Студопедия — Зін-өзі бақылау сұрақтары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Зін-өзі бақылау сұрақтары






1. Теміртапшылықты аурудың негізгі клиникалық көріністерін атап шығыңыз.

2. В12 тапшылықты анемияның негізгі клиникалық көріністерін атаңыз.

3. Пойкилоцитоз дегеніміз не?

4. Жолли денешігі мен Кебот сақинасы дегеніміз не және олардың диагностикалық маңыздылығы қандай?

5. Эозинофильдердің диагностикалық маңызы қандай?

6. ЭТЖ-ның максималды жоғарылауының негізгі себептерін атап шығыңыз.

7. Қан аққыштыққа арналған негізгі зертханалық скрининг-тесттерді атап шығыңыз.

8. Теміртапшылықты анемияның негізгі гематологиялық көріністерін атап шығыңыз.

9. В12 тапшылықты анемияның негізгі гематологиялық көріністерін атаңыз.

10. Лейкоздың негізгі клиникалық-гематологиялық сипаттамаларын атап шығыңыз.

 

 

ТАРАУ

Ішкі секреция бездерінің ауруларымен ауыратын науқастарды зерттеу әдістері

Сұрастыру

Эндокринді жүйе ауруларымен ауыратын науқастар әр түрлі сипаттағы: шөлдеу, арықтау, терісінің қышуы, терісінің түсінің өзгеруі, ашуланшақтық, тершеңдік, жүрегінің жиі соғуы, ұйқысыздық, жиі ояна беруі, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, жалпы әлсіздік, жыныс белсенділігінің төмендеуі, белсіздік сияқты шағымдарын айтады.

Арау

Эндокринді жүйе ауруларымен ауыратын науқастарды қарау маңызды диагностикалық мәлімет береді.

Бой өсуінің бұзылуы. Гигантизм жыныс бездерінің қызметі төмендегенде немесе жыныстық жетілу кезінде гипофиздің алдыңғы бөлігінің гиперфункциясының нәтижесінде пайда болады. Денесінің жеке бөлігінің үлкейіп кетуі акромегалияда байқалады ( жыныстық жетілуден кейін өсу гормонының көп болуы). Ергейжейлілік гипофиздің алдыңғы бөлігінің гипофункциясының нәтижесінде (гипофизарлы нанизм) немесе қалқанша безінің гипофункциясы нәтижесінде (тиреогенді нанизм) жыныстық жетілуге дейін пайда болады.

Сүйек тінінің өзгеруі. Бас сүйегінің қалыңдауы, жақ сүйектерінің үлкеюі, саусақ бастарының қалыңдауы акромегалияда байқалады. Ұзын түтікше тәрізді сүйектердің эпифизбен сүйектенуінің кешігуі евнухоидизмге (әтекке) тән. Сколиоз, кифосколиоз және тегіс сүйектердің зақымдалуы гиперкортицизмде байқалады.

Ағзаның жалпы дамуының кешігуі эндокринопатияның негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Туа біткен қалқанша безінің гипоплазиясы, эндемиялық зоб, гипогонадизм физикалық және психикалық; дамудың кешігіумен, кретинизммен бірге байқалады.

Терінің түсінің және тері қабаттарының өзгеруі. Терісінің түсі қола тәрізді алақан қыртыстарының гиперпигментациясы біріншілік гипокортицизмнің; белгісі болып табылады. Қызарған, ыстық, ылғалды және созылғыш1 тері гипертиреозға тән, ал құрғақ, әжімді, суық және бос тері гипотиреозге тән. Шамадан тыс түктілік (гипертрихоз) бүйрек үсті безі қыртысының кейбір ісіктерінде кездеседі. Әйел адамдарда еркек адамдағы сияқты түктің пайда болуы (гирсутизм) андростеромада (вирилизацияланған бүйрек үсті безінің ісігінде) және Лейдига мен Сертоли жасушаларынан болатын вирилизацияланған аналық безінің ісігінде байқалады. Іште, балтырдың ішкі бетінде қызарып көгерген стриидің пайда болуы гиперкортицизмге тән. Осы синдромның АКТГ тәуелді формасында тері гиперпигментацияланады, қола түсті болады.

Эндокриндік науқастарда метаболизмдік бұзылыстар гиперкортицизмге байланысты. Науқастарда дене салмағы өзгереді, ол дене салмағының индексі (Кетле индексі) бойынша бағаланады. Жалпы семіру гипогонадизммен бірге болса, ол адипозо-генитальді дистрофияның белгісі. Аналық безін алып тастау нәтижесінде әйелдерде гипогонадизм немесе менапуза басталғаннан кейін жалпы семіру байқалуы мүмкін. Әйелдерде белден төмен майлардың бірдей емес жиналуы Барракер–Симмондс синдромында байқалады. Әйел және ер адамдарда денесінің жоғарғы бөлігінің семіруі гиперкортицизм ге тән. Бірден арықтап кету Симмондс синдромына тән (гипофиздің алдыңғы бөлігінің зақымдануының әсерінен гипофизарлы кахексия). Бірталай дене салмағын жоғалту гипертиреоз кезінде де байқалады.

Психикалық бұзылыстар: абыржыған, мазасыз, бір қалыпты емес, көңіл күйінің өзгеруі гипертиреозға тән. Керісінше көрініс (баяулық, флегматикалылық, амимия, аз қозғалғыштық) гипотиреозда байқалады. Әйелдер климактериялық кезеңде көңіл-күйінің өзгергіштігіне, агрессияға, жылай беруге бейім болып келеді.

Көздің бұзылыстары: бадырақ көзді (экзофтальма) ерекше қорқыныш-үрейлі түрі мен жүрегінің жиі соғуы және зобтың болуы гипертиреоздың негізгі белгісі (осы аурудағы көздің симптомдары туралы толығымен – әрі қарай қараңыз). Түрік ертоқымы аймағындағы ісік кезінде көз аймағын тексерудің маңызды диагностикалық мәні бар. Гипофиз ісігінде (мысалы, акромегалияда) көздің көруінің нашарлауымен (амблиопиеямен) көру аймағының самай бөлігінің қызметінің бұзылуы (битемпоральді гемианопсия), тіпті, көздің мүлдем көрмей қалуы байқалады (амавроза). Аталып өткен көру бұзылысының симптомдары гипофизбен көлемі үлкейген көз жүйкесінің айқасатын жерінің қысылып қалуымен байланысты.

Жыныстық дисфункция. Семіздікпен біргежыныстық жетілудің кешігуі адипозогенитальді дистрофияның негізгі белгісі болып табылады. Гипогонадизм белгілері (жыныс мүшелерінің жетілмеуі, екіншілік жыныстық

 

[1] Гипертиреозбен ауыратын науқастардың терісінің серпімді болуы онда гликозамингликандардың болуына байланысты.

 

белгілерінің жоқ болуы) егер ол жыныстық жетілуге дейін басталатын болса, ерекше байқалады. Еркектерде біріншілік немесе екіншілік жыныстық инволюциялар піштірген кезде байқалады. Ерте жыныстық жетілу (pubertas praecox) бүйрек үсті безінің, жыныс бездерінің және сирек эпифиз ісігінде дамиды. Аменорея, бедеулік, еркектерде белсіздік акромегалияда байқалады. Жоғарыда аталып өткен андростерома және Лейдига–Сертоли ісігі, гирсутизмнен басқа, әйелдерде дауысының өзгеруіне - дауысының жуандауына, аменореяға және клитор көлемінің өзгеруіне әкеледі.

Жүрек-қан тамырлар жүйесіндегі тахикардая, денесінің әр жерлерінде тамыр соғуын сезінуі, бетінің дуылдауы, систололық артериялық гипертензия сияқты өзгерістер гипертиреозы бар адамдарға тән. Осы синдромның асқынған түрінде тиреотоксикалық жүрек дамиды, ол жүрек жетіспеушілігіне әкеледі. Гипотиреоз кезінде брадикардия, қалыпты байқалатын артериялық гипотония, гидроперикард болады. Артериялық қысымның бірден төмендеп кетуі гипокортицизмнің негізгі белгісі болып табылады.

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2461. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия