Аз. Ішкі аурулар, Гематология, қаз. 32 жастағы науқас тісін жұлғаннан кейін пайда болған көлемді қан кетуге шағымданады
01_01_06_қаз. $$$001 32 жастағы науқас тісін жұлғаннан кейін пайда болған көлемді қан кетуге шағымданады. Анамнезінде мұрыннан қан кетулер. Объективті: теріде петехиялар және экхимоздар. Қанда: эр-2,9 млн, Нв-77 г/л, ТК-0,8, лейк-4,2 мың, тромб-28 мың. ЭТЖ-17 мм/сағ. Қан кету ұзақтығы-24 мин, қан ұю уақыты-4 мин. Миелограмма: мегакариоциттерден тромбопластинкалардың бөлінуінің бұзылуы. Неғұрлым мүмкін диагноз: A) Гемофилия B) Жіті лейкоз C) Апластикалық анемия D) Рандю-Ослер ауруы E) Иммунды тромбоцитопения {Дұрыс жауап}= Е {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Гематология. Руководство для врачей. Под ред. Н.Н.Мамаева. Спб. СпецЛит. 2011, 615 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_06_қаз. $$$002 53 жастағы науқас жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуға, аяқ бармақтарындағы шаншуға, тері қышуына, үдемелі әлсіздікке шағымданады. Объективті: плеториялық синдром. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ минутына 74 рет, АҚҚ-180/110 мм с.б.б. Бауыры – қабырға доғасынан шықпайды, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ-эластикалық; көк бауыры 8 х 6 см. Қанда: эр-5,0 млн., Нв-165 г/л, ТК-0,9, лейк-9,3 мың, т-7%, сегм-60%, эоз-4%, лимф-25%, мон-4%, тромб-400 мың, ЭТЖ-1 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика: A) Қан ағызу + дезагреганттар B) Дезагреганттар + жаңа мұздатылған плазма C) Дезагреганттар + хлорбутин D) Дезагреганттар + алкеран E) Дезагреганттар + гепарин {Дұрыс жауап}= А {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Гематология. Руководство для врачей. Под ред. Н.Н.Мамаева. Спб. СпецЛит. 2011, 615 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_06_қаз. $$$003 40 жастағы науқас ІІІ дәрежелі үсу белгілерімен түсті. Объективті: тежелген, бозғылт. Терісі «мәрмәр», акроцианоз. Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ 120 рет/мин. Пульс жіп тәрізді, аритмиялы. АҚҚ 85/55 мм с.б.б. Қанда: эр-2,3 млн., Нв-63 г/л, тромб-150 мың. Гемостаз жүйесін зерттеу: қан ұю уақыты4 мин, тромбоциттер 430 мың, фибриноген-4,1 г/л, этанол және протаминсульфатты тесттер оң. Фибрин деградациясы өнімдерінің және антитромбина III деңгейі жоғарылаған. Неғұрлым тиімді тактика: A) Контрикал + курантил B) VIII фактор концентраты + викасол C) Аминокапрон қышқылы + дицинон D) Гепарин + жаңа мұздатылған плазма E) Тромбоциттер концентраты + эритроциттік масса {Дұрыс жауап}= D {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Гематология. Руководство для врачей. Под ред. Н.Н.Мамаева. Спб. СпецЛит. 2011, 615 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14
|