Атынастық мәліметтер
1.9.Пән саясаты: оқу барысында студенттерге қойылатын кафедраның жалпы талаптары оқу үрдісінің жүйелі және мақсатты түрде жүргізілуіне саяды. Оқытушылардың студенттерге қоятын талаптары медициналық ЖОО-да оқытудың жалпы принциптеріне негізделген. Кафедраның жалпы талаптары: 1. Дәрістерге, тәжірибелік сабаққа міндетті түрде қатысу. Дәрістерге қатыспаған жағдайда 10 балл шегеріледі де пән бойынша жалпы балл төмендейді. 2. Сабақ басталғанда әрбір студентте санитарлық кітапша, медициналық халат, қалпақ, жеке марліден маска, ауыстыратын аяқ киім болуы қажет. 3. Студент дәріске, тәжірибелік сабаққа кешікепеуі тиіс. Кешіккен жағдайда 5 бал шегеріледі. 4. Студент оқу үрдісіне белсенді қатысуы тиіс, дәрістер конспектісі болуы керек, теориялық материалды білуі, ситуациялық есептерді шығарып, тестік тапсырманы орындауы тиіс, науқасты объективті тексеруді игеріп, қолдана білуі тиіс: пальпация, перкуссия, аускультация. 5. Студент оқытушы басшылығымен өзінің өзіндік жұмысын күнделікті орындауы тиіс (СӨЖ). Берілген тақырып бойынша оқу-әдістемелік материалды өз бетімен оқып, үй тапсырмасын орындауы және ағымдық бақылаудан өтуі керек. Білімі мен тәжірибелік дағдыларын амбулаторлық қабылдауда немесе науқасты үйде қараған кезде белсенді қолдануы тиіс. Оқу материалдарын игеруде және басқа да оқу әрекеттерін орындағанда туындаған қиындықтар болса оқытушыдан қажетті кеңес алады. 6. Бір тақырып бойынша СӨЖ орындауы міндетті. 7. СӨЖ материалдарын өткізу мерзімі (ситуациялық есептер, сөзжұмбақ, жеке егу күнтізбесін жасау; босануға дейінгі және нәрестелердің үйдегі патронажын амбулаторлық картаға жазу; дені сау балалардың қабылдауын денсаулық жағдайына жиынтықты баға беріп амбулаторлық картаға жазу, олардың дене және жүйке-психикалық дамуын да көрсету; күн тәртібі, бала күтімі және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы амбулаторлық картаға жазу; ауру тарихына, баланың даму тарихына рецензия жазу) және СӨЖ тақырыбын тақырыптық жоспарға сәйкес бекітілген уақытта қорғау тақырыптық жоспарға сәйкес бекітілген мерзімде іске асырылады. 8. Студенттер пациенттер және клиникалық база қызметкерлерімен жағымды қарым-қатынаста болу. 9. Топтағы дау-жанжалды кафедра меңгерушісі немесе оқу ісінің меңгерушісінің қатысуымен ашық талқылау. Жұмыс бөлімдерін орындамағаны үшін айып шаралары: · сабаққа 30 % сағат көлемінде белгілі себептермен қатыспаған студентке кафедра меңгерушісіне рапорт жазылады. · 30 % сағат көлемінен артық қатыспаған үшін деканатқа рапорт жазылады.
2. Бағдарлама 2.1. Кіріспе Балалар денсаулығын қорғау балалар емдеу-профилактикалық мекемелердің дамыған жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Дені сау бала тәрбиелеу шараларын іске асыруда балалар емханасы маңызды орын алады. Жұмыс түрлерін ұдайы жетілдіру нәтижесінде балалар емханасы нағыз денсаулық орталықтарына айналып отыр. Емдеу- алдын алу көмекгін учаскелік педиатр атқарады, бала дүниеге келмес бұрын және өмірінің бірінші күнінен бастап педиатр бала денсаулығы мен дамуын үздіксіз бақылайды. Баланың жанұясының әлеуметтік жағдайын білетіндіктен, ол әр балаға жеке аурудың алдын алу және ауруды ерте анықтау шараларын, маманды дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыра алады. Денсаулық сақтаудың біріншілік буын мамандарының кәсіби ерекшелігі: балалар денсаулығын сақтауда диспансерлік бақылауды жүргізу, жұқпалы аурулардың алдын-алу, ауырған балаларды толық клиникалық жазылуға дейін үйде немесе емхана жағдайында емдеу. Госпитализацияға дейінгі ургентті диагностика, науқас балаларды диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік реабилитация, баланың ата-анасымен санитарлық ағарту және санитарлық-гигиеналық жұмыс жүргізу, балалардың және жанұясындағы медико-әлеуметтік мәселелерін шешу жүргізіледі. 4 курста емханада антенатальды алдын алуды ұйымдастыру, жетіліп туған нәрестелер мен шала туған нәрестелерді диспансерлік бақылау, жұқпалы аурулардың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру, егу кестесі, инфекция ошағында эпидемияға қарсы шараларды жүргізу, дені сау және фонды патологиясы бар балаларды диспансерлік бақылау мәселелері қаралады. Бала денсаулығын бағалауда, физикалық, жүйке-психикалық дамуды әр жас кезеңіне сай бағалау емхана дәрігерінен генетикалық, анатомо-физиологиялық, психологиялық, әлеументтік және басқа да аспектілерді қамтыған жоғары білім деңгейін, дағдыларды талап етеді.
2.2. Пән мақсаты: амбулаторлық жағдайда балаларға емдеу-алдын алу көмегін көрсетудің дағдылары мен білімін қалыптастыру.
2.3. Оқыту міндеттері:
2.4.Оқытудың соңғы нәтижелері: Білімін қалыптастыру: · Балалар емдеу-алдын алу мекемелері қызметінің негізгі көрсеткіштерін · Емханада дені сау балаларды диспансерлік бақылаудың принциптерін · Балалар емханасы жағдайында жас нәрестелер мен емшек жасындағы балаларға көрсетілетін емдеу-алдын алу көмегінің түрлерін · Дені сау балалар мен жасөспірімдерді дспансерлік бақылау принциптерін · Балалардың денсаулығын жиынтықты бағалауды, денсалық тобын, қатер тобын анықтауды · Әр түрлі жастағы балалардың дене және жүйке-психикалық дамуын бағалауды, балаларды гигиенаға үйрету және бала тәрбиесі мәселелерін · Ұтымды тамақтандыру (балансталған) және емізу принциптерін · Жұқпалы аурулардың арнайы алдын-алуды · Әртүрлі аурулар кезінде диспансерлік бақылау мәселелерін · Балалармен және ата-аналармен санитарлық-ағарту жұмыстары мәселелерін (жүкті әйелдер мен ерте жастағы балалардың күтімі) · Дәрігерлік этика мен деонтология негіздерін. Біліктілігін қалыптастыру: · Ұрықты антенатальды алдын алуды жүргізуді · БДҰ ұсынысына сәйкес баланың дене және жүйке-психикалық дамуын бағалау · Денсаулық тобына сәйкес баланың денсаулық жағдайын бағалауды, қауіп қатер тобын анықтауды · Денсаулық жағдайын жиынтықты бағалауды · Диспансерлік бақылау жоспарын құруды · БДҰ нұсқауына сәйкес бала күтімі және тамақтануы жөнінде шаралар жүргізуді · Жұқпалы аурулардың арнайы және арнайы емес алдын алуды жүргізуді · Балалардың гигиеналық тәрбиесін және санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруды Дағдыларды игеруін қалыптастыру: - баланы қарау, пальпация, перкуссия және аускультация - балалардың қан қысымын өлшеу, пульсін, тыныс алу жиілігін санау - балалардың дене және жүйке-психикалық дамуын бағалау - қатер тобын және денсаулық тобын анықтау - ұтымды тамақтандыру - жұқпалы аурулардың иммундық алдын алу - әр түрлі жас кезеңдерінде дені сау балаларды диспансерлік бақылау - әр түрлі аурулар кезіндегі диспансерлік бақылау - салауатты өмір салтын насихаттау барысында санитарлык-ағарту жұмыстары. Коммуникативті дағдыларын қалыптастыру: - бала және ата-аналармен қарым-қатынасты жолға қою - өз ұсыныстарын анық және нақты айта білу - жағдайды түсіндіре алу және талдай білу - ата-аналармен әңгімелесу 2.5.Пәннің пререквизиттері:анатомия 2, физиология- 2, патологиялық физиология-2, коммуникативтік дағдылар, ішкі аурулар пропедевтикасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы, дәлелді медицина негіздері. 2.6. Пәннің постреквизиттері:жалпы дәрігерлік тәжірибе, шұғыл медициналық көмек, жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша интернатура, балалар ауруларынан интернатура.
2.7. Пән мазмұны 2.7.1.Дәрістер тақырыбының қысқаша мазмұны және сағат көлемі
|