Каз Гематология 2 вар
$$$001 83 жастағы әйелдің қан анализінде: Нв - 78 г/л, Эритроциттер – 2,1*10¹²/л, MCV – 110, ТК – 1,1, лейкоциттер – 4,1*10/9, тромбоциттер – 124 000, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз ++. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин 35 мкмоль/л, тура билирубин – 28 мкмоль/л. Шағымдары: әлсіздік, бас айналу, қол саусақтарының жансыздануы. Қан кету болмаған. Қарағанда тілі тегіс “лакталған”. Қандай анемия туралы ойлауға болады? A) Теміртапшылықты анемия II дәрежесі B) Теміртапшылықты анемия I дәрежесі C) Cидероахрестикалық анемия D) В12-тапшылықты анемия E) Апластикалық анемия {Дұрыс жауап}=D {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Гематология. Руководство для врачей. Под.ред. Н.Н.Мамаева. С-Пб. СпецЛит. 2011. 615 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14
$$$002 22 жастағы қызда ауыр ағымды ЖРВИ фонында сарғыштану пайда болды. Қарап тексергенде спленомегалия анықталды. УДЗ-де: Өт қапшығында тас. ЖҚА: WBC-4.3*109/L, RBC-2.6*1012/L, HGB -53 G/L, HCT-0.288 L/L, MCV-62.6, MCH-15.9, MCHC-253. Сфероцитоз, акантоз, овалоцитоз. Биохимиялық қан анализінде: жалпы билирубин – 62 мкмоль/л, тура емес –51 мкмоль/л. Қандай диагноз жайлы ойлауға болады? A) Маркиафава-Микели ауруы B) Тұқым қуалаушылық микросфероцитоз C) Аутоиммунды гемолитикалық анемия D) Идиопатиялық гемолитикалық анемия E) Глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы {Дұрыс жауап}=B {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Гематология. Руководство для врачей. Под.ред. Н.Н.Мамаева. С-Пб. СпецЛит. 2011. 615 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14
$$$003 Әйел адам 25 жаста, басынан өткерген вирусты инфекциядан кейін бірінші рет көп көлемде спонтанды тері астықан қан құйылулары, мұрыннан қан кету пайда болды. Жгут симптомы, шымшу симптомдары оң. Қан анализінде: Нв–100 г/л, тромбоцит-8х109/л. Қандай емдеу әдісін жүргіземіз? A) Спленэктомия B) Цитостатиктермен ем C) Тромбомасса құю D) Кортикостероидтармен ем E) Сүйек миының трансплантациясы {Дұрыс жауап}=D {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Гематология. Руководство для врачей. Под.ред. Н.Н.Мамаева. С-Пб. СпецЛит. 2011. 615 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14
$$$004 Науқас 16 жаста, қатты суықтағаннан кейін есекжем пайда болды, жамбаста, аяқта, орталық некроз орынында мономорфты симметриялық папуллезді-геморрагиялық бөртпелер, дене қызуының жоғарлауы 39°С. Бір аптадан соң бел аймағының ауруы, зәрдің қараюы пайда болды. Қан анализі: лейк-18 мың. ЭТЖ-54 мм/с, диспротеинемия, гиперфибриногенемия, Виллебранд факторының жоғарлауы 3 рет, СИА тест-теріс. Зәр анализінде - протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. антикоагуляциялық терапиямен қосымша тағы қандай препарат тағайындаймыз? A) Жаңа мұздатылған плазма B) Диклофенак натрия C) Преднизолон D) Дезлоратадин E) Циклофосфамид {Дұрыс жауап}=C {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Гематология. Руководство для врачей. Под.ред. Н.Н.Мамаева. С-Пб. СпецЛит. 2011. 615 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14
$$$005 Жас өспірім 16 жаста әлсіздікке, ұйқышылдыққа, сүйектерінің ауруына, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде:тері қабаты бозарған, бөрткен, қызыл иектері ісінген, қанаған, тығыз жақ асты, жақ үсті, мойын, бұлшықетасты лимфа бездері ұлғайған, әлсіз спленомегалия. УЗИ – абдоминальды және құрсақ асты лимфа бездері ұлғайған. Қанда: эритроциттер – 1,8 млн; Hв-56 г/л; ЦП – 0,93; лейкоцит -2,6 мың; бластты жасушалар – 68%,тромбоцит – 30 мың; ЭТЖ- 50 мм/сағ. Нейролейкемияны диагностикалау үшін қандай зерттеу әдісі тиімдірек? A) Бас миының КТ B) Бас миының МРТ C) Люмбальды пункция D) Лимфабездерінің пунктаттын зерттеу E) Иммунофенотиптеу мен трипонобиопсия {Дұрыс жауап}=C {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Гематология. Руководство для врачей. Под.ред. Н.Н.Мамаева. С-Пб. СпецЛит. 2011. 615 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14
$$$006 Науқас 28 жаста созылмалы миелолейкозбен 3 жыл бойы гливек (иматиниб) алған, науқаста осы препаратқа бейімделу пайда болды. Гливекті дазатинибке ауыстырды (бұл препарат тирозинкиназа ингибиторлары тобының препараты). 12 айдан соң ем клинико-гематологиялық ремиссияға жетті. Иммуногенетикалық зерттеу көрсеткіші: Ph-позитивті жасуша – табылды. Терапияны нилотинибмен бастады. 6 айдан соң: Ph-позитивті жасуша – табылды. Келесі қандай тактика тиімдірек? A) Комбинирленген терапия цитозармен бірге B) Комбинирленген терапия винкристинмен бірге C) Гемопоэтикалық бағаналы жасушалардың трансплантациясы D) Қысқа әсерлі Альфа-интерферон әсер ететін E) Сүйек миының трансплантациясы {Дұрыс жауап}=C {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Гематология. Руководство для врачей. Под.ред. Н.Н.Мамаева. С-Пб. СпецЛит. 2011. 615 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14
|