Студопедия — С етін өндіру және оның болашағы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

С етін өндіру және оның болашағы






Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары және 2010-шы жылға дейін құс шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру отандық құс етін тұтынуды адам басына шаққанда қазіргі 8,3 кг-нан 15,6 кг-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның авторлары 2010-шы жылы қазақстандық кәсіпорындар 225 мың тонна құс етін өндіреді (өсім 87,5%-ды құрайды) деп болжауда.

Тұтынушылар нарығына құс етінен жасалған отандық өнімдер құс ұшасы (48%), табиғи және кесектелген жартылай фабрикаттар (22%), шұжықтар, паштеттер, консервілер және т.б. қосқанда, дайын өнім (30%) түрінде келіп түседі. Бұл етті қайта өңдеу кәсіпорындарының құс етін алуан түрлі өнімдер жасау үшін негізгі немесе қосалқы шикізат ретінде кеңінен қолданатындығын куәландырып, көрсетіп отыр.

Мамандар Қазақстан Республикасында құс етін тұтынудың одан әрі өсе түсетіндігін болжап отыр. Сондықтан өнім өндірушілер алдында өндіріс көлемін арттыру және құс етінен жаңа өнімдер жасау мәселесі тұр. Алайда дәмді, рентабельді және бәсекеге қабілетті өнім шығару алдыңғы қатарлы технологияларды қолданусыз мүмкін емес.

Мамандар құс етінен өнімнің қандай да бір түрін шығару үшін алуан түрлі технологиялық жабдықтар мен тамақ қоспаларын ұтымды қолдану бойынша ұсыныстар кешенін жасап шығарды.

Құстан табиғи жартылай фабрикаттар өндіру үшін жабдықтардың кең тізімін қолдануға болады.

Табиғи жартылай фабрикаттарға салқындатылған және тоңазытылған күйдегі тауықтардың, күркетауықтардың және құстың өзге түрлерінің денелері де, оларды мүшелегенде алынатын өнімдер де жатады. Порциялық ет-сүйек жартылай фабрикаттары – бұл құс ұшасының жекелеген бөліктері (сан еті, жамбасы, сирағы, қанаттары, кеудесі және т.б.). Сүйексіз жартылай фабрикаттар кеуде етінен алынған филе, саннан алынған филе, шницель, рулеттер және т.с. түрінде болады. Ұсақ кесекті және ет-сүйекті жартылай фабрикаттарға құстан жасалған кәуап, гузка, мойын және т.б. жатады.

Табиғи жартылай фабрикаттар - өнімнің айтарлықтай қымбат түрі болғандықтан, әрбір өнім өндіруші оның өзіндік құнын төмендету тәсілін іздестіреді. Олардың бірі - өнімнің шығымын арттыруға, тәп-тәуір тауарлық түрін қамтамасыз етуге, жарамдылық мерзімін ұзартуға, оның ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік беретін маринадтар мен тұздықтырды қолдану.

Құс етінен табиғи жартылай фабрикаттар өндірудің қазіргі замандағы технологиясы тамақтық қоспаларды және әр түрлі ингредиенттерді қолдануды қарастырады.

Құстан жасалған табиғи жартылай фабрикаттардан кейінгі екінші орынды кесілген жартылай фабрикаттар алады. Нарықтағы тауарлардың осы тобында негізінен алғанда тауық фарштары, тұшпара мен чебуректер секілді қамыр қабатындағы жартылай фабрикаттар, сонымен қатар котлеттер, гамбургерлер, кесілген шницельдер, крокеттер, кнельдер, фрикаделькалар, люля-кебаб және корден-блю көрсетілген.

Құс етінің функционалдық-технологиялық ерекшеліктерін, сонымен қатар өнім өндірушілердің рентабельді және жоғары сапалы өнім алу ниетін ескере отырып біз өсімдік ақуызын қолдануды ұсынамыз. Әр түрлі толтырмалары бар құс етінен жасалған өнімдер танымал бола бастады. Олардың пішіні мен құрамы әртүрлі болуы мүмкін: ішінде құстан жасалған фаршы бар қамырдан жасалған қабығы бар немесе ірімшік пен көкөністен, саңырауқұлақтардан, картоптан, жармалардан, специялардан, дәмдеуіштерден және т.б. толтырмалары бар құс етінен жасалған қабықты болуы ықтимал. Осындай өнімдерді өндіру арнайы жабдықты пайдалануды қарастырады.

Ет өңдейтін кәсіпорындардың ассортиментінде көп орын құс етінен жасалған шұжық өнімдеріне беріліп отыр.

Рецептуралар бойынша жасалған «Мортаделла», «Делипур», «Паризер», «Құс етінен жасалған шұжық» шұжықтары арнайы іріктеп, таңдап алынған табиғи дәмдеуіштердің (кардамон, мускат жаңғағы, чили, имбирь, мацисс, бұрыш, любисток және т.с.) арқасында дәмдердің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

«Вюрстхен-стар», «Франкфурттық», «Люксус» арнайы қоспалары бар құс етінен жасалған сосискалар мен сарделькалар дәмі мен сыртқы түрі бойынша жоғары сортты шошқа және сиыр етінен жасалған өнімнен кем түспейді.

Чипстер, снектер, пастрома, гузки, қақталған сан еті мен қанаттар, суықтай қақталған құс денесі, тауық фаршы негізіндегі қақталған шұжықтар секілді құс етінен жасалған шикідей қақталған және ысталған өнімдердің танымалдығы артып келеді.

Шикідей қақталған өнімдердің өндірудің технологиялық процесін қарқынды ету үшін ет өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындары пісіп жетілу мерзімінің ұзақтығын қысқартатын қоспа ретінде глюконодельталактонды қолдана бастады. Бұл зат көміртектердің аралық ыдырау өнімі болып табылады және глюкон қышқылын бөле отырып, ет шырынында оңай еруге қабілетті. Глюкон қышқылының әсері шикідей қақталған өнімдерді өндірудің дәстүрлі тәсілі кезіндегі сүт қышқылының әсеріне ұқсас болып келеді [2].

Құс шарушылығы мал шаруашылығының ең тез жетілетін, әрі тиімді саласы. Соңғы 10 жылда мемлекетіміздің ауыл шарушылығын дамыту мақсатындағы саясатының арқасында құс шарушылығының жағдайы біршама тұрақтанды. Осының арқасында өндіріс өнімдерінің көлемінің және де құс басы санының артуын көруге болады. Құс басы саны осы периодта 78% артты. Құс етін өндіру 2,7 есе өсті. Отандық өндірушілер ішкі сауда

сұраныстарын толық қанағаттандыра алады[3].

Кесте-1 - 2007 жылмен салыстырғандағы 2008 жылғы облыстар бойынша құс басының саны

 

Аймақтар Шаруашылықтың барлық категориялары. Соның ішінде, мың бас
Ауылшаруашылық мекемелері Фермерлік шаруашылық Үй шаруашылығы
2008ж 2007ж 2008ж % 2007ж 2008ж 2007ж 2008ж % 2007ж 2008ж 2007ж 2008ж % 2007ж 2008ж 2007ж 2008ж % 2007ж
Қазақстан Республикасы 26325,4 25606,1 102,8     102,0 3962,2 302,2 131,1   3435,4 102,9
Ақмола 251,4 2704,4 94,4 1505,4 717,4 87,2 4,0 0,2 20есе 1042,0 986,4 105,6  
Ақтөбе 949,7 879,8 107,9 293,4 275,7 106,4 8,1 11,8 68,6 648,2 592,3 109,4
Алматы 6314,5 6229,9 101,4 3440,0 3375,1 101,9 192,9 142,3 135,6 2681,6 2712,5 98,9
Атырау 39,4 36,7 107,4       2,6 1,8 144,4 36,8 34,9 105,4
Шығыс Қазақстан 2830,2 2830,9 100,0 1999,5 2021,3 98,9 13,9 11,3 123,0 816,8 798,3 102,3
Жамбыл 1373,7 1392,2 98,7       31,2 36,8 84,8 1342,5 1355,4 99,0
Батыс Қазақстан 931,8 857,2 108,7 346,8 336,1 103,2 69,7 12,8 544,5 515,3 508,3 101,4
Қарағанды 1803,2 1625,4 110,9 1248,6 986,0 126,6 32,4 27,2 119,1 522,2 112,2 85,3
Қостанай 3595,8 3400,7 105,7 1135,0 1216,5 93,3 0,8 0,7 114,3 2460,0 2183,5 112,7
Қызылорда 416,7 428,2 97,3 154,0 157,3 97,9 0,4 0,6 66,7 262,3 270,3 97,0
Маңғыстау 7,6 8,6 90,5             7,6 8,4 90,5  
Павлодар 1129,4 1057,4 106,8 551,2 512,1 107,6 15,4 20,4 75,5 562,8 524,9 107,2
Солтүстік Қазақстан 2217,1 2112,9 104,9 517,6 729,8 112,0 18,0 38,0 60,0 1381,5 1353,1 102,1
Оңтүстік Қазақстан 2132,1 2001,8 106,5 611,7 540,3 113,2 4,5 5,8 77,6 1515,9 1455,7 104,1
Астана қаласы 9,2 16,1 57,1             9,2 16,1 57,1
Алматы қаласы 23,6 24,5 96,3 1,0 0,9 111,1 2,3 0,5 4,6 есе 20,3 23,1 87,9

 

 

Кесте-2 - 2008 - 2009 жылдардағығы Республикадағы құс басының саны

Құстар  
Мың бас  
Аймақтар Шаруашылықтардың барлық санаттары соның ішінде  
ауыл шаруашылығы кәсіпорындары шаруа қожалықтары Үй шаруашылығы  
 
2009ж. 2008ж. 2009ж.% пен 2008ж. қарағанда   2009ж. 2008ж. 2009ж. % пен 2008ж. қарағанда 2009ж. 2008ж. 2009ж.% пен 2008ж. 2009ж. 2008ж. 2009ж.% пен 2008ж. қара ғанда  
 
 
Қазақстан Республикасы 29850,2 28239,3 105,7 15066,1 14585,5 103,3 342,0 345,5 99,0 14442,1 13308,3 108,5  
Ақмола 2375,7 2532,9 93,8 1185,9 1368,9 86,6 1,5 3,2 46,9 1188,3 1160,8 102,4  
Ақтөбе 1079,8 982,9 109,9 344,4 273,8 125,8 7,8 10,4 75,0 727,6 698,7 104,1  
Алматы 8393,4 7767,6 108,1 5764,6 5742,4 100,4 180,8 143,8 125,7 2448,0 1881,4 130,1  
Атырау 54,4 52,4 103,8 0,3 0,3   4,1 4,0 102,5 50,0 48,1 104,0  
Ш-Қазақстан 3359,0 3011,5 111,5 2535,9 2181,0 116,3 9,2 12,1 76,0 813,9 818,4 99,5  
Жамбыл 1489,1 1451,3 102,6       24,5 27,5 89,1 1464,6 1423,8 102,9  
Б- Қазақстан 975,2 881,8 110,6 381,5 299,0 127,6 46,9 67,5 69,5 546,8 515,3 106,1  
Қараганды 1708,3 1633,1 104,6 1258,3 1188,2 105,9 27,0 27,3 98,9 423,0 417,6 101,3  
Қостанай 4012,3 3667,8 109,4 1279,5 1174,1 109,0 1,0 1,1 90,9 2731,8 2492,6 109,6  
Қызылорда 365,9 406,7 90,0 121,0 174,3 69,4 0,2 0,5 40,0 244,7 231,9 105,5  
Маңғыстау 11,0 13,8 79,7       0,3 0,5 60,0 10,7 13,3 80,5  
Павлодар 1102,4 1092,2 100,9 555,2 541,0 102,6 7,9 10,0 79,0 539,3 541,2 99,6  
С- Қазақстан 2677,2 2559,9 104,6 994,5 996,4 99,8 24,0 32,7 73,4 1658,7 1530,8 108,4  
О-Қазақстан 2193,8 2132,5 102,9 643,7 645,2 99,8 5,6 4,8 116,7 1544,5 1482,5 104,2  
Астана қаласы 4,9 4,5 108,9 0,3       0,0   4,6 4,5 102,2  
Алматы қаласы 47,8 48,4 98,8 1,0 0,9 111,1 1,2 0,1 12 есе 45,6 47,4 96,2  

 

2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, тұтастай алғанда республика бойынша өткен жылдың дәл осындай күнімен салыстырғанда шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара малдың мал басы 3,4%- ға өсіп, 5853,0 мың басты құрады, тиісінше қой мен ешкілер – 5,2% және 16151,7 мың бас; шошқалар – 6,4% және 1387,9 мың бас; жылқылар – 4,4% және 1289,6 мың бас; түйелер – 3,7% және 143,7 мың бас; құстар тиісінше 5,7% және 29,8 млн. бас құрады.

2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, ірі қара малдың, қойлар мен ешкілердің саны өткен жылдың осындай күнімен салыстырғанда барлық облыстардың ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінде өсе түсті. Дәл сол кезде, аталған күнге шошқа басы - Қызылорда облысында (22,2%-ға), Маңғыстау облысында (16,7%-ға), Батыс Қазақстан облысында (11,2%-ға).

Кесте-3 -Қазақстан Республикасындағы 2009 жылғы 1 қаңтарға ауыл шаруашылық малдары мен құстардың саны (мың бас)

Аймақтар ІҚМ Шошқа Ұсақ тұяқ Жылқы Түйе Құстар
Қазақстан Республикасы 5853,0 1387,9 16151,7     29850,2
Ақмола 395,3 204,1 325,0 88,7 0,1 2375,7
Ақтөбе 435,5 61,2 1009,0 66,4 16,0 1079,8
Алматы 760,0 158,3 2829,2 206,0 5,7 8393,4
Атырау 165,4 2,7 563,2 40,8 29,0 54,4
Ш-Қазақстан 767,6 120,2 2058,1 171,8 0,4 3359,0
Жамбыл 316,7 40,8 2162,0 80,8 4,9 1489,1
Б-Қазақстан 433,4 25,3 745,5 56,9 3,5 975,2
Қарағанды 406,5 105,3 926,3 122,8 1,3 1708,3
Қостанай 530,5 286,0 302,9 74,9 0,2 4012,3
Қызылорда 238,4 3,5 741,5 57,6 26,9 365,9
Маңғыстау 9,6 0,5 524,7 36,2 40,1 11,0
Павлодар 354,1 97,2 433,7 69,9 0,0 1102,4
С-Қазақстан 346,9 247,2 223,0 82,2 0,0 2677,2
О-Қазақстан 689,5 34,7 3305,2 133,9 15,6 2193,8
Астана қаласы 1,2 0,2 0,8 0,3   4,9
Алматы қаласы 2,4 0,7 1,6 0,4   47,8

 

2009 жылғы 1 қаңтарға қарай ірі қара малдың саны бойынша халықтың қолындағы шаруашылықтың үлесі 83,7%, ауыл шаруашылық кәсіпрындарының үлесі - 5,4%, шаруа қожалықтарының үлесі - 10,9 болса; қойлар мен ешкілер бойынша – тиісінше 71,5; 5,4 23,1; шошқалар бойынша – тиісінше 78,2; 14,1 7,7%; құс бойынша – тиісінше 48,4; 50,5 1,1% құрады (2,3-кестелер).

2008 жылғы 1 қаңтарға қарай шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара малдың мал басы 3,7%-ға өсіп, 5660,4 мың бас құрады, қойлар мен ешкілер – тиісінше 7,1% және 15350,3 мың бас, шошқалар – 1,8% және 1304,9 мың бас, жылқылар – 6,2% және 1235,6 мың бас, түйелер – 6,2% және 138,6 мың бас, және құстар - 7,7% және 28,2 млн. бас. Өткен жылдың дәл осындай датасымен салыстырғанда ауыл шаруашылық кәсіпорындарда ірі қара малдың мал басы (2,4%-ға), қойлар мен ешкілер саны (1%-ға) кеміді, шаруа қожалықтары бойынша – құс саны (8%-ға), тұрғылықты халықтың шаруашылықтары бойынша – құс саны (2,3%-ға) және шошқа саны (1,8%-ға) азайды (4,5-кестелер).

Кесте-4 -Қазақстан Республикасындағы 2008 жылғы 1 қаңтарға қарай мал мен құс саны (мың бас)

Мал түрі Шаруашы лықтардың барлық санаттары Оның ішінде
Ауыл шаруашылық кәсіпорындар Шаруа қожалықтар Тұрғын халықтың шаруашылықтар
Ірі қара 5660,4 323,6 571,8 4765,0
Ұсақ тұяқ 15350,3 857,3 3269,2 11223,8
Шошқа 1304,9 189,8 88,0 1027,1
Жылқы 1235,6 66,9 226,3 942,4
Түйе 138,6 14,5 26,4 97,7
Құс 28239,3 14585,5 345,5 13308,3

Мал мен құс басы негізінен алғанда тұрғылықты халықтың шаруашылықтарында шоғырланған: оларда ірі қара малдың 4765,0 мың басы немесе республикадағы барлық ірі қараның 84,2%, қойлар мен ешкілер - тиісінше 11223,8 мың бас және 73,1%, шошқалар - 1027,1 мың бас және 78,7%, жылқылар - 924,4 мың бас және 76,3%, түйелер - 97,7 мың бас және 70,5%, құстар - 13308,3 мың бас және 47,1% (6-кесте). Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында ірі қара малдың саны 323,6 мың бас құрайды (жалпы санының 5,7%-ы), қойлар мен ешкілер – 857,3 мың бас (5,6%), шошқалар - 189,8 мың бас (14,5%), жылқылар – 66,9 мың бас (5,4%) және түйелер – 14,5 мың бас (10,5%), құстың саны – 14585,6 мың бас (51,6%) (7-кесте).

Кесте-5 -2009 жылғы 01.01. қарағанда тұрғылықты халықтың шаруашылықтарындағы мал мен құс саны (мың бас)

Аймақтар ІҚМ Шошқа лар Ұсақ тұяқ Жылқы лар Түйе лер Құстар
Қазақстан Республикасы 47,65 1027,1 11223,8 942,4 97,7 13308,3
Ақмола 341,3 168,1 295,2 72,9 0,0 1160,8
Ақтөбе 376,4 45,2 729,9 44,9 12,5 698,7
Алматы 534,0 65,8 1631,5 128,1 0,7 1881,4
Атырау 128,1 0,9 331,0 26,1 18,9 48,1
Ш-Қазақстан 597,9 95,6 1192,3 114,7 0,1 818,4
Жамбыл 266,6 31,8 1573,2 59,6 2,7 1423,8
Б-Қазақстан 356,4 21,6 540,8 36,3 2,0 515,3
Қарағанды 327,7 57,0 516,6 89,1 1,0 417,6
Қостанай 419,1 257,5 268,3 61,8 0,1 2492,6
Қызылорда 218,5 3,6 632,1 47,7 20,9 231,9
Маңғыстау 6,7 0,2 267,2 22,2 27,0 13,3
Павлодар 266,2 47,8 284,0 43,6 0,0 541,2
С-Қазақстан 292,5 202,4 212,0 72,9   1530,8
О-Қазақстан 630,9 28,5 2746,0 121,7 11,8 1482,5
Астана қал. 0,6 0,3 1,6 0,5   4,5
Алматы қал. 2,1 0,8 2,1 0,3   47,4

Кесте-6 -2009 жылғы 01.01. қарағанда ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы мал мен құс саны (мың бас)

Аймақтар ІҚМ Шошқалар Ұсақ тұяқ Жылқы лар Түйелер Құстар
ҚР 323,6 189,8 857,3 66,9 14,5 14585,5
Ақмола 43,6 28,6 14,7 10,2 0,1 1368,9
Ақтөбе 16,7 3,6 91,1 5,9 0,3 273,8
Алматы 29,4 31,8 154,5 8,1 3,8 5742,4
Атырау 2,8 1,3 88,4 2,5 2,5 0,3
Ш-Қазақстан 32,3 9,3 35,0 4,7 0,1 2181,0
Жамбыл 7,4 5,3 109,3 2,9 0,2 -
Б-Қазақстан 13,8 3,3 38,5 3,3 0,4 299,0
Қарағанды 8,6 36,8 43,1 3,3 0,0 1188,2
Қостанай 86,4 9,4 4,8 6,9 0,1 1174,1
Қызылорда 2,4 0,7 26,6 2,7 2,0 174,3
Маңғыстау - 0,0 82,5 3,2 3,2 -
Павлодар 34,4 40,1 18,0 6,5 0,0 541,0
С-Қазақстан 39,0 16,8 4,3 3,9 - 996,4
О-Қазақстан 5,0 2,2 146,5 2,6 1,8 645,2
Астана қал. 0,6 - - 0,0 - -
Алматы қал. 1,2 0,6 0,0 0,2 0,0 0,9

Кесте-7 -Облыстар бойынша құс басының саны

Аймақтар Құстар
2009 жыл 2008 жыл 2009 жыл 2008 жылғы қарағанда
± %
Ақмола 2262,9 2287,1 -24,2 98,9
Ақтөбе 1076,3 1022,1 54,2 105,3
Алматы 8589,9 6811,9 1778,0 126,1
Атырау 54,4 49,3 5,1 110,3
Шығыс Қазақстан 3308,6 3265,3 43,3 101,3
Жамбыл 1326,1 1244,9 81,2 106,5
Батыс Қазақстан 875,3 920,5 -45,2 95,1
Қарағанды 1598,0 1687,9 -89,9 94,7
Қостанай 3800,3 3757,3 43,0 101,1
Қызылорда 232,2 352,3 -120,1 65,9
Маңғыстау 13,8 14,6 -0,8 94,5
Павлодар 1117,6 958,1 159,5 116,6
Солтүстік Қазақстан 2588,4 2407,9 180,5 107,5
Оңтүстік Қазақстан 2028,1 2093,9 -65,8 96,6
Астана қаласы 4,1 3,6 0,5 113,9
Алматы қаласы 44,7 36,4 8,3 122,8
Республика бойынша 28920,7 26913,1 2007,6 107,5

Қазiргi жағдайды және ет өңдеушi саланың мүмкiндiктерiн талдау көрсеткендей, соңғы жылдары етөнiмдерiн өңдiруде оңтайлы тенденциялар байқалады: ассортиментi кеңейiп, шығарған өнiмнiң сапасы жақсарған, өндiрiс жаңалып жетiлуде, жаңа технологиялар мен мал етiнiң шикiзатын, өңдеудiң тиiмдi тәсiлдерi ендiрiлген. Дәстүрлi өнiмдерден басқа, отандық өндiрушiлер, жаңа өнiмдер мен түрлi дайындық дәрежесiндегi жартылай дайын өнiмдердi шығаруды, оның iшiнде ваккуумдық ораудағы, бастауы және де бiр қуанарлық жайт, 1999 жылдан бастап мал басының барлық түрi көбеюде. Ет саудасы ауылшаруашылығы өнiмдерiнiң басқа түрлерiне қарағанда, тұрақты және маусымдық ауытқуға жатпайды. Шикi зат (тiрi мал мен ет) пен дайын өнiмдердiң (колбаса өнiмдерi, консервiлер жартылай дайын өнiмдер) бағасы жылма-жыл өсiп отыру тенденициясына ие және ет түрi мен мал қондылығына тәуелдi болады. Республика бойынша тiрi малдың, шошқадан басқа, орта сатылым бағасы бiр деңгейде тұрады.

Республика өндiрiлген ет және ет өнiмдерiнiң сапасы жалпы алғанда тиiстi дәрежеде және негiзiнен стандартқа сәйкес.

Отандық өнiмдер өзiнiң дәмi мен диетикалық қасиеттi жағынан шетелдiк өнiмдерге жол бермейдi, ал кейбiр жағынан асып тұр.

Бұл ет өнiмдерiнiң негiзiнен табиғи және экологиялық таза шикiзаттан өндiрiлуiне байланысты. Сондықтан да отандық өнiмдер баға жағынан бәсеке түспейдi. Соңғы жылдары еттi үнемдеу және өнiмнiң өзiндiк құнының төмендету мақсатында, кейбiр колбаса өнiмдерi мен жартылай дайын өнiмдердi шығарушылар түрлi толтырушылар жануар мен өсiмдiк белоктарынан тұратын қосындылар пайдаланып жүр.

Ет пен ет өнiмдерi өндiрiсi сферасында 386 стандарт пен техникалық жағдайлар қызмет етiп отыр, оның iшiнде 137 – мемлекет аралық (ТМД), 18 – халықаралық (ИСО), 14 – Қ.Р. стандарты, 217 – техникалық жағдайлар (ТЖ). Қызмет етiп отырған стандарттардың жалпы санынан 80%-дан астамы 1990 жылға дейiн қабылданғандар халықаралық норма мен тарапқа сәйкес 300-ге жуық стандарт пен ТЖ қайта қарап және сәйкестендiрудi қажет етiп отыр.

Елiмiздiң ет өндiру саласын дамыту үшiн ет өңдеушi кәсiпорындарға: жеке қаламдардан ет шикiзатын сатып алғанда салық өтетiн төлеу есебiнен, айналым құралын орнына толтыру үшiн алынған несиенiң банкке пайыздық ұтысын шамалар толтыру, жабдық алу үшiн өңдеушi кәсiпорындарда лизинг механизмiн ендiруде, мал өнiмдерiн өндiруде берiлетiн жәрдем жүйесiн жетiлдiру, сауатсыз импорттан отандық тауар өндiрушiлердi қорғауда мемлекеттiк қолдау көрсету аса қажет.

Елiмiздiң ет өндiрiсiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын құрастыру, салалық жұмысты үйлестiретiн мемлекеттiк органдар мен бiрыңғай ақпараттық және бiлiм беретiн орталық құру қажет, олар сондай-ақ сатылған өнiмнiң мониторингi мен қызықты жобаларды сынақтан өткiзумен айналысар едi. Отандық товароөндiрушiлердi алға итермелеу саясаты, сыртқы саудаға отандық өнiмдi белсендi және мақсатты түрде шығару, осы саланың басымды салаларына отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн қолайлы жағдайлар тудыру, заңдылық-нормативтiк базаны жетiлдiру жұмысын күшейту, шыққан өнiмнiң сапасын көтеру қызметтерi осы саладағы өңдеушi кәсiпорындар үшiн басымды болуы керек.

Азық-түлiктiк кәсiпорындарда тек нағыз бiлгiр мамандар жұмыс iстеу қажет. Келешекте өнеркәсiп технологтары мен шебер – операторларына: қасапшылар, оның құрамды бөлшектерiн өндеушiлер, колбаса өнiмдерiн, консервiлер және т.б. өнiм түрiн шығарушыларға зәру болады және сұраным өседi.

Қызмет етiп отырған өндiрiстi қалпына келтiру және жаңаларын ұйымдастыруға техникалық көмек көрсету үшiн, ғылыми-техникалық жетiстiктердi және әлемдiк тәжiрибенi жинақтап, әрi таратуға жұмыс жүргiзу қажет, елде жабдық шығаратын өзiмiздiң индустрияны құруға және технология жолдарын салуға жағдай жасау керек. Менеджерлер, технологтар мен оператор-жұмысшыларды ет өңдейтiн кәсiпорындар үшiн дайындап шығару, әрi кәсiбiн жетiлдiру жүйесiн құру өте қажет.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 240. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия