Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тахауи Ахтанов





(1923-1994)

Қазақ көркем прозасының майталман шебері Тахауи Ахтанов – қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келіп қосылған ұрпақтың өкілі.

ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. «Боран» романы үшін Т.Ахтанов 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы құрметті атағы берілген. 25-қазанда қазіргі Ақтөбе облысының Шалқар ауданы аумағындағы Шетырғыз деген ауылда туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өз еркімен майданға аттанады. Соғыстан оралғаннан кейін көркем әдебиетпен айналысуға кіріседі. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы, «Әдебиет және искусство» – «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ ССР Мәдениет министрлiгi Көркемөнер бас басқармасының бастығы, Республикалық Кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды.

Т.Ахтанов әдебиетке жаңа келген көптеген қаламгерлер сияқты шығармашылық жолын өлеңмен бастаған. Алғашқы өлеңдері мен очерктері майдан газеттерінің беттерінде жарияланған Т.Ахтанов елге келгеннен кейін біржола шығармашылық жолға бет бұрады. 1948 жылы жарық көрген “Жастар даусы” аталаған ұжымдық жинақта өлеңдері басылды. Ахтановты қаламгер ретінде алдымен танытқан сын жанры едi. Әдебиеттiң келелi мәселелерi жайында проблемалық мақалалар, соның ішінде Ғабит Мүсірепов шығармагерлiгi жайынан әдеби сын-очерк /1956/ жазды. Әдеби сын жанрында жазылған жинақтары 1969 жылы “Керуен”, 1980 жылы “Көкейкестi” деген атпен жарық көрді.

Алғашқы әңгімесі 1955 жылы 8-тамызда “Қазақ әдебиетi” газетiнде “Күлкі” деген атпен жарияланды. Алғашқы романы “Қаһарлы күндер – 1956 жылы басылып шықты. Бұдан соң әңгiмелерi мен повестерi, очерктері “Махаббат мұңы” /1960/, “Көкқұтан” /1968/, “Үндiстан хикаясы” /1971/ кiтаптарында жарық көрдi. Соңғы романы “Шырағың сөнбесiн” /1973, 1981/ деп аталады. 1983-1985 жылдар аралығында жазушы шығармаларының бестомдық жинағы басылып шықты.

Алғашында «Дала сыры» болып оқырман қауымға ұсынылған повесі кейін өңделіп, толықтырылып, «Боран» романына айналды.

«Қаһарлы күндер» романынан кейін жазушының «Шынтас», «Махаббат мұңы» атты повестері кітап болып басылып шықты. «Шынтас» повесі балықшы колхозында тұратын жастар жайында сыр шертсе, «Махаббат мұңы» повесінің мазмұны екі адамының сүйіспеншілік сезімдерін баяндауға құрылған. Бұл шығарманың көркемдік табысы мәңгі өшпейтін махаббат проблематикасы арқылы адамның жан дүниесін ақтара көрсетуіне, кейіпкердің ішкі әлеміндегі құбылыстарды қайшылықты түрде бейнелеп беруіне байланысты еді. Бұл повесть адамның рухани әлемін суреттеу жағынан алғанда, сол кезеңдегі қазақ әдебиетіндегі өзіндік құбылыс болатын.

Ауылдан келген жас қыз Ләззат пен ақын жігіт Нияз арасында басталған тұрмыстық сипаттағы қарапайым қарым-қатынас махаббат сезіміне ұласа келіп, қоғамдық деңгейдегі адамгершілік-имандылық мәселесіне дейін көтеріледі. Шығарманың басты құндылығы да – психологиялық тартыстар арқылы оқырманды рухани-эстетикалық әсерге бөлей отырып, парасатты пайымдауға жетелеуінде, көркем түрде тәлімдік-тағылымдық қағидаттар ұсынуында.

Осы кездегі қазақ әдебиеті үшін соны тақырыптардың бірі майдан өмірін, соғыс шындығын суреттеуге арналған «Қаһарлы күндер» романы оқырман назарына бірден ілікті. Сюжеттік желілердің қызықтылығы өз алдына, роман қазақ прозасына жаңа образдар әкеліп, өзіндік көркемдігімен көзге түсті. Оқиға бірнеше салада жарыса өрбитін романда образдардың ұлттық даралығы назар аударады. Кейіпкерлер әрекеттеріндегі психологиялық, нышандардың берілуі кестелі.

Роман мазмұнына 1941 жылдың қараша, желтоқсаныны айларындағы Мәскеу түбіндегі сұрапыл ұрыстарда көзге түскен генерал Панфиловтың (романда – Парфенов) 316-атқыштар дивизиясының (кейін 8-гвардиялық дивизиясы) қаһармандық ерлік әрекеттері арқау болған. Роман оқиғасына осы дивизияның жауынгерлері мен офицерлерінің өмірі алынған. Алматы түбінде құрылған дивизияның майданға аттануынан басталған сюжет солдаттардың үй іші, туыстарымен қоштасуы, жол әсерлері, майданға жету, қорғану шебіндегі алғашқы шайқастар, жау қоршауында қалған әскерлер өмірі мен оны бұзып шығу кезіндегі ерліктер, Мәскеу түбіндегі сұрапыл шайқастар, т.б. көріністер арқылы дамып отырды. Осы суреттердің бояуы қанық, оқиғалар мен тартыстарды шынайылығы басым. Бір сөзбен айтқанда, жазушы осы адамдар образы арқылы Ұлы Отан соғысының алғашқы бір жылы ішінде дәуір тынысынан хабар береді, уақыт шындығын көрсетуге тырысады.

Дивизия командирі генерал Парфеновтың бейнесінде тарихилық пен шынайылық мол. Тек командирлер ғана емес, қатардағы солдат Көжек тәрізді әскери адамдардың рухани өмірі де жарқын суреттеледі. Роман кейіпкерлері – әр түрлі характер иелері. Әр ұлттың адамдары осындай сын сағатта табысып, олардың достығы соғыстың ауыр күндерінде шыңдалады.

Автор бұрын әскери өмірді білмейтін қазақ жігіттерінің соғыс жағдайына бейімделуін нанымды етіп бейнелеген. Роман кейіпкерлері Ержан, Мұрат, Көжектің бейнелері әрқилы сомдалуымен назар аударады. Осы жігіттердің майдандас достары Бондаренко, Зеленин, Кәрібай образдары арқылы ұлттық, халықтық сипаттар, мінездер көрінеді. Өзара үйлеспей жататын көзқарастар қақтығыстары да аз емес. Осымен қатар майдан өмірі жағдайында шынығып, өсіп жатқан әрқилы адамдардың суреттері бар.

Добрушкин мен тракторшы Кәкібай, қарапайым да қатал Қартбай, адал да ақкөңіл Бондаренко, взвод командирі Ержан мен бұрынғы военкомат қызметкері Мұрат, Раушан мен Уәли, майор Купциановтар соғыс жағдайында жүріп-ақ адамгершілік қарым-қатынастың әрқилы нышандарын байқатып отырады. Бұлардың әрқайсысы бір біріне ұқсай бермейтін әртүрлі характер иелері.

Романда жазушының айрықша мән беріп, шеберлікпен мүсіндеген жауынгерлердің бірі – Көжек Шөжебаев образы. Бұл нағыз қазақи ортадан келген жауынгер. Осындай момын, қарапайым адам жауға дегенде мейрімсіз де қатал. Ержан взводы қоршауда қалған кезде Қартбай екеуі жау күшін тоқтатып, үлкен ерлік көрсетеді.

Шығармада кейіпкерлердің бұрынғы өмірін еске алатын лирикалық шегіністер де мол, сол арқылы романның нағыз қазақтық рухта жазылғанын аңғаруға болады. Роман мазмұнының отаншылдық, патриоттық сезім рухы күшті. Осы қиын-қыстау, сын сағатта адамдар өмірі мен күресі романда кең ауқымды, психологиялық тұрғыда көрсетіледі.

Өз шығармаларында Т.Ахтанов уақыт шындығын өткір сезініп, жаңа проблемаларды, мінездер тартысын кәнігі шеберлікпен терең бейнелей білді.

«Боран» (алғашқы аты «Дала сыры») романы Совет дәуірінде еңбек еткен қарапйым адамдардың тағдырлары туралы жазылған. Шығарманың бас қаһарманы Қоспан - оқырманға ой салған кейіпкерлердің бірі. Күресте шыныққан, рухы күшті, ізгі жанды, осынау қарапайым еңбек адамының жан дүниесін автор жан-жақты ашып көрсетеді. Шығарманың сюжеттік желісі қарапайым. Бас кейіпкері Қоспан шопан боран астында қалып, бір отар қойды аман құтқарып қалу жолында күреседі. Сол арқылы бұл адамның қайшылықты ауыр тағдыры көрінеді. Жазушы кейіпкердің жан дүниесіне, ол бастан кешкен кезеңдердің әлеуметтік сипаты мен мәніне үңіле отырып, біраз шындықтың бетін ашады.

Бұл адамның өмірде көрмегені қиындығы жоқ. Қан майданның ортасынан аман-есен оралған оның тағдыры дәуір шындығымен үндес. Кейіпкерлердің ішкі монологы шығарманың сюжеті мен композициясын тұтастырып тұрған да – осы ойлар арқылы берілген шегіністер. Қоспанның бұрынғы командирі Қасболат та тың образ. Ол ақылсыз адам емес, бірақ қара басының қамын көбірек ойлайтын мансапқор. Жас ұрпақ өкілі Қаламұш, қазақ әйелінің типтік бейнесі Жаңыл сәтті шыққан образдар.

“Боран” романы болған, не болуға тиісті белгілі бір өмір шындығының негізінде замандас характерін сомдаған. Романның бас кезіндегі Қоспан мен алдындағы малынан айырылған Қоспан бейнелерінде айырмашылық бар. Ол алдындағы малына адал қарағанымен, қоғамдық өмірге араласуға бейімсіз, басшылардың алдында жалтақ болып келді. Жазушы осылайша даладағы боран мен еңбеккер адамның ішкі дүниесін алай-түлей еткен боранды қатар салыстыра отырып, параллелизм әдісін қолданады.

«Боран» романының идеясы адамдардың рухани күшін көрсетуі қоғамның жаңа типті кейіпкерлеріне тән қасиет екені, тағдырдың қандай қыспағына ұшыраса да, оны алға жетелейтін, еңсесін түсірмей, өршелене ілгері бастыратын күш – рухани мықтылық. 1966 жылы бұл туындысы үшін жазушыға қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Жазушының соңғы кесек туындысы – «Шырағың сөнбесін» (1981) атты романы. Онда да Т. Ахтанов Ұлы Отан соғысы тақырыбына, қайта айналып соғып, оның шытырман соғыс қасіретінің сұмдығын әр қырынан ашып көрсетеді. Қанды қырғынның адам басына салған ауыр нәубеті еріксіз ойландырады. Қазақ әйелі Нәзира бейнесін кестелеу арқылы талай ойлар айтылған. Адамның өмірі үшін күресі бас қаһарманның бастан кешкендері арқылы әсерлі ашылады. Бұл – психологиялық пландағы роман.

Ұлы Отан соғысы тақырыбы жазушы шығармаларының негізгі өзегі десе де болғандай. Оның алғашқы қаламын ұштап, жазушы деген абыройлы атаққа ие еткен де осы тақырып. Сондықтан да болар, жазушы туындыларындағы кейіпкерлердің едәуір бөлігі Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар болып келеді. Өзі майдан өмірін жақсы білетін жазушының кейіпкерлер іріктеудегі мұндай ұстанымы сәтті еді.

Т.Ахтанов – қазақ прозаиктерінің ішінде соғыс шындығын жете біліп суреттеген тұңғыш қаламгерлеріміздің бірі. Оның көптеген шығармаларынан Ұлы Отан соғысының лебі есіп тұратынында осындай себептер бар. Тағы бір назар аударатын жай - жазушы өз әңгіме-повестерінде ақын, күйші, компазитор, суретші сияқты өнер адамдарының бейнесін жасайды. Олардың сыртқы тұлғасын ғана суреттеп қоймай, ішкі дүнеисіне де үңіліп, кейіпкер психологиясына тереңдей енеді.

Жазушы туындыларының көпшілік геройлары – күнделікті өмірде жиі кездесетін қарапайым еңбек адамдары. Жазушы олардың қызмет бабы, жұмыс дәрежесінің өсуін емес, рухани өсуін, адамгершілік жайындағы түсінік-талғамын молырақ көрсетеді.

Т.Ахтанов прозасында бұрынғы мен бүгінгі өмірдің өрнектері қатар көрініп отырады. Оның творчествосында өмірдегі шыншыл реализм мен өршіл романтика қабысып жататыны анық. Мысалы, “Боран” романы шаруашылық мәселесінің дұрыс шешілмеуін адамдардың таным-түсінігінен іздей отырып, Кеңестік жүйедегі шаруашылықтардың оралымсыздығын, соған орай туындайтын проблемаларды алға тартады.

Т.Ахтановтың “Шырағың сөнбесін” дилогиясы Ұлы Отан соғысының шындығын аша отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынастың күрделілігіне назар аударады. Роман соғыс алапатына түсіп қалған жас келіншек Нәзираның атынан баяндалады. Соның көзімен берілетін соғыстың қатал шындығы оқырманды әртүрлі күйге түсіріп, адам тағыдырының ойыншыққа айналғанына қынжылтады. Академик С.Қирабаевша тұжырымдасақ, бұл роман “соғыс шындығы арқылы көрінетін адамзаттық гуманизмді бекіте түсетін” шығармалар қатарынан саналуға тиісті. Жазушы “Шырағың сөнбесінде” соғыстың қатал шындығын суреттеумен шектеліп қалмай, адам өміріндегі күрделі құбылыстарды психологиялық тұрғыдан тарқатып Бас кейіпкер Нәзираның апасы айтқандай адам баласы ең алдымен шырағын сөндіріп алмауы керек. Сонда ұрпақ жалғастығы да тоқтамайтын болады.

Романда Нәзирадан басқа да әйелдер бейнесі әр қырынан көрініп, бояуы қанық образдарға айналған. Көнбіс те сергек Света, мансапқор, дүниеқоңыз, бюрократ, өркөкірек Елизавета Сергеевна, сұлу да тәкаппар, Алветина Павловна, Евдокия, Ираида Ивановна және басқалары жазушының көркемдік табыстары қатарынан саналуға лайықты.

Бақытты балалық шақтары соғыс табынында қалған Наташа, Парашка, Ваня, Боря, Жұмаш, Вовка, Люся тәрізді балалрдың бейнелері де әсерлі сомдалған.

“Шырағың сөнбесін” дилогиясы – Т.Ахтановтың ерекше бейнетпен, иін қандыра жазған шығармасы. Оны туындының жалпы көркемдік бітімінен аңғаруға болады. Автордың өзінің ой саптасы, оқиғаны жеткізе білудегі жинақылық, әр қадам сайын кейіпкерінің жан дүниесіне үңіле білу, тілінің көркемдік кестесі осыны білдіреді.

Бастапқыда өмірдегі күңгей жақтарын ғана көріп, жеңгесіне еркелеп, жігіт сүйіп жүрген бойжеткен Нәзира еркісіз соғыс жағдайының бел ортасына түседі. Әйелге тән әлсіздіктен қаншама шыға алмаса да, барған сайын ширап, қатая береді. Бірақ қандай қиын жағдай болса да, әу бастағы адамгершілігін, инабаттылығын, адамгершілігін жоғалтпайды.

Атақты ұшқыш Гастеллоның ерлігін қайталаған капитан, жұбайы Қасымбекке, қызғаншақ Николай Топорковқа бұйырмаған қуанышқа өзі ие болады. Осы соғыс өртінің арасында жүріп өмірге сәби әкелуінің өзі ерлікпен тең. Жазушы осы оқиғалар арқылы алапат жойқын соғыс пен әйел нәзіктігін қарама қарсы қояды. Тілі құнарлы роман бірінші жақтан, бас кейіпкері Нәзираның атынан баяндалады. Бұның өзі де жазушы ізденісінің бір қыры екендігі анық.

Т.Ахтанов – қазақ дарматругиясына да өзіндік үлес қосқан қаламгер. 1968 жылы жазылған «Сәуле» драмасы, одан кейін дүниеге келген «Боран», «Ант», «Әке мен бала» драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. «Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары қазақ, орыс және басқа да туысқан халықтар театрларының сахналарына қойылды. Драматургия саласында жазған еңбектерi “Ана даусы” жинағында (1978) жарияланды. Қаламгердің әсіресе «Ант» атты тарихи драмасы көрермен қауымның назар аударатын туындысына айналды.

Т.Ахтанов көркем аударма саласында көп еңбектендi. Ол А.Пушкиннiң ”Алтын әтеш туралы ертегiсiн”, И.Тургенев, М.Горький шығармаларын, А.Толстойдың “Азапты сапарда”, С.Бабаевскийдiң “Алтын жұлдызды жiгiт” романдарын қазақшалады. А.Н. Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 18815. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия