 тоқсанда – 1,5 айға);

(12 - К) – негізгі құралдар шығарылғаннан кейінгі жылдың соңына дейінгі қалған айлар саны.

Жоспарлы кезеңдегі негізгі құралдардың орташа құнын базалық жылдағы есептілік бойынша қалыптасқан амортизацияның орташа нақты нормасына (Нн) көбейтеді:

 

А= Снқ* Нн / 100 (2)

 

Осындай жолмен анықталған амортизациялық шегерімдердің сомасы (А) табыстар мен шығындар бюджетіне және алдағы жылдағы кәсіпорынның күрделі салымдар (инвестициялар) бюджетіне қосылады.

Есептеудің аналитикалық әдісі тікелей есептеу әдісіне қарағанда қарапайым, бірақ нақты нәтиже бермейді, себебі есептеу әрбір инвентарлық объекті бойынша емес, кәсіпорынның барлық негізгі құралдары бойынша жүргізіледі.

Күрделі салымдарды қаржыландыру үшін меншікті қаражаттардың жеткіліксіздігі кезінде банктерден ұзақ мерзімді несиелер, сонымен қатар қор нарығында жинақталатын қаражаттар тартылады. Мемлекеттік инвестициялар сонымен қатар қайтарымсыз және қайтарымда негізде ұсынылатын бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландырылады.

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 984. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия