Атты дененің деформациясы.
Қатты денелердің сыртқы күштің әсерінен пішіні мен өлшемін өзгертуін деформация деп атайды. Серіппенің деформациясын қарастырғанда, оның бірлік ауданына келетін күштің көлденең қимаға қатынасын кернеу деп атайды. (3.13) Дененің бөлшектерінің бір-бірімен әсерлесуі нәтижесінде серіппенің барлық көлемі өзгеріске ұшырайды. Егер әсер ететін күш бетке нормаль бағытталған болса, кернеуді қалыпты немесе нормаль кернеу деп атайды. Егер күш бетке жанама бағытталған болса, онда кернеу тангенсиал деп аталады. Серіппенің деформациядан кейінгі ұзаруын ∆ℓ, деформацияға дейінгі ұзындығына бөлсек, дененің салыстырмалы деформациясы шығады: (3.14) Немесе салыстырмалы деформация кернеуге тура пропорционал: ε=ασ. Материалдың серпімді қасиеттерін қарастырғанда: деген шама қолданылады, бұл шама серпімді модуль немесе Юнг модулі деп аталады. Юнг модулін қолданып салыстырмалы деформацияны мына түрде жазуға болады: Мұндағы α- материалдың табиғатына байланысты пропорционалдық коэффициенті, ол Пуассон коэффициенті деп аталады. Юнг модулінің өлшем бірлігі – (Па) Енді теңдеуді теңестіре отырып, былай жазуға болады: - бұл Гук заңы болып табылады. Бұдан серпімді деформация кезінде серіппенің ұзаруы әсер етуші күшке тура пропорционал екендігі шығады, мұндағы k-пропорционалдық коэфициент немесе серпімділік коэффициенті деп аталады.
|