Студопедия — Таспалық конвейерді құру сипаттамасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Таспалық конвейерді құру сипаттамасы






Конвейердің негізгі қолдану аясы – салмақты жүктерді тасымалдау: пайдалы қазбаларды, жер асты қазба жұмыстарын жүргізудегі жер жынысын, кей жағдайда – қалау материалдары.

Конвейерлі тасымалдаудың артықшылығы: тасымалдаудың үздіксіз болуына байланысты жоғары өнімділік, жоғары сенімділік (таспалы конвейердің дайын болу коэффициентінің 0,999 болуы, ал пластиналы конвейер үшін – 0,987); автоматты басқару жұмысына технологиялық жағынан бейім болуы және осыған байланысты қызмет көрсетуге жұмсалатын шығынның аз болуы (тәулігіне бір конвейерге 1-4 адам/ауысым) және қызмет көрсетушілердің жарақат алу ықтималының аздығы; жүкті көлденең де, көлбеу де жазықтықта тасымалдау мүмкіндігі, жүк тасымалдау ара-қашықтығын ұзарту мен қысқартуға кететін жұмыстың аз жұмсалуы.

Конвейерлі тасымалдаудың кемшіліктері: күрделі қаржы шығын үлесінің салыстырмалы түрде жоғары болуы (бірақ жүк легінің артуымен азая береді) және пайдалану шығынының жоғары болуы.

Конвейерлі тасымалдаудың негізгі құралы болып таспалы конвейер табылады. Негізгі арналған мақсатына байланысты таспалы конвейерлер жүк тасу, адам-жүк тасу, адам тасу, тиеу және мөлшерлеуіш болып бөлінеді.

Жерүсті таспалы конвейердің технологиялық арналуына сай құрылымдық орындалуына байланысты стационарлы және жартылай стационарлы деп бөлінеді. Жартылай стационарлы конвейерлер қызмет көрсету уақыты 1-2 жылдан аспайтын немесе ұзындығын қысқартуға болатын өндіріске арналған [1].

Стационарлы конвейердің жетекті, керіп кигізілетін және артқы бөліктері бетон іргетасқа орнатылады. Жартылай стационарлы конвейерлердің артқы бөліктері, ал аз қуатты конвейерлердің сондай-ақ, жетекті бөліктері де іргетассыз орындаушы зауыт нұсқауы бойынша орнатылады.

Барлық таспалы конвейерлер келесідей негізгі бөліктерден: жетекті, керіп кигізілетін және артқы бөліктерден, қондырғыдан, конвейерлі таспадан; жүк тиеу қондырғысынан; электр қондырғысынан және автоматтандырудан тұрады. Конвейерлердің керіп кигізілетін бөлігі артқы немесе басқы бөліктермен біріктірілген, кейбір конвейер жүк түсіретін барабанның көтерме бөліктерімен жабдықталған (жүк түсіру консолін ұзартқышпен) [2].

1.1 суретте таспалы конвейердің құрылымдың сызбасы көрсетілген. Бұл конвейердің салмақ түсіретін органы жетекті барабанмен – 1, іске қосылатын резіңкелі икемді лентадан – 2 тұрады. Конвейердің қарама-қарсы жағында бағыттаушы барабан – 3 бар. Таспа конвейерді қондырғысына бекітілген роликтер – 5 ұстап тұрады.

Таспа жетек барабаны мен таспа арасындағы үйкеліс күші арқылы қозғалысқа келетіндіктен таспа үнемі керілген жағдайда болу қажетті. Ол керу құрылғысымен – 4 жүзеге асырылады. Жүк тиеу бункер – 8 арқылы жүргізіледі. Конвейерді тіректер – 6 ұстап тұрады.

 

1.1 сурет – Таспалы конвейер сызбасы

 

Таспалар тросты-резіңкелі және маталы-резіңкелі болып бөлінеді. Жалпақтығы 300-ден 1600 мм-ге дейін. Конвейердің өнімділігін арттыру үшін таспаның жоғарғы беті роликтердің көмегімен 1.2 суретте көрсетілгендей жартылай шұңқырлы форма беріледі.

 

>

 

1.2 сурет – Таспалы ковейердің алдынан қарағандағы көрінісі

Таспалы конвейер сусымалы, жалғыз және ірі жүктерді тасымалдауға арналған. Бұл конвейердің жұмыс өнімділігі бірнеше тонна/сағаттан мыңдаған тонна/сағатқа дейін жетеді. Таспаның ені 300 – 2000 мм, қозғалу жылдамдығы 1,5 – 4,0 м/с болады. Таспалы конвейердің негізгі құрылғыларының орналасу сызбасы 1.3 суретте көрсетілген.

Қазіргі күнде іс жүзінде ұзындықтары шектеулі (1,5-5) м және үлкен динамикалық күш түсетін конвейерлерде сусымалы затты өлшеу мен мөлшерлеу қажеттілігі туындайды. Жалпы өндірістік мақсатта қолданылатын конвейерлерлік таразыларды мұндай конвейерлерде қолдану мүмкін емес, себебі олар жүк тиеу құрылғыларында:

– материалды беру мен лақтырудан,

– бағыттаушы құрылғыларынан,

– таспаны керу құрылғыларынан,

– конвейер таспасын тазалау құрылғыларынан,

– магнитті түйірлерді оңашалау құрылғыларынан

көрші роликтер осьтерінің ара-қашықтығын төрт еселенгендегідей алшақтықта орнатылуы қажетті деген 8.1.2 МЕСТ 30124-94 талаптарына сай келмейді [3].

 

1.3 сурет – Конвейердің негізгі қондырғылары:

1 – жүк тиеу басы; 2 – жетек блогы; 3 – қондырғы; 4 – таспа; 5 – жүк тиеу қондырғысы; 6 – керу қондырғылы артқы бөлік.

 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында таулы-металлургиялық

кешендерге тағайындалған арнайы конвейер таразыларына және таспалы мөлшерлегішке деген сұраныс өте жоғары.

Мысалы, Жезқазған және Балқаш жез балқыту зауыттарында флюсті

жынысты конвертерлерге жөнелту ұзындығы (4-5) м құрайтын таспалы қоректендіргіштер арқылы жүргізіледі, ал жыныс термикалық пештерге сусымалы материалдарды жөнелту – ұзындығы (2-3) м болатын таспалы қоректендіргіштер арқылы жасайды. Мұнда қоректендіруші бункерлер сусымалы материалдарды тура сериалы шығарылатын таразының өлшеу учаскесіне лақтырады, бұл тензометрлі өлшеу құрылғылары үшін шамадан артық динамиалық күш түсіреді. Сол себепті осы технологиялық конвейерлерде сусымалы материалдарды өлшеу жүргізілмейді, ал мөлшерлеу материалдың ұзына бойы тығыздығы тұрақты дей отырып, конвейердің уақыты бойынша жүргізіледі. Бұл шындыққа сай келмейді, себебі материалдың ұзына бойы тығыздығы оның ылғалдылығына, түйіршік ірілігіне және таспа үстіндегі деңгейіне байланысты болады.

Белгілі ақпараттарға сүйенсек, Ресей мен Украинада және алыс

шетелдерде конвейерлік таразылар мен мөлшерлегіштер арнайы мақсатта тапсырыс бойынша өңделеді және шығарылады. Мұндай конвейерлік таразылар мен мөлшерлегіштер кешенді түрде таспалы конвейерлермен қойылады және қазіргі кезде қолданылып отырған технологиялық құрылғыны толығымен ауыстыруды талап етеді. Қазақстан Республикасында өндірісті импортты салмақ өлшегіш кешендермен жабдықтау үлкен материалдық шығындар мен уақытты талап етеді.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2190. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия