Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі
Банктердің инвестициялары ретінде банктердің бастамасы бойынша белгілі мерзімге табыс алу мақсатындағы ақша қаражаттарының салымы түсініледі. Тар мағынада банктердің инвестициялық қызметі – бұл қатысты түрде ұзақ уақыт кезеңінде жұмыс жасайтын бағалы қағаздарға ақша салымы. Инвестициялар қарыздарға қарағанда бірнеше тұрғыда ерекшеленеді. Біріншіден, қарыздар салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында олардың қайтарымдылығы шартымен қолданылады. Ал инвестициялау салынған ақшалар оның иесіне кері қайтқанға дейін қатысты түрде ұзақ уақыт аралығында қаражаттар ағынын қамтамасыз ету мақсатындағы ақша салымын білдіреді. Екіншіден, несиелеу кезінде бастама қарыз алушы тарапынан болса, инвестициялау кезінде несие беруші (банк) тарапынан болады. Үшіншіден, несиелік мәміле нақты несие беруші мен қарыз алушы арасында жасалынатын болса, инвестициялау нарықтағы міндетті қызметті білдіреді. Коммерциялық банктің инвестициялық қызметінің мақсаты қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, әртараптандыру, табыс және өтімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Бағалы қағаздар – арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжат, оны ұсыну онда көрініс тапқан құқықтарды жүзеге асыру үшін қажет. Олар қор бағалы қағаздары (акциялар, облигигациялар) және коммерциялық (векселдер, чектер, қоймалық куәліктер, кепіл куәліктері) бағалы қағаздар болады. Қор бағалы қағаздары, әдетте, эмиссиялаудың көпшілік сипатымен ерекшеленеді, олар өте үлкен көлемде шығарылады және акционерлік немесе облигациялық қорда белгілі бір үлесті білдіреді. Қор бағалы қағаздары мүліктік құқық немесе талап ретінде айқындалған негізгі (акциялар, облигациялар) және қосымша құқық немесе талапты білдіретын көмекші болып бөлінеді. Соңғыларына табыс алуға, яғни пайыз немесе дивиденд алуға немесе бағалы қағаздарды сатып алуға құқықты білдіретін купондар жатады. Олар нарықта өз бетінше айналыста бола алады. Талондар купондарды алуға құқықты білдіреді. Бағалы қағаздар нарығындағы айналыс ерекшеліктеріне қарай нарықтық және нарықтық емес болады. Нарықтық бағалы қағаздар айналыста еркін жүреді, яғни биржалық және биржадан тыс айналыс шеңберінде сатылады және сатып алынады және эмитентіне мерзімінен бұрын қайтарыла алмайды. Нарықтық емес бағалы қағаздар, керісінше, екінші ретті айналымға қатыса алмайды (яғни, биржада және одан тыс айналыста болуы), бірақ эмитентіне мерзімінен бұрын қайтарыла алады. Иеленушілерінің құқықтарының ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар ұсынушысына, ордерлік және атаулы бағалы қағаздар болып бөлінеді. Ұсынушысына берілетін бағалы қағаздар – бұл сату үшін және иесінің құқықтарын растау үшін тек ұсынуы ғана жеткілікті болатын ұсынушылық чектер, акциялар, облигациялар, салым куәліктері, қоймалық куәліктер және т.с.с. Ордерлік бағалы қағаздар. Ұстаушы құқықтары бұл қағазадардың ұсынушысымен, сондай-ақ сәйкес нақты жазбалардың болуымен расталады. Атаулы бағалы қағаздарда иесінің аты-жөні міндетті түрде көрініс табады. Қор бағалы қағаздары мемлекет тарапынан да, сондай-ақ мемлекеттік емес субъектілер тарапынан да эмиссияланады. Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазынашық вексельдер, қазынашылық бондар, қазынашылық міндеттемелер, облигациялық займдар жатады. Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, қысқа мерзімді міндеттемелер, депозиттік сертификаттар жатады. Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операциялары қор, коммерциялық эмиссиялық, сауда, сенімгерлік, кепілдік, кепілдемелік болады. Банктер акциялардың, яғни үлестік бағалы қағаздардың ең белсенді эмитенттерінің бірі болып саналады. Үлестік бағалы қағаздарды шығару қарыздық сипаттағы бағалы қағаздарды шығарумен салыстырғанда тартымдырақ болады. Қазіргі уақытта қарыздық міндеттемелер нарығын дамыту үшін жағымды жағдайлар бар. Алайда бұл депозиттік және жинақ сертификаттары мен вексельдерге қарағанда облигацияларға қытасты төмен дәрежеде көрініс табады. Себебі, облигациялар шығару банктердік өзге қарыздық бағалы қағаздарына қарағанда заңдылық тұрғысында қатаң шектеледі. Депозиттік және жинақ сертификаттарының нарығы жеткілікті түрде көлемдірек және бәсекелік болып табылады. Банктер үшін вексельдік айналым үлкен қызығушылық танытады. Банктік вексель ақша сертификаттарының барлық қасиеттерін иеленеді. Оның ең үлкен артықшылығы тауарлар мекн қызмет көрсетулер үшін есеп айырысу құралы бола алуында болып отыр.
Бақылау сұрақтары: 1. Дамудың мемлекеттік инстиуттарының қажеттілігін және олардың қызмет ету принциптерін түсіндіріңіз 2. Қазақстан Даму Банкінің қызметі 3. Инновациялық қордың құрылуының алғышарттары және міндеттері 4. ҚР инвестициялық қорының қызмет ету негіздері 5. Пайлық инвестициялық қорлар қызметінің мазмұны 6. Пайлық инвестициялық қорлардың артықшылықтары және кемшіліктері 7. Банктердің инвестициялық қызметінің ерекшеліктері
Қолданылатын көрнекіліктер: 1.Даму институттарының қызмет ету принциптері 2.Инвестициялық қорлар сыныптамасы Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Омарова А.К. Инвестицияны қаржаландыру және несиелеу. Оқулық-АлматыТаугуль-ПРИНТ, 2009 – 230 б. 2. Асилова А.С. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу:оқулық, -Алматы: Экономика, 2011 – 280 б. 3. Н.Н.Кадерова, А.А.Макенова, Ж.М.Әбуова. Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу:оқулық, – Алматы, 2011 – 570 б.
|