Ø XVIII ғасырдың ортасындағы Кіші жүздегі жағдай
- XVIII ғасырда Қазақстанның ірі мемлекет қайраткерлерінің бірі Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтірген жыл: 1748
- Әбілқайыр ханның басты тірегі болған ру: шекті.
- Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүзде екі хандық құрылды:
1. Кіші жүздің солтүстік-батысында " Нұралы.
2. Кіші жүздің оңтүстік-шығыс өңірінде " Батыр сұлтан.
- 1735 жылы Башқұртстанда болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды жазалау кезінде Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны: 50 000.
- Қазақ феодалдарына үндеу таратып, башқұрттарды талан-таражға салуға рұқсат берген Орынбор губернаторы: И.И.Неплюев.
Ø Жоңғарияның құлауы
- Қалмақтардың билеушісі көрнекті қолбасы Қалдан-Серен қайтыс болған жыл: 1745
- Елизавета Петровна үкіметі арнайы шешіммен бұрынғы ауқатты Демидовтар әулетінің қолында болған Алтайдағы тау-кен кәсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялады: 1747 жылы.
- 1755 жылы Жоңғарияда таққа таласушылардың бірі Әмірсананы Цин императоры Цянь-Лун пайдаланып Жоңғарияны жаулап алды. 1755 жылы 19 шілдеде император жарлығына сай бұрынғы жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды.
- XVIII ғасырдың ортасында Жоңғарияда билікке таласып, Цинь империясына қарсы шыққан және Абылай мен Әбілпайызға арқа сүйеге тырысқан: Әмірсана.
- Жоңғария дербес ел ретінде тарихи сахнадан жоғалды: 1758 жылы.
- Бұрынғы жоңғар жерінде 1761 жылы құрылған империялық әкімшілік бірлестігі: Шыңжан (жаңа шекара).
Ø Қазақ-орыс қатынастары
- XVIII ғасырдың 40-50 жылдары үш әскери бекініс шептері орналасқан өңір: солтүстік-шығыс Қазақстан.
- XVIII ғасырдың 50 жылдары Өскемен бекінісінен Кузнецк шебіне дейін созылған, ұзындығы 723 верста болатын әскери шеп: Колыван шебі.
v Сібір редутынан Омбыға дейін созылған, ұзындығы 553 верста болатын әскери шеп: Горькая шебі.
v Омбы бекінісінен Кіші Нарын бекінісіне дейін созылған, ұзындығы 1684 верста болатын әскери шеп: Ертіс шебі.
- Жаңа Есіл шебіндегі ең ірі бекініс: Петропавл (1752 жыл).
- 1745-1759 жылдары қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны: 1 млн сом.
131.XVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ–орыс саудасының белгілі орталықтары: Семей, Өскемен, Бұқтырма.
132. 1761 жылы негізі қаланған бекініс: Бұқтырма.
- Қазақ–орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі: XVIII ғасырдың 60 жылдары.
v Шығыс Қазақстандағы бекіністер біртіндеп әскери сипатын жоғалтып, сауда орталықтарына айнала бастады. Әсіресе Жоңғария құлағаннан кейін.
- 1766 жылы Бұхар саудагерлерінің өтінішімен Әбілмәмбет ханның; II Екатеринаға хат жолдау себебі: Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу.
- XVIII ғасырларда көшпенділердің күнделікті қажеттерін қатамасыз ететін басты орыс тауарлары: Шойын қазан, шұға, қант.
- Патша үкіметі шетелдік көпестерге Ресей құрамындағы қазақ жерлерінде сатуға, айырбастауға тыйым салды: Ресейдің өзінде жеткілікті мөлшерде шығарылатын заттарды.
- Тек қана Орта Азия көпестері келетін сауда орталығы емес, сонымен қатар Екатеринбург, Түмен, Тара, Курск т.б. қалалардан келетін көпестердің ірі сауда-саттық орталығына айналған: Қызылжар (Петропавл).
- 1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына алғаш рет шек қойды: Жайық жағалауына мал жаюға.
v 1757 жылғы желтоқсанның аяғында Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырылған орыс үкіметінің шешімімен қазақтарға Жайық өзенінен мал айдап өтуге тыйым салынды.
- Петербург билеушілері Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді отарлаулауда пайдаланды: Нұралы хан мен Батыр сұлтанның арасындағы алауыздығын.
- 1757-1758 жылдары Орынбор өлкесін басқарған П.И.Рычков пен А.И.Тевкелев қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат берді: Аманат алу арқылы.
- Патша үкіметі шекаралық аймақтарда тұратын халықтың санын көбейту мақсатымен 1760 жылы өлкеге қоныстандырды: Казактарды.
- Патша үкіметі Ертістің оң жағасындағы Ресей бекіністерінен алғашында 10 шақырым, кейіннен 50 шақырымға дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салды.
- 1799 жылы қараша айында Орта жүз қазақтарына (45 000 отбасы) Ертістің оң жағасына қайтадан қоныс аударуға рұқсат еткен император: I Павел.
Ø Абылай хан
- Абылай ханның өмір сүрген жылдары: 1711-1781ж.ж.
- Абылай ханның шын аты: Әбілмансұр.
- Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты: «Сабалақ».
- Абылай ханның атасының есімі. Абылай.
- Абылайдың атасы «Қанішер» Абылай билік құрған қала: Түркістан.
- Сабалақ атанған Абылай келіп қосылған әкесімен ағайындас Орта жүздің ханы: Әбілмәмбет.
- Абылайдың жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске қатыса бастады: 15 жасынан.
150.Орынбор комиссиясының төрағасы князь В.А.Урусовтың мақсаты: Бүкіл Орта жүзді Ресейдің құрамына қабылдау.
- Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Орскіге келіп, Ресей империясының билігін мойындаған жыл: 1740 ж.
- 1741-1743 жылдары Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарияның;.
- Қытайлармен шайқаста жеңіліс тауып, Абылайдан көмек сұраған, Жоңғар тағына дәмелілердің бірі: Әмірсана.
- Қытай қолбасшылары Фу Дэ, Чжао Хой бастаған әскердің Қазақстанға басып кірді: 1757 жылдың маусым айында.
- Қытайлар (Цин үкіметі) мол қолмен қазақ шекарасына басып кірді: Абылайдың тұсында.
156.Цин әскерлерінің Қазақстанға мол қолмен басып кіру себебі: Абылайдың Әмірсананы ұстап беруден бас тартқаны үшін.
F Цин әулетімен әскери-саяси тартыстың қазақ елі үшін қауіптілігін түсінген Абылай хан, Әбілмәмбет, Әбілпайыз ақылдаса келе, Қытаймен арадағы кикілжіңді келіссөзбен шешуге бел байлайды. Сөйтіп XVIII ғасырдың 20-30 жылдарында жоңғарлар басып алған шекаралық аймақтағы жерлер дипломатиялық жолмен қайтарылып алынды.
- Абылайдың Қытай билігін мойындаған жылы: 1757 ж.
R Абылайдың аманат ретінде Қытайға жіберген баласы: Әділ.
- XVIII ғасырдың 70 жылдары Абылай бірқатар соғыстарда соққы беріп, салық төлеуге мәжбүр еткен қала: Ташкент, Ходжент.
- Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болған жыл: 1771 жыл
- 1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін қалыптасқан дәстүр бойынша хан тағына отыруға тиіс мұрагер: Әбілпайыз.
- Үш жүздің өкілдері Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлады: 1771 жылы.
- II Екатерина Абылай ханды: 1778 жылдың 24 мамырында Орта жүздің ханы етіп бекітті.
- Абылай тұсында хан билігіне енгізілген өзгеріс: Хан билігі шексіз болды.
- «Жеті жарғы» заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай: мойындамады.
v Сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне шек қойды.
v Өз сарайында топтасқан халық батырларының қолдауына сүйеніп, Абылай ойлаған жоспарын іске асырды.
R Қазақстандағы шұрайлы, құнарлы жерлерді Абылай ханның атынан бақылаған: Төлеңгіттер.
- Абылайдың қыстақтары орналасты: Ертіс өңірінде.
- Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы: Егіншілік.
- Абылай хан жер өңдеу шаруашылығын дамытқан өңір: Ертіс бойы.
- Абылай ханның 1761 жылы ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұста және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап хат жазды: Елизавета Петровна (ІІ Екатерина).
- Абылайдың өте бір ұнатқан ақыны: Тәтіқара.
- Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам: Бұқар жырау.
- Абылай хан жерленген қала: Түркістан.
- Абылайдың бас мирасқоры: Уәли.
- Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып, қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан: Абылай.
- XVIII ғасырда қазақ жерлерін қалпына келтіріп, билік жүргізген хан: Абылай.