Аз. Клиникалық зертханалық диагностика. В12-тапшылықты анемиямен ауыратын науқастың миелограммасына неғұрлым тән көрініс:
01_02_қаз. $$$001 В12-тапшылықты анемиямен ауыратын науқастың миелограммасына неғұрлым тән көрініс: A) Сүйек кемігінің босауы B) Сүйек кемігінің өзгермеуі C) Қан түзудің барлық өсіндісінің гиперплазиясы D) Қан түзудің мегалобластты типі E) Қан түзудің нормобластты типі эритроидты өсіндінің тітіркенуімен {Дұрыс жауап}= D {Күрделілік}= 1 {Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_02_қаз. $$$002 Науқас 35 жаста, оң қабырға доғасы астындағы ауырлық сезіміне, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, жүрек айнуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: конъюнктивасы субиктерлі; бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалы, пальпацияда сезімтал. Көк бауыры пальпацияланбайды, перкуторлық өлшемі 6 х 4 см. Анализінде: ЭТЖ-21 мм/сағ, жалпы билирубин 58,8 ммоль/л, тікелей билирубин 42,4 ммоль/л, тимол сынамасы – 8 ед., АЛТ- 1,64 ммоль/л, АСТ-1,2 ммоль/л. Иммуноферментті анализ: IgM, HBcorAg анықталған. Гепатиттің ауырлық дәрежесін көрсететін неғұрлым мүмкін көрсеткіш: A) HBcorAg болуы B) Жалпы билирубин деңгейі C) Тікелей билирубин деңгейі D) Трансаминазалар деңгейі E) IgM болуы {Дұрыс жауап}= D {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_02_қаз. $$$003 Науқас 19 жаста, ұнды және жармалы тамақтарды ішкеннен кейін сұрғылт түсті ботқа тәрізді нәжістің жиі бөлінуіне (күніне 8 ретке дейін); әлсіздікке, арықтауына шағымданады. Объективті: шаштарының түскіштігі, тырнақтарының сынғыштығы және қатпарлануы, сүйектерінің ауырсынуы, полигиповитаминоз белгілері анықталады. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс: A) d-ксилозамен сынама B) Глюкозотолерантты тест C) Ацидотест D) Нәжісті бактериологиялық зерттеу E) Helicobacter pylori – ге зерттеу {Дұрыс жауап}= А {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_02_қаз. $$$004 30 жастағы науқас, гриппен ауырғаннан кейін бұлшық еттерінің ауырсынуы әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық жүктемеде ентігу, даусының міңгірлеп шығуы, дисфагия пайда болды. Объективті: епсіз жүріс, периорбитальды ісіну («көзілдірік»симптомы), бетінде, мойнында, арқасында эритемалық бөртпелер. Пальпацияда иық және сан бұлшық еттері ауырсынады, белсенді қозғалысы шектелген. Жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық, ЖСЖ-100 рет/мин. АҚҚ-140/90 мм с.б.б.. Қанда: эритроциттер - 4,5 млн., Нв-110 г/л, лейкоциттер - 7 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі: A) Креатинфосфокиназаны анықтау B) Қос тізбекті ДНК-ға антиденелерді анықтау C) Ревматоидты факторды анықтау D) Кардиолипинге антиденелерді анықтау E) Жегілік антикоагулянтты анықтау {Дұрыс жауап}= А {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_02_қаз. $$$005 Науқас 56 жаста, созылмалы маскүнемдікпен және өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауырады, қиын бөлінетін, тұтқыр, күйген еттің иісі шығатын және қарақат желесі тәрізді қақырықпен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенограммада: «жайылған торлы өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз. Қақырық анализінде неғұрлым болуы мүмкін қоздырғыш: A) Хламидиялар B) Клебсиелла C) Микоплазма D) Ішек таяқшасы E) Пневмококк {Дұрыс жауап}= В {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007) {Курс}=7 01_02_қаз. $$$006 Науқас 32 жаста, әлсіздікке, тәбетінің жойылуына, терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, тері қышуына шағымданады. Анамнезінде – созылмалы гепатит В. Объективті: бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, ауырсынады; көк бауыры 6х4 см. Анализінде: АЛТ – 2,45 ммоль/л, АСТ – 1,2 ммоль/л, жалпы билирубин – 65 ммоль/л, тікелей – 46 ммоль/л, тимол. сынамасы – 7 ед. Емді таңдауда неғұрлым деректі зерттеу: A) Сілтілі фосфатаза деңгейі B) Трансаминазалар деңгейі C) Зәр қышқылы деңгейі D) НBsAg E) Полимеразалық тізбекті реакция {Дұрыс жауап}= Е {Күрделілік}= 2 {Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_02_қаз. $$$007 52 жастағы ер адам, маскүнем, ішінің жоғарғы бөлігіндегі және кіндік аймағында ауырсыну, жүрек айну, қуырылған тамақты көтере алмау мазалағанына 3 жыл болған. Соңғы жылда диарея болғандықтан 6 кг салмақ тастаған. Майлы тамақты мүлдем қабылдамай, диетаны сақтағанда науқастың жағдайы жақсарады. Науқасқа №5 диета, креон қабылдау ұсынылады. Креонның мөлшерін таңдауға көмектесетін неғұрлым деректі зерттеу:: A) Шиллинг сынамасы B) d-ксилозамен тест C) Копрограмма D) Глюкозаға толеранттылық тестті E) Сутегілік тест {Дұрыс жауап}= С {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_02_қаз. $$$008 С. атты науқас, 32 жаста, әлсіздікке, аздаған физикалық күштемеде пайда болатын айқын ентігуге және жүрек қағуына шағымданады. Анамнезінде: қанағыштық, жоғарғы тыныс жолдарының рецидивті инфекциялары. Гемограммада: Нв – 70 г/л, эритроциттер – 3,5х1012/л, лейкоциттер – 2,5х109/л, тромбоциттер – 65х10х9/л. Стернальды пункция: сүйек кемігі аз жасушалы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу: A) Сүйек кемігі жасушаларын цитохимиялық зерттеу B) Сүйек кемігі жасушаларын иммунофенотиптеу C) Спленопортография D) Трепанобиопсия E) Көк бауырдың пункциясы {Дұрыс жауап}= D {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_02_қаз. $$$009 Науқас 50 жаста, жүрек аймағында күйдіріп ауырсыну, ыстықтау сазімі, аменорея мазалайды. Объективті: терісінің гиперемиясы және гипергидрозы. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖСЖ 100 рет/мин. АҚҚ - 140/85 мм с.б.б. ЭКГ: синусты тахикардия.ТV1-V4 тісшесінің инверсиясы. Науқас седативті препараттар, бета-блакаторлар қабылдаған, бірақ жағадайы онша жақсармаған. Емдеу тәсілін реттеуде неғұрлым деректі зерттеу әдісі: – 100/0/0. Неғұрлым тиімді тағайындау: A) ТТГ деңгейін анықтау B) Т3 деңгейін анықтау C) Т4 деңгейін анықтау D) Кольпоцитограмма E) Пролактин деңгейін анықтау {Дұрыс жауап}= D {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_02_қаз. $$$010 24 жастағы науқас, босанғаннан кейін кенеттен қызба, қалтыру, қалың тер пайда болды. Анамнезінде жағымсыз иісті жатырмаңындағы судың уақытынан бұрын ағып кетуі. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға ығысумен, ЭТЖ жылдамдауы, тромбоциттердің спонтанды агрегациясының жоғарылауы, этанол тесттің оң мәнді болуы. Антибактериялық және дезинтоксикациялық терапия. 4-күні терісінде петехиялы бөртпелер пайда болды, жатырдан қан кету дамыды. Науқастың қанында неғұрлым анықталуы мүмкін: А) Тромбоцитоз B) Гиперфибриногенемия C) АЧТВ қысқаруы D) ПУ қысқаруы E) РФМК жоғарылауы {Дұрыс жауап}= Е {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_02_қаз. $$$011 Науқас 26 жаста, бетінің және аяқтарының ісінуі, белінің және ұсақ буындарының ауырсынуы, дене қызуының 37,5оС дейін көтерілуі мазалайды. Ауруын теңізге жиі түсумен байланыстырады. Қанда: Нв-81 г/л, эр-2,8 млн., лейк-3,2 мың, тромб – 136 мың, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ+++. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейк. -10 к/а, эр. – 20 – 25 к/а, гиалинді цилиндрлер- 10 к/а. Дезагреганттармен және спазмолитиктермен емдеу нәтижесіз. Емді реттеуде неғұрлым тиімді зерттеу: A) АСЛ-О, АСГ B) Тропоизомеразаға антиденелер C) Антинуклеарлы антиденелер D) Ревматоидты фактор Е) Кардиолипинге антиденелер {Дұрыс жауап}= С {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14 01_02_қаз. $$$012 К. атты науқас, 17 жаста, дене қызуының 37,6°С дейін көтерілуіне, тізе және білезік буындарындағы ауырсынуғаә әлсіздікке шағымданады. Баспамен ауырғаннан кейін 10 күн өткенде ауырған. Объективті: тізе және білезік буындарының үстіндегі терісі гиперемияланған, ісінген, қозғалғанда буындарында ауырсыну байқаладых. Анализінде: лейкоцитоз, СРБ+++, диспротеинемия. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен емдеу курсын өткен, нәтижесі шамалы. Емді реттеуде неғұрлым деректі зерттеу: A) АСЛ-О, АСГ B) Райта-Хеддльсона реакциясы C) Ревматоидты фактор D) Антинуклеарлы антиденелер E) LE-жасушалар {Дұрыс жауап}= А {Күрделілік}= 3 {Оқулық}=(Руководство по лабораторным методам диагностики. М.: 2007) {Курс}=7 {Семестр}=14
|