Тест тапсырмалары. білім беруді ұйымдастыру жетекшісі
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
«Бекітемін» білім беруді ұйымдастыру жетекшісі __________________________________ ғылыми дәрежесі, лауазымы, аты-жөні
Ішкі аурулар» пәні бойынша тест тапсырмалары Мамандық топтарына арналған: Ішкі аурулар Клиникалық зертханалық диагностика Клиникалық фармакология Реанимация және қарқынды терапия Визуальды диагностика Фтизиатрия Неврология Психиатрия және наркология Инфекциялық аурулар
Құрастырған: Интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасының доценті м.ғ.к., доц._______________Браун М.А. Интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасының меңгеруішісі м.ғ.д., проф.__________Айнабекова Б.А.
I вариант
$$$001 Бронх демікпесінің ұстамасы және демікпелік статустың бірінші сатысы арасында ажыратпа диагноз жүргізгенде неғұрлым маңызды белгі: A) айқын цианоз B) экспираторлық тұншығудың ауырлық дәрежесі C) науқастың мәжбүрлік қалпы D) эуфиллинді көк тамырға енгізудің нәтижесіздігі E) бета 2-агонистерге рефрактерлік {Дұрыс жауап}= Е
$$$002 Бронхоэктаз ауруымен ауыратын науқас қатты жөтелгеннен кейін кенеттен кеуде клеткасының оң жағында ауырсыну және ентігу пайда болды. Қарағанда: оң жақ кеуде клеткасы тыныс алуда қалыңқы және қабырға аралықтары томпайған; перкуссияда - тимпанит. Неғұрлым мүмкін асқыну: A) Өкпе ателектазы B) Пневмоторакс C) Өкпе инфаркты D) Өкпе эмфиземасы E) Экссудациялық плеврит {Дұрыс жауап}= В
$$$003 48 жастағы науқасты мөлшері тәулігіне 50 мл дейінгі шырышты іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, аурудың өршуі соңғы 2 жылда жылына 3-4 ретке дейін жиілеген. Өкпесінде әлсіз тыныс, барлық алаңында құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Неғұрлым мүмкін диагноз: A) Пневмония B) Өкпе туберкулезі C) Бронхоэктаз ауруы D) Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы E) Созылмалы іріңді бронхит {Дұрыс жауап}= Е
$$$004 Аурудың жіті ағымы, ылғалды сырылдар, рентгенограммада өкпенің ортаңғы-төменгі бөліктерінде орташа интенсивті инфильтрациялық көлеңкелер, тез оң нәтижелі динамика неғұрлым тән: A) Саркоидозға B) Пневмокониозға C) Ошақты пневмонияға D) Милиарлы туберкулезге E) Инфильтрациялық туберкулезге {Дұрыс жауап}= А {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Система органов дыхания. М. Бином, 2005, 464 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_01_қаз. $$$005 Әйел адам, 25 жаста, жүктіліктің 8-10 аптасы, қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дене қызуының 37° дейін көтерілуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел түрде ауырған. Сол жақ жауырын аралығында құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы: A) Ципрофлоксацин, амброксан B) Метрогил, гентамицин C) Лазолван, теплое питье D) Амоксиклав, бронхолитин E) Бромгексин, тетрациклин {Дұрыс жауап}= С {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Ройтберг Г.Е., Струтынский А.В. Внутренние болезни. Система органов дыхания. М. Бином, 2005, 464 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_01_қаз. $$$006 Науқас 53 жаста, жоғарғы бөліктің пневмониясы диагнозы қойылған. Қақырықта алтынды стафилококк анықталған. 2 апта өткенде науқастың қызуы көтеріліп, мөлшері 100 мл дейінгі жағымсыз иісті қақырық шыға бастаған. Рентгенде оң жақ өкпенің барлық жоғарғы бөлігін қамтыған деструкциялық үдеріс анықталған. Оң жақ өкпенің зақымданған бөлігінің резекциясы жасалынған. Опреациядан кейінгі кезеңде неғұрлым тиімді препарат: A) Эритромицин B) Экстенциллин C) Метронидазол D) Левофлоксацин E) Амоксициллин {Дұрыс жауап}= D {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Национальное руководство. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2008, 800 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_01_01_қаз. $$$007 Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын 65 жастағы науқас ентігудің, жөтелдің күшейе түсуіне, жасыл-сары түсті қақырық көлемінің көбеюіне, субфебрильді температураға шағымданады. Объективті: ТЖ – минутына 28 рет, ЖСЖ – минутына 92 рет. Аускультацияда: қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді тағайындау: A) Гентамицин б/е B) Кларитромицин per os C) Сальбутамол к\т D) Вентолин ингаляциялық E) Сальбутамол ингаляциялық {Дұрыс жауап}= В {Күрделілік}=3 {Оқулық}=(Национальное руководство. Пульмонология. Под ред. А.Г.Чучалина. ГЭОТАР-Медиа, 2008, 800 с.) {Курс}=7 {Семестр}=14
|