Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мұзафар Әлімбаев




(1923 жылы туған)

 

1982 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978), Қазақстанның Халық жазушысы, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері (1996).

1923 жылы 29-қазанда Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында туған.

ҚазМУ-ді бітірген. Тырнақалды өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарық көрген.

Соғыс жылдарында республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрды.

Армиядан оралған соң (1948), «Пионер» журналында поэзия бөлімін басқарады. 1956-1958 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары. 1958 жылы «Балдырған» журналы ашылған күннен 1986 жылға дейін журналдың бас редакторы болды.

Алғашқы кітабы «Қарағанды жырлары» 1952 жылы жарық көрген.

Содан бері бірнеше ондаған өлең кітабы, бірнеше дүркін таңдамалы шығармалар, туысқан халықтар тілінде көптеген жинақтары шықты.

Әнге жазған өлеңдерінің саны 200-ге жуық. 64 төлтума және аударма кітаптардың авторы.

Шығармалары 20-дан астам тілге аударылған. Соның ішінде орыс тілінде 6 кітабы, түркімен тілінде « Мен – түрік мейманы» (1963), қырғыз тілінде «Жолдар. Ойлар. Жырлар» (1966) және т.б. тілдерде жинақтары жарық көрген.

Көркем аударма саласында Сағидың «Бостанын» («Жәннат» деген атпен), Петефи мен Тоқтағұлдың, Аполлинердің таңдамалы өлеңдер жинақтарын, Ю.Фучиктің «Дар алдындағы сөзін», С.Орбелианидің «Ғибратнамасын» және Пушкин, Лермонтов, Маяковский, Ғ. Тоқай, М. Жәлил, Фирдауси, Х. Әлімжанның өлең-жырларын қазақ тіліне аударған.

Ақынның балалар поэзиясындағы орны ерекше. Оның «Менің ойыншықтарым» (1953), «Орақ-олақ» (1962), «Шынықсаң, шымыр боласың» (1969), «Балдәурен, шіркін, балалық» (1973), «Ақсерек те көксерек» (1977), «Аспандағы әпке» (1982), «Екі тақтай, бір көпір» (1992), «Қоянның құлағы неге ұзын?» (1996) сияқты т.б. жинақтары кішкентай оқырмандарының сүйікті кітаптарына айналды. Сонымен бірге ұстаздардың, тәрбиешілердің балалар тәрбиесінде пайдаланатын кітаптарына айналған. М.Әлімбаев 1984 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.

Белгілі әдебиетші-ғалым, сыншы Н.Ғабдуллин: «Мұзафар Әлімбаев – қазақ балалар поэзиясының өркендеп дамуына үлкен еңбек сіңіріп келе жатыр. Ақынның балалар поэзиясының мазмұны мен түрін байытуға қосқан көп сапалық жаңалықтары, көркемдік үлгілері бар», – деп ақынның балаларға арналған шығармаларын жоғары бағаланған еді.

«Бөбектер өлеңі, – дейді белгілі ақын Қ.Мырзалиев Мұзафар Әлімбаевтың «Аспандағы әпке» жинағы турасында жазылған мақаласында, – жыр мен сырдың, ой мен ойынның, сөз өнері мен педагогикалық барынша жымдасқан жері». Бүлдіршінге бағышталған балауса жыр жас оқырманды сүйсіндіріп қана қоймай, астарында тәрбиелік мағына жатуы тиіс екендігін М. Әлімбаев ерте түсінген. Ақын жинақтарынан бала санасына, дүниетанымына жақын әрі көркем, әрі қарапайым, әрі тәрбиелік мәні жоғары туындылар көптеп кездеседі.

Мұзафар Әлімбаев өлеңдеріне табиғилық тән. Бала бейнесі, оған тән дүниетанымы мен қызығушылықтар өмірде қандай болса, көркем ой елегінен өтіп, автордың шығармаларында өзінің шынайы көрінісін табады. Автор шығармаларын оқып немесе тыңдап отырған бүлдіршін одан, сөз жоқ, өзін, өз құрбыларын еш бұлтарыссыз таниды. Өлең барысында ақын болмысы өзінің лирикалық кейіпкері, яғни, бүлдіршін дүниесімен тұтасып кетеді. Бала жан дүниесінің нәзік иірімдеріне тереңдеп ене білген Мұзафар Әлімбаев жас оқырмандарын да осынау қызық дүниеге енгізе біледі. Ақынның поэзиялық әлемінде бүлдіршіндер өздерін еркін сезінеді, ал үлкендер болса, қаламгер туындылары арқылы бала мінезі, дүниетанымы, психологиясымен жақын таныса алады.

М.Әлімбаев өлеңдерінің тақырыбы сан алуан. Өмірдің өзі сан түрлі салаларға тарамдалып кететіндіктен де, өнерде осы көптүрліліктің көрінуі заңды құбылыс. Өнерді өмірдің көркем шындығы десек, өмірдегі сан алуан тақырыптардың поэтикаланып, көркем шындыққа айналатындығы айқын. Қай тақырыпта қалам тербесе де ақын үнемі бала талғамына, танымына көңіл бөліп отырады.

 

Әже! Әже! Жатпашы!

Ауыр ойға батпашы.

...Дәрі жасап берейін,

Бәрін жасап берейін.

Ауыртпаймын әжемді,

Ауырмайсың, әже, енді!

 

Осы өлеңде кішкене баланың әжесіне деген адамның жан-жүрегін жібітерлік ыстық махаббаты, мейірімділігі көрініп тұр. Әжесінің ауырғаны жанына қатты батқан бала болашақта дәрігер болып, әжесін емдеп шығуды мақсат етеді. Кішкене немересінің мұндай жанды тебірентер сөздері қарт ананың көңілін бір көтеріп тастары анық. Өлеңді естіген бала өз әжесінің аялы алақанын, мейірімді жүзі мен қызықты ертегілерін есіне алады, сағынады. Мұның бәрі өлең сөздің құдіреті мен сол сөзді жан-жүрегімен қабылдайтын бала сезімталдығының әсері екендігі сөзсіз.

М.Әлімбаевтың «Әке» атты өлеңі мынадай:

 

Мақтайды әкем:

– Батырым,

Енді өзіме серік! – деп.

Өсіп келе жатырмын

Өз әкеме еліктеп.

Әкем мені жасымнан

Тастамайды қасынан.

 

Кішкене бала үшін ата-анасына еліктеу тән екендігі белгілі. Әке мен бала арасындағы түсіністікпен, махаббат бұл өлеңде ұтымды суреттелген. Өз баласының есейіп, өсіп келе жатқандығын көрген әке мақтанышы кейіпкердің өз сөзімен берілген.

«Менің ойыншықтарым» деген өлеңіндегі кішкене кейіпкер:

 

Шырылдама, әндетпе,

Бұлбұлым, ертең жырларсың.

Папам келді қызметтен,

Ұйықтап біраз дем алсын – деп, ең алдымен әке тыныштығын ойлайды. Жұмыстан шаршап келген папасына кедергі жасағысы келмей, ақырын ойнап отырған бала өз ойыншықтарына да ескерту жасайды.

Ақын кейбір мысалында әкенің баласын сан өнерге баулуы және жалпы ұрпақ тәрбиесінде әкенің ерекше орынға ие болатындығын айтады.

Сонау фольклордан бастау алып, күні бүгінге дейін балалар әдебиетіндегі іргелі орынға ие болып отырған негізгі, ауқымды, әрі маңызды еңбек тақырыбы М.Әлімбаев шығармашылығында да ерекше орынға ие.

Тағы бір өлеңінде М.Әлімбаев:

 

Тапшы сондай ұстаны,

Созады қол қысқаны!

Қос қол қандай ұжымды:

Қысқартады ұзынды!

...Түрлі қиын жұмыста

Тындырымды қол – ұста! – дейді.

 

Қол туралы айтылған мадақ өлең баланы, бір жағынан таңырқатса, екінші жағынан сүйсіндіреді.

М.Әлімбаевтың атап өтерлік туындысының бірі – «Аспандағы әпке» өлеңі. Аталмыш өлең әуе лайнерлеріндегі жол серіктер немесе стюардессалар туралы жазылған тамаша туынды:

 

... Туғаныңдай күлімдеп,

Қарсы алды әпке бұл.

Жайраң қаққан сол әпке

Жайғастырып орныңа,

Бір-бір журнал, газеттен

Ұстатады қолыңа.

Жасы үлкенге баладай

Бәйек болып жүргені!

Кішіні де аялай,

Бәйек болып жүргені.

...Бір сәт тыным көрмейді,

Аяғынан тік тұрып.

 

Стюардессаның «Аспандағы әпке» деп атаудың өзінде қаншама мән-мағына жатқандығы сөзсіз. Аспандағы әпке туралы бала монологы түрінде берілген. Әуе кемесіндегі әрбір жолаушыға қызмет көрсетіп, қамын ойлайтын стюардессаны ақын кейіпкері «әпке» деп атауынан, баланың оны өзіне жақын тартқаны аңғарылады.

М.Әлімбаевтың балаларға арналған өлеңдері, міне, осылай айрықша танымдық, көркемдік-эстетикалық, тәрбиелік мәнімен ерекшеленеді. Әртүрлі мамандық иелерінің кәсіптерімен таныстыра отырып, ақын жас жеткіншектерді еңбекке шақырып, белгілі бір кәсіпті таңдауға түрткі, себепкер болады.

М.Әлімбаевтың «Бұл қай кезде болады» өлеңі де жыл мезгілдеріне арнап жазылған. Мұнда ақын әрбір жыл мезгілін сипаттай отырып, жас оқырманын ойландыру мақсатымен «бұл қай кезде болады?» деп сұрақ қояды. Ақынның қолданған мұндай «сұрақ-жауап» әдісі балалардың қиялын ұштайды, танымын кеңейтеді. Әр мезгілге сәйкес табиғат пен адам өмірінде болатын өзгерістермен жете танысып, оларға үңілуге мүмкіндік береді.

Мысал үшін жаз мезгілі бейнеленген үзіндіні алып қарайық:

 

Көбелек бір – гүл де бір,

Қызыл-жасыл күллі өңір.

Аспан төрі ақша бұлт,

Бау-бақшада барша жұрт.

...Бұл қай кезде болады?

 

Ақынның «Батпырауық ұшырғанда», «Батпырауық және қиял арман», Менің ойыншықтарым», т.б. өлеңдері баланың ойын үстіндегі қимылы мен психологиясын, оның сүйікті ойыншықтарын шебер де шымыр суреттейді. Өсе келе, баланың білмегенді білуге деген талпынысы ұлғая береді. Енді бала оқу әрекеті арқылы бойына білім жинай бастайды. Мұны ескерген ақын балаларға әріптерді, сандарды үйретуді мақсат етіп қоятын өлеңдер жазады. Бұл өлеңдер бүлдіршіндерге көркем поэтикалық пішінімен әріптерге, сандарға үйретеді.

Жел тәрізді табиғат құбылысы жайлы ақын аталмыш табиғат құбылысын «Жел деген не?» атты жоғарыда келтірілген өлеңінде аға мен іні диалогы арқылы ұтымды түсіндіріледі.

Ең алдымен, Мұзафар Әлімбаев балаларға арналған өлеңдерді мазмұн, тақырып жағынан едәуір байытты. Балаларға арналған өлеңдер дәстүрлі тақырыптармен қоса жаңа, тың тақырыптармен толықты.

М.Әлімбаев шығармаларының дені басым бөлігі Кеңес дәуірінде жазылғандықтан да, олардың сол кездегі қоғам талабы көрініс береді. Еліміздің тәуелсіздік алған, қоғамдық өмірінде де, ақын шығармаларының тәрбиелік, тағылымдық мәні әсте кеміген жоқ. Қаламгер «Мінсіз бала» бейнесін қабылдағанмен, оның кейіпкерлері әрқашан бүлдіршінге тән табиғи мінезімен көзге түседі. Автордың Самат, Жаңғалақ, Бекен, Білгіш, Үмітхан сынды кейіпкерлері «мінсіздер» қатарына жатпайтынды.

М.Әлімбаев – аз сөзге көп мағына дарыта білетін, ойлы жырларды шағын да көркем көлемге сыйғыза алатын ақын. Негізінен, оның балаларға арналған өлеңдері дидактикалығымен айрықша көзге түседі. Ақын туындыларының кейбірі бастан-аяқ афоризм. Енді бір шығармаларында қаламгер өмірден алынған жағдайды сипаттай отырып, ойлы да тартымды нақыл іспетті қорытындысы мен үкімін соңғы шумақтарда қиюластырып келтіріп отырады.

«Өзің от боп жанасың, Өзгелерді нұрлантуға санасың, Өзің күл боп қаласың, Өзгелердің құнартуға даласын» – деген Мұзаффар Әлімбаев жолдары оның ақындық позициясына ғана аңғартып қоймай, сонымен бірге туған халқына, жеріне деген жүрекжарды сезімімен де хабар беріп тұр.

М.Әлімбаев шығарған жаңылтпаш, санамақ, жұмбақ, мақал-мәтел туындылары бір төбе.

 

Бір дегенім – бір таяқ,

Екі дегенім – екі аяқ,

Үш дегенім – үшкір тіс,

Төрт дегенім – төрт бұрыш...

... Сан білмеген айта ма,

Санамақты қайтала!

 

Өлең сан мен затттың, сан мен құбылыстың ұқсастығын айта отырып, бүлдіршінге сан үйретеді, сонымен бірге, «санға атын ұқсайтын заттарды» да танытады. Шындығында да, ақын сандарға сәйкес келетін заттарды іріктеп ала отырып, бала қиялын өрбітеді.

М.Әлімбаев өз санамағында баланы белсенділікке үндеп, санамақты тезірек қайталауға, сандарды үйретуге шақырады. Ақын баланы қайрап, «сан білмеген айта ма, санамақты қайтала» деп, оны белсенді әрекетке үндейді. Бұл – өте ұтымды қолданылған педагогикалық тәсіл.

Келесі санамағы мынадай:

 

Үйде бір топ мейман бар:

Нағашымыз Мейрам бар.

 

Ал жұмбақтары әрі қызық, әрі көркем:

 

Басы жоқ, денесі жоқ, құрсағы бар,

Ішінде құрсағының жұмсағы бар.

Жатарда ұнатады ұйықтағанды,

Кәрілер сол жұмсаққа сонша құмар.

 

Жұмбақ балаларды жасырын тұрған заттың сырт пішінімен, негізгі белгісімен, қызметімен таныстырады. Балалардың көз алдына сөзбен салынған жастық суреті келеді.

Жұмбақ барысында сөзбен салынған суреттің өзі бүлдіршінді көңілдендіреді, күлдіреді, қызықтырады.

 

Тақап келіп, оған әр кім төнеді,

Кереметтей бізге берер көмегі:

Іштегілер сырттағыны көреді,

Сырттағылар іштегіні көреді.

 

Келтірілген жұмбақ шешуінің терезе екендігін аңғару көп қиындықты тудырмайды, себебі ақын терезенің негізгі қасиетін атап көрсетеді.

М.Әлімбаев көптеген тақырыптарды өз жұмбақтарына арқау етті. Адамның дене мүшелері, дерексіз ұғымдар, шаруашылық түрлеріне қатысты заттар мен құралдар түрлері, жан-жануарлар әлемі (оны өз ішінен жәндіктер, аңдар мен құстарға арналған жұмбақтар деп бөлуге болады), өсімдіктер тағам түрлері, көне заттар – бәрі де ақын жұмбақтарында өз орнын тапқан.

М.Әлімбаев – балаларға арнап қай жанрда болмасын, өнімді еңбек еткен қаламгердің бірі. Оның жаңылтпаштары да қазақ балалар поэзиясының алтын қорына қосылған туындылар екендігі белгілі.

 

Жаңылтпаш,

Жаңылтпас,

Жаңылар аңғырт жас

Сөзіне салғырт бас.

 

дейді жаңылтпаштарының бірінде қаламгер. М.Әлімбаев бүлдіршіндерді зейінді, ұқыпты болуға шақырады. Жаңылтпаштан «алғырт жастардың» ғана қателесетіндігін автор ерекше атап өтеді.

Бала қызығушылығы мен оны қанағаттандырудың үлгісін біз Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдерінен табамыз. Мысалы, «Жел деген не?» атты өлеңде ағасы інісіне бұл құбылысты бүлдіршін танымына сай қонымды етіп, былайша түсіндіреді:

 

Жел де ауа кәдімгі

Ойға-қырға шапқылап,

...Жел дегенің тек бірақ –

Пайыз таппас ауа ғой

 

Жалпы, ақын қай жанрда қалам тербесе де оның астарында үлкен тәрбиелік, танымдық мән адамгершілік идеал жатады. Өлеңдерде сөз болатын ситуациялардың шынайылығы бүлдіршіндерді қызықтырады әрі сүйсіндіреді. Қаламгердің адамгершілік әлемі, жазу шеберлігі биік. Сонымен қатар, М.Әлімбаев шығармалары көркемдігімен де, ішкі мазмұн тереңдігімен де, тәрбиелік, танымдық мәнімен де айрықша көзге түседі.

 


Поможем в написании учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой





Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3237. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.054 сек.) русская версия | украинская версия
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7