Студопедия — Бдіжәміл Нұрпейісов
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бдіжәміл Нұрпейісов






(1924 жылы туған)

Қазан айының 22-жұлдызы күні Қызылорда облысы, Арал ауданының Үшкөң ауылында туған. 1942 жылы орта мектепті тәмамдасымен армия қатарына шақырылған өрімдей жас Әбдіжәміл Оңтүстік және Прибалтика майданында соғысқа қатысады. Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталады.

А.П.Чеховтың, А.М. Горкийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А.Кэсоның шығармаларын қазақ тіліне аударған.

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). 2001 жылы Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың «За честь и достойнство», 2003 жылы Халықаралық М. Шолохов атындағы сыйлықтардың лауреаты атанды. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен, РСФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталған. 1985 жылы Қазақ КСР Халық жазушысы құрметті атағы берілді. Тәуелсіз Қазақстанның Отан орденінің иегері. 1985 жылы “Қазақ ССР халық жазушысы” құрметті атағы берілді.

1946 жылы желтоқсанда армия қатарынан босанған бойда әдебиетке араласады. Бір жыл Қазақ мемлекеттік университетінде оқиды. Келесі 1954 жылы Мәскеудегі А.М.Горький атындағы әдебиет институтына түсіп, оны 1956 жылы бітіреді. Тырнақалды кітабы үшін Жамбыл атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты атанады. Проза саласында үзбей еңбектенуімен қатар жас талант өткір сынымен, публицистикалық мақалаларымен де көзге түседі. 1962-1964 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының органы “Жұлдыз” журналының бас редакторы болып істейді.

1964 жылдан бері ұзақ жылдар бойы бірыңғай шығармагерлік қызметпен шұғылданып, өндіре жазған Әбдіжәмiл нарық заманында халықаралық қазақ ПЕН клубын ұйымдастырып, оның президенттігіне сайланàды. 2000 жылы ПЕН клуб жанынан “Таң-Шолпан” журналын шығарады. Көп жылдардан бері ол осы әдеби-көпшілік журналының редакторлар кеңесінің төрағасы.

Жазушының тұңғыш көлемді туындысы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Курляндия» романы 1950 жылы жарық көрді. Өзі бастан кешкен майдан шындығы жайында жазылған роман кейін түзетіліп, толықтырылып, «Күткен күн» деп аталды. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді. «Курляндия» романын кейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен қайта жариялады.

Жазушының басты шығармасы – «Қан мен тер» трилогиясы. Одан кейін «Сең» (1983), «Соңғы парыз» (1999) романдарын жазды. Аталған шығармалары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.

Жазушының басты еңбегі – «Қан мен тер» трилогиясы 1960-1970 жылдары жазылған. Бұл туынды дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылған. “Қан мен тер” трилогиясы, “Соңғы парыз” дилогиясы – Нұрпейісовтің ғана емес, күллі қазақ әдебиетінің табысы.

«Қан мен тер» романы бойынша жасалған қойылымдар М. Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры сахналанып, спектакльге КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Кейін осы трилогияның желісі бойынша көркем фильм түсірілген. «Толғау» – «Раздумье» (кейіннен «Жүрек толы жыр еді» – «В нем все, пело») деген атпен әдеби сын мақалалары қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап боп шықты. 1985 жылы «Ақбидай туралы аңыз» атты очерктер жинағы жарық көрді.

Ә.Нұрпейісовтың «Күткен күн» («Курляндия») Ұлы Отан соғысына қатысқан жазушы өзі көзімен көрген оқиғаларды негізге ала отырып, неміс-фашистерінің қоршауында қалған Балтық теңізі жағалауындағы Курляндия алқабында болған оқиғаларды тілге тиек етеді.

Романның бас кейіпкері Есей – шешімтал, қиын сәтте жол тауып кететін жүректі, алғыр жігіт, нақты әрекеттің адамы. Соғыс қиыншылықтарынан мойымай, өзін жақсы қырынан көрсете біледі. Оның бұрынғы тәуір көрген қызы Зағипа болса, соғыста Эрика есімді латыш қызымен көңіл қосады. Романда Денисов, Долгушев, Бобров секілді әскери адамдар дара бейнелерімен есте қалады. Аздаған кемшіліктері болғанына қарамастан, аталған роман оқырмандар тарапынан жылы қабылданды.

Өз заманындағы қазақ романдарының арасынан Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» дилогиясының шоқтығы биік көрінеді. “Қан мен тер” трилогиясын құрайтын “Ымырт” /1961/, “Сергелдең” /1964/, “Күйреу” /1970/ романдарының әрқайсысы белгілі бір тарихи-әлеуметтік кесек мәселелерді көтереді. Кең тынысты фабула Қазан революциясының алдындағы қазақ қоғамының жайы-күйі хақында кестелі түрде әңгімелеуден бастау алып, жер дүниені сілкінткен тарихи құбылыстың тып-тыныш қана бұйығы өмір кешіп жатқан бір түпкірдегі қазақ ауылына да қалай келіп жеткенін нақты адамдар бастан кешкен қызықты оқиғалар арқылы жалғасын табады.

Бас кейіпкер Еламан бойында образ табиғатына тән күрделі, кесек белгілер сәтімен шоғырланған. Қоғамдық-әлеуметтік тартысқа еріксіз араласып, бара-бара сол бір аласапыран уақыттағы саяси оқиғалардың қозғаушы тетіктерінің біріне айналған ол ірілі-уақты тартыстардың нәтижесінде шын мәніндегі қаһармандық бейнеге айналады. Бас кейіпкер Еламан бойында образ табиғатына тән күрделі, белгілер сәтімен шоғырланған. Бұл арадағы кейіпкер көзқарасының кеңеюі, іштей түлеп, жетілуі, қайраткерлік тұрғыдан ұштала түсуі, күнделікті өмірдегі толғанатын мәселелері де, мазасын алатын жағдайлар да кәдімгі күнкөріс үшін жүрген шаруа адамына тән болып келетін типтік құбылыстар. Былай қарағанда, өзімен өзі жүретін осынау томаға – тұйық жігіттің жан дүниесін бұрқандырып жатқан нәрселер өзінен басқа ешкімді ойландырып та жатпайтын сияқты.

Бірақ өмірдің қат-қабат күрделі құбылыстары өз бетімен маңып жүрген Еламанды да шет қалдырмай, өз қақпақылына түсіріп, адам сырының түсініп болмас иіріміне сүңгітіп әкеткендей болады. Еламанның басындағы үлкен әңгіменің бірі – Ақбала екеуінің арақатынасынан келіп өрбіп, елеулі әлеуметтік-моральдық проблемаға айналады. Бұл арада Еламан-Ақбала-Тәңірберген арасында махаббат үштағанына тән болып келетін типтік нышандар орын алады.

Кең тынысты ауқымды шығарманың негізгі ұстанған бағыты тарихи-революциялық тақырып болғаннан кейін оның көркемдік-идеялық динамикасы да осынау күрделі тақырыптың аясында өрбиді. Жазушы ұсынатын қат-қабат проблемалар нақты кейіпкерлердің тағдырлары, олардың көзқарас қақтығыстары мен таным-түсініктері, психологиялық және моральдық үйлесімсіздіктері арқылы жүзеге асып жатады.

Өз тірілігін өзі күйттеп, былайғы өмірде шаруасы жоқ сияқты көрінетін Еламан тап тартысына еріксіз араласа отырып, ақыр соңында бүкіл ауылдың бірден бір бас көтерушісі деңгейіне көтеріледі. Балықшылар промысылының қожасы Федоровты қатігездігі мен айуандығына бола өлтіргеннен кейін Еламан тағдыры күрт өзгерістерге түседі. Бұдан кейін Еламанның айдауда болуы, майданның қара жұмысына алынуы оның ірілене бастауына, қоғамдық-саяси белсенділігіне жол ашатын елеулі оқиғалар еді. Азамат соғысы басталған сәтте қолына қару алып, ақ пен қызыл соғысына тайынбай араласып кетуі, өмір талаптарынан туындайды.

Балықшы ауылдың Еламан кеткеннен кейінгі бас көтерер азаматы Кәлен, қарт балықшы Мөңке, Еламанның інісі Рай, жекешіл Төлеу, эпизодтық персонаждар Жалмұрат, Андрей және тағы басқалары балықшы ауылдың ғана емес, сол кезеңдегі әлеуметтік қабаттың да типтік өкілдері деуге лайық кейіпкерлер.

Бұлардың әрқайсысы өзіндік тағдыр-талайымен, адами қалыптарымен оқырман есінде жақсы сақталып қалған. Роман беттерінде көбірек көрінетін Кәлен – күрделі бейне. Ол да таптық, ұлттық езушілікке қарсы наразылық білдірген жандардың көш басында. Еламанға қарағанда мінезі ашық, ақкөңіл азаматтың жан дүниесінде қалтарыс, бұлтарыс аз. Еті тірі кедей жігіт басқа адамның қолынан келмес іске барып, бір сюжеттің ширығуы барысында Қаратаз болысты өлтіріп жіберуі оның әділеттік үшін ештеңеден тайнбайтын адам екендігін көрсетсе керек. Осы образ арқылы жазушы бір жағынан қазақ даласында жаңа өмірдің салтанат құруын білдіргісі келген деуге болады.

Ал Сүйеу қарт, Есбол қария, Мөңке сияқты егде жандардың қазақ қоғамындағы орындары олардың жеке мінез-құлықтары арқылы ғана емес, арпалыс, күрес жолдарында өздерін қалай ұстады деген мәселе арқылы да көрініс табады. Романдағы күрделі бейнелердің бірі – Еламанның таптық, рухани және моральдық қарсыласы Тәңірберген болыс. Ауыл-аймақты бір шыбықпен үйіре алатын қабілеті бар байдың сымбатты мырзасына Ақбаланың ынтық болып қалуы психологиялық жағынан заңды да сияқты.

Дүниежүзін дүр сілкінткен Қазан төңкерісінің дүмпуі кең байтақ қазақ даласының бір қиыры Арал теңізі маңайындағы ел тіршілігін де шайқап өткен. Өзімен өзі болып тыныш жатқан бұйығы жұрт Ресейдің ең бір артта қалған пұшпағы деген күннің өзінде де енді осы революция ісіне араласуға мәжбүр. Бұндай саяси өзгеріс романдағы жекелеген кейіпкерлер арқылы нақты көрініс тапқан. Рас, дүние аласапыран болып кеткен қым-қуыт кезеңде сахнаға қазақтардан гөрі басқа ұлт өкілдері, негізінен, орыстар көбірек шығады. Атап айтқанда, Мюлгаузен, Дьяков, Ознобин, Селиванов және т.б. басқалар қанды арпалыстардың, кескілескен шайқастардың арасынан көрінеді. Романның кейбір беттерінде қазақ есімдерінің азайып, талас-тартыстар мен тәжікелесудің басқа европалық ұлт өкілдерінің арасында көбейіп кетуі тіпті орыс тілінен аударылған шығарманың беттері түсіп кеткендей әсер ететіні де бар.

Шығарма қоғамдық-саяси маңызы зор аса ауқымды тарихи-революциялық тақырыпқа, қиын-қыстау кезеңдерді суреттеуге арналғанымен, жекелеген қарапайым жандардың тағдыр-талайы, жан әлемі, пенде ретіндегі көңіл күйі әр тұста тереңінен суреттеліп, писхологиялық-моральдық талдаулардың өзегіне айналып отырады.

«Соңғы парыз» роман-дилогиясының /1999/ өзекті тақырыбы экологиялық мәселе болуымен бірге адам факторы да алдыңғы планнан шегінбейді. Дилогияның бірінші бөлімі 1981 жылы “Сең” деген атпен жарық көрді.

Адам табиғатқа қатігездігін көрсетсе, табиғат та есесін жібермейтінін осы романда айқын көрінді. Бас кейіпкер Жәдігер обком секретарының кеңесі бойынша Сырдария мен Әмудария мақта, күріш плантацияларын көріп қайтады. Бірақ оның артында да үлкен проблема жатқаны романда жақсы берілген. “Соңғы парыз” романын жазуға отырғандағы мақсатын жазушы “менің өз уақытыммен есеп айырысуым” деп түсіндірді.

Романда баяндалатын эпикалық кеңдік тек экологиямен шектелмейді, ұлттық проблема мен адамзаттық проблемаға ұштасып жатады. Осы тұрғыдан келгенде “Соңғы парыздың” ойы, толғамы бір қазаққа емес, күллі адамзатқа қатысты. Балықшы колхозының бастығы Жәдігер, оның әйелі Бәкизат және академик Әзім арасында өрістейтін үштік оқырманды ойландырады. Бұрынғы ғашығы енді академиктің ашынасына айналады. Бір қарағанда, бұл фабула махаббаттың жаттанды формасы сияқты болғанымен, жазушы тың ойлар ұсынуға бейім.

Жанры жағынан “Соңғы парыз” дилогиясы “Қан мен тер” трилогиясымен ұқсас деуге болады, бұл да, әлеуметтік-психологиялық роман. Сонымен бірге қоғамдық-саяси өмірді әжуалап әшкерелеуші роман-памфлет.

Роман идеясы айқын. Өмірдегі жалған құбылыстарды әшкерелей, бүкіл адамзатқа тән жекелеген проблемаларды алдыға шығару. Шығармада Әзім бастатқан жылпос, өтірікшіл, екі жүзді, айлалы алаяқ кейіпкерлердің тұтас жүйесі бар. Қозы Қарын, Сары Шая, Қожбан сияқты кейіпкерлер – осындай типтердің өкілдері. Жазушы бұларды өздерің нақты іс-әрекеттерімен, ой дүниелерінің қисықтығымен жеріне жеткізе сынайды, қоғамдық дерттердің қайдан туындайтынына назар аударады.

Әзімдей жалған ғалым кінәні жалғыз өзінің мойнына артқысы келмей, жоғарыға сілтейді. Бұл қисынды ақталудың астарында Кеңестер Одағы заманындағы отаршылдық пиғылды сынау үрдісі байқалады. Өйткені Әзім сияқтылар жоғарыдағының айтқандарын бұлжытпай істеді. Мәскеу не айтса, соны орындауға мәжбүр болған ұлттық республиканың өкілдерінің жалтақ екендігі көрінеді. «Кремльдегі көсемдер біз болмағанда Орта Азия мен Қазақстанның халқы адамзат көшіне ере алмай, ескі жұртта сарыжамбас боп қалатын еді деп, екі көзіңді бақырайтып қойып көкіп жатқан жоқ па?” – деген ойдың шындығы көрінеді.

“Соңғы парыз” тәуелсіз ел әдебиетіне кейбір көркемдік параметрлер тұрғысынан үлгі бола алатын деңгейде.

Ә.Нұрпейісовтің көркем аударма, көркем публицистика, эссе, сын саласында жасаға еңбектерінің өзі бір төбе. А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А.Кэсоның шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті.

1972 жылы жазушының “Толғау. Раздумье” атты әдеби-сын және эсселер жинағы жарық көрді. Кейіннен толықтырылып, “Все в нем пело” /“Жүрегі тола жыр еді”/ деген атпен басылды. 1996 жылы жаңадан жазылған мақала, очерк, эсселері “Возвышая наши святыни” /“Қасиетіңді қадірле”/ деген жинаққа енгізілді.

1979 жылы “Огонек” журналының кітапханасынан ”Край голубых озер” /”Көгілдір көлдер өлкесі”/, 1985 жылы “Жазушы” баспасынан шыққан “Думы Аутена” /”Әутеннің ойлары”/ деген очеркі де көркемдік деңгейімен назар аударады. Кезінде очерктер топтамасы “Литературная газетаның” бірінші бәйгесін жеңіп алған болатын.

Жазушының соңғы жылдары жазған мақала, очерк, эсселері бір жинақта бас құрап, 1996 жылы “Возвышая наши святыни” деген атпен қомақты кітап боп шықты.

Көркем сөздің құдіреті үшін аянбай күресіп жүрген қалам иесі – Нұрпейісов Әбдіжәмiлдің эссе, очерк, публицистикалық шығармаларының өзі бір төбе деуге болады. Ә.Нұрпейісовтың кітаптары дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылған.

Қазақ әдебиетінің елеулі шоқтығы болып табылатын Нұрпейісов прозасы – халқымыздың мол рухани қазынасы қатарынан саналады.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3551. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия