Студопедия — Бөдене етінің тағамдық және биологиялық құндылығы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бөдене етінің тағамдық және биологиялық құндылығы






Бөдене етінің химиялық құрамына келер болсақ: су- 70,2 %, ақуыз-22 %, май- 6,8 % және күл – 1 %.

Кесте-22 -Бөдене етінің минералдық және витаминдік құрамы, салыстырмалы түрде:

Көрсеткіштер Құрамы, мг/100г етке
Бөденеде Бройлер балапанында
Минералды заттар: Фосфор    
Кальций    
Калий    
Натрий    
Магний    
Темір 3,2 1,3
Витаминдер: А (ретинол)   0,31   0,04
В1 (тиамин) 0,10 0,09
В2 (рибофлавин) 0,26 0,16
Е (токоферол) 1,35 Қалдықтар

 

Әрбір тағамдық өнім құрамында дұрыс зат алмасуға қажетті компонет болуы керек. Өмір сүру барысында адам энергия мен азықтық заттарды: ақуызды, майды, көмірсуларды, аминқышқылдарды, май қышқылдарын, минералды тұздарды, микроэлементтерді, витаминдерді қажет етеді. Бұлардың көпшілігі адам ағзасында синтезделмейді, бірақ биологиялық дамуына аса қажетті заттар болып табылады.[26]

Бөдене етінің ерекшелігі: нәзік консистенциялы, шырынды, ароматты және жоғары дәмділікті сапаға ие. Еттің химиялық құрамы оның тағамдық құндылығы мен тұтынушылық қасиетін айқындайтын маңызды көрсеткіш болып табылады.[17]

Бөдене етінің құрамында ақуыз мөлшері көп те, май мөлшері аз. Майының аз болуы консистенциясы мен түсі, дәмі және энергетикалық құндылығына әсер етеді. Бөдене еті минералды заттар, сонын ішінде, темір, кальций, калий элементтеріне бай. Бөдене етінің құрамында ретинол, токоферол, рибофлавин секілді витаминдердің болуы тағамдық құндылығы жөнінен басқа да еттерден еш кемшілігі жоқ.

23-кестеде аминқышқылдық құрамын экспериментті зерттеудің салыстырмалы нәтижелері көрсетілген. Бөдене етінде маңызды аминқышқылдар оптималды мөлшерде ғана бар. Бұл етте лимиттелетін аминқышқылдар мүлде жоқ.

Кесте-23 - Бөдене етінің аминқышқылдық құрамы

Аминқышқылдар Ақуыздағы құрамы, мг/г Еттегі аминқышқылдардың шапшаңдығы, %
Бөдене Бройлер балапаны Бөдене Бройлер балапаны
Валин 5,460 4,802 109,21 96,04
Изолейцин 4,453 3,858 111,33 96,45
Лейцин 9,100 7,528 130,01 107,54
Лизин 6,844 8,629 124,43 156,89
Метионин+ цистин 5,694 3,640 162,68 104,00
Треонин 4,682 4,310 117,05 107,75
Триптофан 1,624 1,600 162,40 116,83
Фенилаланин+тирозин 6,636 7,010 110,60 160,00

 

24-кестеде бөдене етінің биологиялық құндылығының сандық көрсеткіштері келтірілген.

Кесте-24 - Бөдене етінің биологиялық құндылығы

Ет Аминқышқылдық шапшаңдықтың айырмашылық коэффициенті, % Биологиялық құндылық, % Аминқышқылдық құрамның утилитарлық коэффициенті, ед. Салыстыруға болатын артық көрсеткіш, мг
Бөдене 19,25 80,75 0,88 47,4
Бройлер балапаны 22,15 77,85 0,84 70,8

25-кестеде бөдене етін пайдаланғанда ересек адамның аминқышқылға деген қажеттілігінің қанағаттандырылуы көрсетілген.

Кесте-25 - Аминқышқылға деген тәуліктік қажеттілік

Көрсеткіш Ересек адамның орташа тәуліктік қажеттілігі, г Мөлшері, 100 г етте 100 г етті пайдаланғандағы тәуліктік қажеттіліктің қанағаттандырылуы
Ақуыздар 90-100 - -
Соның ішінде жануар текті      
25-кесте жалғасы      
Ауыстырылмайтын аминқышқылдар
Валин 3-4 1,20  
Изолейцин 3-4 0,98  
Лейцин 4-6 2,00  
Лизин 3-5 1,51  
Метионин 2-4 0,77  
Треонин 2-3 0,99  
Триптофан   0,33  
Фенилаланин 2-4 1,43  
Ауыстырылатын және жартылай ауыстырылатын аминқышқылдар
Гистидин 1,5-2 0,97  
Аргинин 5-6 1,21  
Цистин 2-3 0,45  
Тирозин 3-4 0,16  
Аланин   1,28  
Серин   0,72  
Глутамин қышқылы   2,42  
Аспарагин қышқылы   1,50  
Пролин   1,13  
Глицин   1,18  

 

Берілген мәліметтерге бойынша көретініміз 100 г бөдене еті адамның жануартекті ақуыздарға деген тәуліктік қажеттілігін 44 %, ағзаның ауыстырылмайтын аминқышқылдарға деген қажеттілігін 28-48 % қанағаттандырады.

Қорыта айтқанда бөдене еті тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары өнім болып табылады.

 

Күркетауық етіне сипаттама

 

Ет ассортиментін кеңейтуде күркетауық шаруашылығы да маңызды орын алады. Күркетауық етін өндіруші ең ірі өндірушілер АҚШ, Франция, Германия, Италия және Ұлыбритания болып табылады. Шет елдерде бұл ет түрін тек арнайы уақытта (Рождество) көптеп пайдаланады. Бізде күркетауық етін және оның өнімдерін пайдалану шектелген, сол себепті бұл етті шет елге реализациялайды.

Күркетауық - ауылшарушылық құстарының ең ірі түрі. Ересек күркетауық еркегінің салмағы 20-30 кг-ға жетеді, ал ұрғашысының салмағы – 7-10 кг. Етті бағыттағы 4 айлық күркетауық ұрғашысының салмағы 6 кг, 5-6 айлық еркегініңкі 12-14 кг. Таза салмағының өсуі жөнінен күркетауық тауық, қаз, үйректен асып түседі. Күркетауық етінен өнім өндіретін өндірістің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 3 типті құс қолданылады: жеңіл (10 кг-ға дейін), орташа (10-15 кг) және ауыр (15 кг-нан көп).

Күркетауық-еті құнды ақуызды өнімдердің бірі. Ол толық құнды жануар текті ақуыздардың, жоғарғы дәрежелі ауыстырылмайтын май қышқылдары липидтерінің маңызды көзі. Ол жоғарғы диеталық қасиетке ие.

Күркетауықтың ақ етінде (кеуде бұлшықеттері) қызыл етімен (сан еті бұлшықеттері) салыстырғанда липид мөлшері аз. Күркетауық етінде басқа да құс еттерімен салыстырғанда В тобының витаминдері көп және холестерин мөлшері аз. Күркетауық етінен дайындалған өнімдерінің тағамдық құндылығы жоғары. Күркетауық етінің химиялық құрамы құстың түрі, жасы және категориясына байланысты (26-кесте) [27].

Кесте-26 -Күркетауық етінің химиялық құрамы

Көрсеткіш Күркетауық еті
1-санатты 2-санатты
Химиялық құрамы, 100 г өнімде:
Ақуыз 19,5 21,6
Май 22,0 12,0
Көмірсу - 0,8
Күл 0,9 1,1
Витаминдер, 100 г өнімде:
А, мг 0,01 0,01
β-каротин, мг қалдықтар Қалдықтар
Е, мг 0,34 -
А, мг - -
В6, мг 0,33 0,33
В12, мг - -
Биотин, мкг - -
Ниацин, мг 7,8 8,0
Пантотен қышқылы, мг 0,65 -
Рибофлавин, мг 0,22 0,19
Тиамин, мг 0,05 0,07
Фолацин, мг 9,60 9,40
Холин, мг    
Энергетикалық құндылығы, ккал    

 

Сіңімді заттары бойынша күркетауық етінің басқа да мал еттерінен айырмашылығы аз. Құс етінің байланыстырушы ұлпасының мықтылығы аз, сол себепті ол жылулық өңдегенде гидролизге тез ұшырайды.

Тағамдық құндылығын аминқышқылдық құрамы немесе еттегі толық құнды ақуыздардың дәрежесі арқылы оңай анықтауға болады[7].

Кесте-27 -Күркетауық етінің аминқышқылдық құрамы

Көрсеткіштер Күркетауық еті
1 санатты 2 санатты
Ақуыз 19,5 21,6
Аминқышқылдық құрамы, 100 г ақуызда г-мен
Ауыстырылмайтын аминқышқылдар: 39,10 39,25
Валин 4,77 4,71
Изолейцин 4,94 4,76
Лейцин 8,14 8,42
Лизин 8,39 8,94
Метионин 2,55 2,30
Треонин 4,49 4,45
Триптофан 1,69 1,64
Фенилаланин 4,12 3,94
Ауыстырылатын аминқышқылдар: 60,69 60,54
Аланин 6,25 6,12
Аргинин 5,99 6,45
Аспарагин қышқылы 10,30 9,75
Гистидин 2,77 2,02
Глицин 5,83 6,08
Глутамин қышқылы 16,82 17,00
Оксипролин 0,93 1,0
Пролин 4,26 4,21
Серин 3,77 3,97
Тирозин 3,16 3,29
Цистин 0,62 0,67
Аминқышқылдардың жалпы саны 99,76 99,80
Лимиттелетін аминқышқылдың ағымы, % жоқ Жоқ

 

Құс майының еру температурасы 40 ºС төмен[14]. Сол себептенде ағзаға ңай сіңіріледі. 28-кестеде күркетауықтың жеуге жарамды бөлігіндегі триглицеридтер көрсетілген.

Кесте -28- Күркетауық етінің триглицеридтері

Липидтердің фракциялық және майқышқылдық құрамы, 100 г етте г Күркетауық еті
1 санатты 2 санатты
Липидтар (соммасы) 22,00 12,00
Триглицеридтер 16,06 8,40
Фосфолипидтар 4,40 3,00
Холестерин 0,21 0,13
     
Май қышқылдары (соммасы) 18,35 9,12
Қаныққан 5,82 2,91
Соның ішінде:
C12:0 (лаурин) 0,02 0,01
28-кесте жалғасы    
С14:0 (миристин) 0,23 0,11
С15:0 (пентадекан) 0,03 0,01
С16:0 (пальмитин) 4,10 2,06
С17:0 (маргарин) 0,07 0,03
С18:0 (стеарин) 1,35 0,67
С20:0 (арахидон) 0,02 0,02
Моноқанықпаған 8,46 4,23
Соның ішінде:
С14:1 (миристолеин)    
С16:1 (пильмитолеин) 1,78 0,74
С17:1 (гептадецен) 0,05 0,02
С18:1 (олеин) 6,42 3,36
С20:1 (гадолеин) 0,21 0,11
Полиқанықпаған 4,07 2,06
Соның ішінде:
С18:2 (линоль) 3,88 1,98
С18:3 (линолен) 0,15 0,06
С20:4 (арахидан) 0,04 0,02

 

Күркетауық липидтерінің құрамында жоғарғы дәрежелі қанықпаған май қышқылдары бар.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 353. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия