Механикалық жұмыс
Жұмыс деп әсерлесуші денелердің бір-бірімен энергия алмасуының сандық өлшемін айтады. Түзу сызықты қозғалыс кезінде күш тұрақты және орын ауыстыру бойымен бағытталған жағдайда жұмыс F күшімен оның түскен нүктесінің S орын ауыстыруының көбейтіндісіне пропорционал, яғни Мұндағы k-пропорционалдық коэффициенті, егер k=1 және
F-денеге түсірілген күш, S-орын ауыстыру, α – күш бағытымен орын ауыстыру арасындағы бұрыш. Сонда жұмыс шамасы сан жағынан F – күштің, күш түсірілген нүктенің S-орын ауыстыруының және күш бағытымен орын ауыстыру арасындағы α бұрышы косинусының көбейтіндісіне тең болады. Жұмыс – скаляр шама. Егер күш бағыты мен орын ауыстыруының арасындағы бұрыш сүйір ( Егер күш бағыты мен орын ауыстыруының арасындағы бұрыш доғал ( Егер күш пен орын ауыстыру арасындағы бұрыш Жұмыстың өлшем бірлігі – Джоуль (Дж), 1Н күштің 1м жолда жасаған жұмысы 1Дж=1Нм. Уат Механизмнің уақыт бірлігінде істейтін жұмысын қуат деп атайды. Мұндағы dA – жұмыс, dt – уақыт, яғни қуат-жұмыстың уақыт бойынша алынған туындысы. Егер қозғалтқыш (двигательдің) жұмыс істеуі кезінде қуаты тұрақты болса, оның қозғалысы бір қалыпты болады, ендеше қуат:
Күш векторының жылдамдық векторына скалярлық көбейтіндісін береді. Қуаттың өлшем бірлігі – Ватт (Вт). 1Вт-1с-та ІДж жұмыстың жасалуы, 1Вт=1Дж/с.
|