Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Инвестицияларды қаржыландыру тәртібі және әдістері





Мемлекет инвестициялық қызметті мақсатты құрылыс бағдарламаларын қаржылық қолдау жолымен халық шаруашылығы салаларында қаржыландырады. Бұл мақсаттарды қаржыландыру сомалары мемлекеттік инвестициялар көлеміндегі инвестициялық бағдарламалардың бекітілген бюджеттерінде келтіріледі, күрделі салымдар нысанында жүзеге асырылатын бұл инвестициялар республикалық және жергілікті бюджеттерден қайтарымсыз және қайтарымды негізде қаржыландырылады.

Қаржыландыру көздері мен меншік нысанына қарамастан барлық инвестициялық жобалар оларды бекітуге дейін сараптамадан өтеді. Инвестициялық жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібі ҚР Үкіметімен белгіленеді.

Инвестициялық бюджетті жасау кезінде күрделі салымдарды қаржыландырудың бес негізгі әдістері қарастырылады:

  1. Ішкі өзін-өзі қаржыландыру (өзін-өзі өтеу мен өзін-өзі қаржыландырудан көрініс табады).
  2. Акционерлеу (меншікті акциялар эмиссиясы).
  3. Несиелік қаржыландыру.
  4. Қаржылық лизинг.
  5. Аралас қаржыландыру.

Ең перспективтісі болып өзін-өзі қаржыландыру саналады. Капитал салымының жалпы көлеміндегі меншікті қаражаттар үлесін анықтау үшін келесі формуламен есептелетін өзін-өзі инвестициялау коэффициентін (Көи) қолдануға болады:

 

Көи = МҚ/КЖК, (3)

 

Мұндағы, МҚ – меншікті қаражаттар (таза табыс, амортизациялық шегерімдер);

КЖҚ; – капитал салымының жалпы көлемі.

Көи мәні 0,51-ден (51%) төмен болмауы тиіс. Мәні төмен болған жағдайда (мәселен 0,49) кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтады. Тәжірибе жүзінде Көи оңтайлы мәнін нақты мәнімен салыстырады және инвестицияны өз бетінше қаржыландыру туралы қорытынды жасайды. Өзін-өзі өтеудің; ерекше белгісі ретінде кәсіпорынның бюджет жүйесіне салықтарын төлеу қабілеті мен қалған пайда мен амортизациялық шегерімдер есебінен тек қарапайым қайта өндірісті жоспарлау қабілеті болып табылады. Өзін-өзі қаржыландыру мазмұны кәсіпорынның пайда мен өзге де меншікті қаражаттары есебінен кеңейтілген қайта өндіріс бойынша шығындарының орнын толтыру мен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асруына негізделеді.

Күрделі салымдарды қаржыландыру әдісі ретінде акционерлеуді әдетте инвестициялық қызметті салалық немесе аймақтық әртараптандыру кезінде ірі көлемді инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін (мәселен мұнай-газ саласында) қолданады.

Кейбір жағдайларда салыстырмалы түрде арзан орта және ұзақ мерзімді несиелерді алу жолымен жобаларды қарыз қаражаттары есебінен қаржыландыруға болады. Барлық жағдайда акционерлік және ұзақ мерзімді қарыз капиталы арасында корпорация үшін оңтайлы қатынасты ұстап тұру дұрыс болады.

Қазірде банктің ұзақ мерзімді несиелері өзін-өзі өтеудің қысқа мерзімі бар және инвестициялар рентабельділігінің жоғары деңгейі бар нақты инвестициялық жобаларға бағытталады. Айта кеткені жөн, бюджеттік қаражаттарға қарағанда ұзақ мерзімді банктік несиелерді тарту қарыз алушылардың қарыз қаражаттарын дұрыс пайдалануға жауапкершілігін арттырады.

Капитал салымын қаржыландырудың көзі ретіндегі облигациялық қарыздар Қазақстанда шектеулі түрде қолданылады, себебі облигацияларды тек сенімділігі мен төлем қабілеттілігі инвесторларда күмән тудырмайтын танымал акционерлік компаниялар немесе қаржы-өнеркәсіптік топтар ғана шығара алады.

Капитал салымын қаржыландыру көзі ретіндегі қаржылық лизинг меншікті қаражаттар жетіспеген жағдайда, сонымен қатар қолдану мерзімі салыстырмалы түрде қысқа немесе технологиялық өзгерістің жоғары дәрежесі бар объектілерге салым жасау кезінде қолданылады. Айта кеткен жөн, лизинг – бұл лизинг алушы үшін негізгі капиталдың белсенді бөлігін жаңартудың перспективті әдісі.

Аралас қаржыландыру көрсетілген әдістердің түрлі үйлесуіне негізделген және инвестициялаудың барлық нысандарында жүзеге асырылуы мүмкін.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Халықаралық тәжірибедегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері

2. Қазақстан Республикасында күрделі салымдарды қаржыландыру көздері

3. Күрделі салымдарды амортизациялық шегерімдер есебінен қаржыландыру ерекшеліктері

4. Күрделі салымдарды қаржыландыру әдістері

Қолданылатын көрнекіліктер:

1. Халықаралық тәжірибеде ірі көлемді инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландырудың көздері

2. ҚР-да күрделі салымдарды қаржыландыру көздері

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Омарова А.К. Инвестицияны қаржаландыру және несиелеу. Оқулық-АлматыТаугуль-ПРИНТ, 2009 – 230 б.

2. Асилова А.С. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу:оқулық, -Алматы: Экономика, 2011 – 280 б.

3. Н.Н.Кадерова, А.А.Макенова, Ж.М.Әбуова. Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу:оқулық, – Алматы, 2011 – 570 б.

 

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 3031. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия