Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Аудиториядан тыс СӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері, тарату тәртібі және СӨЖ орындалуын бағалау әдістері.





СӨЖ түрі әр алуан. Тақырыпты бөлген кезде студенттер оны орындау жөніндегі әдістемелік ұсыныстармен, ұсынылған әдебиеттермен, нәтижеге қойылатын талаппен, бағалау критерийлерімен танысады.

СӨЖ 5 деңгейге бөлінеді, қабылдаушы және шығармашылық процесстер қатынасы негіз болады (Ипатова М.А., 2004).

СӨЖ бірінші деңгейі – ақпаратты сөзбе-сөз беру (рефераттар).

Екінші деңгей – үлгі бойынша өздік жұмыс: берілген үлгі бойынша дәріс мәтініне сұрақтар, тест тапсырмаларын дайындау. Бұл үлгі студенттің ойын жауап іздеуге бағыттайды.

Үшінші деңгей – реконструктивті-өздік жұмыс, оған ребустар, сөзжұмбақ, сұхбат алу, сауалнама, ситуациялық есептер құрастыру жатады.

Төртінші деңгей – оқытушы берген күрделі ситуациялық есептерді шешу, іскерлік ойындарға дайындық.

Бесінші деңгей – шығармашылық (зерттеушілік) өздік жұмыстар.

 

Өздік жұмыс ретінде кафедрада келесі тапсырмалар түрі бекітілген:

  • Учаскелік дәрігер бөлмесінде жұмыс: балаларды қабылдауды денсаулық жағдайына жиынтықты баға беріп амбулаторлық картаға жазу, олардың дене және жүйке-психикалық дамуына баға беру; ата-анамен баланың күн тәртібі, күтімі және тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде әңгіме өткізу; ауру тарихына, баланың даму тарихына рецензия дайындап, жазу.

· Иммунопрофилактика бөлмесінде жұмыс. Жеке егу күнтізбесін жасап, дайындау.

· Учаскеде босануға дейінгі және нәрестелердің үйдегі патронажын жүргізіп, амбулаторлық картаға жазу; ата-анамен баланың күн тәртібі, күтімі және тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде әңгіме өткізу.

 

Пән бойынша жұмыс бағдарламасының әр тақырыбы бойынша студенттерге тапсырманың 6 түрі беріледі. Студенттер бір тапсырманы орындау үшін 2-3 адамнан топтасуына болады, немесе тапсырманы жеке де орындай алады. Студенттерге көмек ретінде кафедрада СӨЖ әр түрін орындау үшін әдістемелік ұсыныстар дайындалған. ОСӨЖ объективті бағалауды қамтамасыз ету үшін арнайы баллдық бағалау критерийлері дайындалған, силлабусқа қосымша берілген.

 

Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (СӨЖ)

Тақырыптыр Өткізу түрі Ұзақтығы
  Босануға дейінгі патронаж өткізу. Нәрестенің алғашқы патронажы. Босануға дейінгі және нәрестелердің үйдегі патронажын жүргізіп, амбулаторлық картаға жазу; ата-анамен баланың күн тәртібі, күтімі және тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде әңгіме өткізу, ситуациялық есептер дайындап, жазу. 4 сағат
  Дені сау балаларды емханада диспансерлік қабылдау.   Балалардың қабылдауын денсаулық жағдайына жиынтықты баға беріп амбулаторлық картаға жазу, олардың дене және жүйке-психикалық дамуын да көрсету; күн тәртібі, бала күтімі және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы амбулаторлық картаға жазу; ауру тарихына, баланың даму тарихына рецензия дайындап, жазу, диспансерлік бақылау және ұсыныстар жоспарын дайындап, жазу; ситуациялық есептер дайындап, жазу.
  Дене және жүйке-психикалық дамуын бағалай отырып баланы қарау. Балалардың қабылдауын денсаулық жағдайына жиынтықты баға беріп амбулаторлық картаға жазу, олардың дене және жүйке-психикалық дамуын да көрсету; күн тәртібі, бала күтімі және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы амбулаторлық картаға жазу; ауру тарихына, баланың даму тарихына рецензия дайындап, жазу, диспансерлік бақылау және ұсыныстар жоспарын дайындап, жазу; ситуациялық есептер дайындап, жазу. 4 сағат
  Баланың денсаулық жағдайына жиынтықты баға беру. Балалардың қабылдауын денсаулық жағдайына жиынтықты баға беріп амбулаторлық картаға жазу; ауру тарихына, баланың даму тарихына рецензия дайындап, жазу; диспансерлік бақылау және ұсыныстар жоспарын дайындап, жазу; ситуациялық есептер дайындап, жазу. 4 сағат
  Баланың анасы немесе күтетін туысымен күн тәртібін, күтімі және тамақтандыру туралы әңгімелесу. Баланың күн тәртібі, бала күтімі және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы ата-анамен әңгіме өткізу, амбулаторлық картаға жазу.   4 сағат
  Егу бөлмесінде балаларды егу жұмысы. Егу жоспарын дайындап, жазу, ситуациялық есептер дайындап, жазу. 4 сағат
  Барлығы:   20 сағат

Рәсімдеуге қойылатын талаптар: реферат жазу, тест түрінде тапсырма дайындауға, диспансерлік бақылау жоспарын және жеке егу күнтізбесін жасауға.

Ø Реферат:

1. Рефератты рәсімдеу талаптары:жұмыс көлемі 3-4 баспа бет болуы керек; жұмыс сауатты, баяндау мәдениетін сақтай отырып дайындалуы тиіс; мәтінді баяндау барысында қолданылған әдебиеттерге сілтеме болуы тиіс; библиография дұрыс рәсімделуі керек.

2. Рефератты жазу үлгісінің мысалы: сыртқы беті (үлгі бойынша рәсімделеді); реферат жоспары, кіріспе (тақырыптың өзектілігін анықтау); негізгі бөлім (тақырыпты дәлелді түрде ашады); қорытынды (қорытынды жасалады немесе тақырып бойынша жалпы қорытынды жасалады); 2006 ж. кейінгі әдебиеттер тізімі беріледі.

Ø Тест түріндегі тапсырма:

1. Тестілік тапсырмаларды рәсімдеу талаптары: жұмыс көлемі 4-5 баспа бет болуы керек; жұмыс сауатты, баяндау мәдениетін сақтай отырып дайындалуы тиіс; библиография дұрыс рәсімделуі керек.

2. Тапсырманы орындау үлгісінің мысалы: сыртқы беті (үлгі бойынша рәсімделеді);

негізгі бөлім (нақты, логикалық, қысқа түрде дайындалған 25-30 тест тапсырмасы); қорытынды (тапсырмадан кейін қолданылған әдебиеттер, беттері, тараулары мен абзацтары көрсетілген негіздемелі жауаптары болуы тиіс, әдебиеттер тек оқулықтар болуы керек); әдебиеттер тізімі 2006 ж. кейінгі.

Диспансерлік бақылау жоспары:

1. Диспансерлік бақылау жоспарын рәсімдеу талаптары: жұмыс көлемі 3-4 баспа бет болуы керек; жұмыс сауатты, баяндау мәдениетін сақтай отырып дайындалалуы тиіс; мәтінді баяндау барысында қолданылған әдебиеттерге сілтеме болуы тиіс; библиография дұрыс рәсімделуі керек.

2. Диспансерлік бақылау жоспарының құрылымы: сыртқы беті (үлгі бойынша рәсімделеді); кіріспе (тақырыптың өзектілігін негіздеу); негізгі бөлім (жоспарда бақылау мерзімі, саны, жасы мен нозологиясына қарай емханада диспансерлік бақылаудың алғашқы және келесі жылдары бақылау жиілігі көрсетілуі керек); қорытынды (қорытынды жасалады немесе тақырып бойынша жалпы қорытынды жасалады); әдебиеттер тізімі 2006 ж. кейінгі.

Ø Егудің жеке күнтізбесі:

1. Рәсімдеу талаптары: жұмыс көлемі 3-4 баспа бет болуы керек; жұмыс сауатты, баяндау мәдениетін сақтай отырып дайындалалуы тиіс; мәтінді баяндау барысында қолданылған әдебиеттерге сілтеме болуы тиіс; библиография дұрыс рәсімделуі керек.

2. Күнтізбе құрылымына кіреді: сыртқы беті (үлгі бойынша рәсімделеді); кіріспе (тақырыптың өзектілігін негіздеу); негізгі бөлім (күнтізбеде негізгі егулер, баланың жасы және егу әдістері, егуге көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер дәлелді түрде көрсетілуі керек); қорытынды (қорытынды жасалады немесе тақырып бойынша жалпы қорытынды жасалады); әдебиеттер тізімі 2006 ж. кейінгі.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1251. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия