Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пайлық инвестициялық қорлар: Қазақстан Республикасында даму перспективалары





Қазіргі уақытта инвестициялаудың негізгі бағыттары мыналар болуы мүмкін:

- ақшаны банктерге салу;

- бағалы қағаздар нарығына өз бетінше инвестициялау;

- жеке басқарушыға немесе басқарушы компанияға қаражаттарды жеке сенімгерлік басқаруға ұсыну;

- пайлық инвестициялық қорларға (ПИҚ) ақша салу.

Инвестициялаудың аталған барлық бағыттарының өзіндік артықшылықтары бар. Қазақстанда пайлық инвестициялық қорлар ашыла бастады – бұл біздің нарық үшін жаңа құрал.

Пайлық инвестициялық қорларға ақша салу кезінде басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару келісім-шарты жасалады. ПИҚ бұл жағдайда қаражаттары бірнеше пайшылардың салымдарынан тұратын стандартталған инвестициялық қоржын ролінде болады.Әрі қарай ақша қаражаттары басқарушы компания тарапынан бағалы қағаздарға, банктік депозиттерге немесе жылжымайтын мүліктерге салынады. Егер басқару компания оған сеніп тапсырылған қаражаттарды сауатты инвестицияласа, онда ПИҚ мүліктерінің құны, яғни салынған ақша қаражаттарының жиынтық құны пайшының табысын ұлғайта отырып, өседі. Осылайша, табыс алғашқы сатып алынған пай құнының өсімі есебінен алынады.

Мәселен қазіргі уақытта ПИҚ-тен пайлар алу үшін «АИМ» басқарушы компаниясы пайларының минималды көлемі - мың теңге. Көптеген адамдар ПИҚ қорларының сатып алады да, әрі қарай тоқсанына немесе жарты жылда бір рет пайларды қосымша сатып алып отырады. Яғни жинақтар инвестицияларға айналады.

ПИҚ ұжымдық инвестициялар қатарына жатады. Бұл пайшылардың қаражаттары инвестицияланған активтер барлық пайшылардың ұжымдық меншігінде болады, ал жеке инвесторларға бұл жиынтық капиталдың тек біршама үлесі қатысты болады. Бұл үлес бағалы қағаздардың ерекше түрін білдіретін пай деп аталады.

ПИҚ инвесторларға белгілі бір нақты пайыздар кеплдемесін бермейді. Алайда бұл инвестордың қаражаттары мүлде қорғалмаған дегенді білдірмейді. ПИҚ қызметі мемлекет үшін де, инвесторлар үшін де барынша ашық болады. Қор қаражаттарды тарту мен қалыптастырудың тек алғашқы сатысы ғана, оларды басқарушы компания инвестициялайды, бірақ ол пайларды иеленбейді. Сонымен қатар, инвестициялық қоржынды әртараптандыру толық залалға ұшырауынан қаражаттарды қорғайды. Ал инвестор өзінің қаражаттарын пайларды сату арқылы кз-келген уақытта қайтарып алады.

Пайлық инвестициялық қорлардың бірқатар артықшылықтары бар:

- табыстылық;

- сенімділік;

- қауіпсіздік;

- өтімділік

- ыңғайлылық және салықтық жеңілдіктер.

1. Табыстылық;: депозиттермен салыстырғанда әлеуетті жоғары; жылжымайтын мүлікпен салыстырғанда айқын; өз бетінше инвестициялаумен салыстырғанда тәуекелі төменірек. Бұған мыналардың есебінен қол жеткізуге болады:

- операциялар түрлі нарықтарда жүзеге асырылады: Қазақстан, АҚШ, Еуропа, Жапония және т.с.с.;

- сауда тәртібі кез-келген оқиғаға бір мезетті жедел көңіл аударуды білдіреді;

- құралдардың кең көлемі қолданылады: акциялар, облигациялар, туынды бағалы қағаздар, валюта.

2. Сенімділік: ПИҚ арқылы инвестициялар үшін қол жетімді эмитенттер рейтингі Қазақстан Республикасындағы бар рейтингілерге қарағанда жоғары болады.

3. Қауіпсіздік бернеше кәсіби қатысушылармен (басқарушы компаниямен, кастодиан-банкпен, тіркеушімен, тәуелсіз аудиторлық компаниялармен, Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша ҚР агенттігімен) жүзеге асырылатын нарық қатысушылары әрекетінің сызбасымен кепілдендіріледі.

Басқарушы – инвестициялық қоржынды басқаруға лицензия негізінде инвестициялық қор активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатсушысы.

Кастодиан-банк – қор активтерін сақтайды және есебін жүргізеді, қор активтерімен жүргізілетін мәмілелерге, пайларды орналастыру мен сатып алуға бақылауды жүзеге асырады; Басқарушы компаниямен бірлесе отырып инвестициялық қор активтерінің құны, қозғалысы және құрамы бойынша сәйкестендіруді жүргізеді.

Тіркеуші, яғни «Бағалы қағаздардың орталық депозитариі» АҚ – сатып алынған пайларға тіркеуді және меншік құқығын растауды жүзеге асырады, инвестициялық қор пайларын ұстаушылардың реестрін жүргізеді.

Тәуелсіз аудиторлық компания «Центраудит-Қазақстан» - Басқарушы компанияға жыл сайынға міндетті аудитті жүргізеді, Басқарушы компанияның есебі мен есептілік жүргізуін, қор активтері құрамына, қор активтері есебі мен Кастодиан-банк жүргізген сәйкестендіруге тексеруді жүзеге асырады.

Қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Қазақстан Республикасы агенттігі – Басқарушы компания, Кастодиан және Тіркеуші қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады. Ұжымдық инвестициялау мемлекет тарапынан қатаң реттелетін болғандықтан бұл ПИҚ-ға шектелген тәуекелділік тұрғысынан артықшылық береді.

4. Өтімділік келесілермен қамтамасыз етіледі:

- пайдың ағымдағы құны күнделікті есептеледі (Пай құны = Таза активтер құны/ пайлар саны);

- ашық қордан шығу күнделікті жүзеге асырылуы мүмкін (Қор Ережесіндегі сілтемелерге байланысты);

- қордан шығу «жинақталған сыйақыларды» жоғалтпай жүзеге асырылады;

- сатуға тапсырым берілген күннен кейінгі күні ақшаны алуға болады.

5. Ыңғайлылық және салықтық жеңілдіктер келесіге негізделеді:

1) пайларды сату немесе сатып алу депозит ашу немесе жабуға қарағанда қиын емес. Пайды сатып алу үшін жеке тұлғаға келесі құжаттар қажет: жеке куәлік, СТН, банктік ревизиттер (болған жағдайды).

2) Пай – бұл бағалы қағаз. Пайды сыйға тартуға, мұраға қалдыруға немесе кепліге қоюға болады. Пай құнының өсіміне жеке тұлғалар үшін салық салынебайды. Заңды тұлғалар үшін пай құнының өсімі жиынтық жылдық табысқа қосылады.

3) Қазіргі уақытта кең тараған жинақтау мен инвестициялау құралдарымен салыстырғанда инвестициялық қорларға салым салудың бірқатар арқтықшылықтары бар, атап өтсек, инвестициялар бойынша жоғңары табыстылық алу мүмкіндігі, өтімділігі, және әртараптандырудың арқасында жекелеген бағалы қағаздармен салыстырғанда тәуекел деңгейінің төмен болуы. Сонымен бірге, жинақтау мен инвестициялаудың дәстүрлі құралдары артықшылықтардың мұндай шоғырлануын бере алмайды.

Алайда, ПИҚ-дың кейбір кемшіліктері де бар. Біріншіден, инвестициялаудың өзге нысандарына қатысты шығындар жоғары болып көрінуі мүмкін. Екіншіден, ПИҚ-ға салымдар өтімділігі жеткілікті түрде төмен.

Пайлық инвестициялық қорлардың сыныптамасы келесі түрде көрініс табады (1-сурет).

 

Сурет 1. Инвестициялық қорлар сыныптамасы

 

Суретте көрініс тауып отырғандай, инвестициялық қорлар акционерлік инвестициялық қорлар және пайлық инвестициялық қорлар болып бөлінеді. Пайлық инвестициялық қорлар пайларды сатып алу немесе сату мүмкіндігінің жиілігіне байланысты ашық, интервалды немесе жабық нысандарда құрылуы мүмкін.

Ашық пайлық инвестициялық қор пай ұстаушыларына пайларды екі аптада бір реттен кем емес, тіпті одан жиі сатып алуға және сатуға құқық береді. Көптеген ашық ПИҚ-лар пайларды әрбір жұмыс күнінде сатып алу немесе сатуды ұсынады.

Интервалды пайлық инвестициялық қолрлар ұстаушыларына пайларды жылына 1 реттен артық емес сатуға немесе сатып алуға құқық береді. Пай ұстаушылары пайларын сатуға немесе сатып алуға берілетін мерзімдері нақты қордың ережелерімен анықталады.

Жабық пайлық инвестициялық қор өзінің пай ұстаушыларына аталмыш қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысу құқығын, сонымен қатар қор ережесімен қарастырылған шарттарда және тәртіпте пай бойынша дивидендтер алу құқығын береді. Жабық пайлық инвестициялық қордың пай ұстаушысының басқарушы компаниядан оған тиесілі пайларды сатып алуды талап етуге құқығы болмайды.

Сонымен қатар жекелеген түр ретінде тәуекелді инвестициялаудың Инвестициялық қорларын (немесе венчурлық қорлар) бөліп көрсетуге болады. Тәуекелді инвестициялаудың инвестициялық қорлары тек ашық немесе жабық типтегі пайлық инвестициялық қорлар бола алады.

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 2605. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия