Ø Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
- Жоңғар хандығының құрылуы: 1635 ж.
- Жоңғар хандығының жоғарғы билеушісінің лауазымы: Қонтайшы.
- XVII ғасырдың ортасында жоңғар мемлекетінің күш-қуатын біршама арттырған қонтайшы: Батыр.
- Батыр қонтайшының тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында шайқастар өткен жылдар: 1635, 1643, 1652.
- XVII ғасырда Батыр қонтайшыға қарсы шайқасқан Қазақ ханы: Жәңгір.
- XVII ғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет: Жоңғар хандығы.
- 1653 жылы Батыр қонтайшы қайтыс болып, таққа отырған: Қалдан Бошоқты (1653-1670 жж.).
- 1653-1670 жылдары Жоңғар тағына отырған қонтайшы: Қалдан Бошоқты.
- XVII ғасырда қазақ хандары ноғайлармен одақтаса отырып жоңғарларды ығыстырды Тобыл өзеніне дейін.
- XVII ғасырдың 80-жылдарында қазақ жеріне шабуыл ұйымдастырған жоңғар қонтайшысы: Қалдан-Бошоқты.
- XVII ғасырдың 80 жылдары жоңғар әскерлері жетті: Сарысу өзеніне дейін.
- Қазақ жеріне жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты: Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату.
- 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер: Қарақұм.
v Осы кеңестің шешіміне сай жоңғарларға қарсы біріккен халық жасағы құрылды.
v Бас қолбасшы болып сайланған: Бөгенбай батыр.
- Жоңғар қонтайшысы Себан-Рабданның; қазақ жеріне жасаған жорықтары сәтсіздікпен аяқталды: 1711 және 1713
- 1715 жылы күзінде Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры: Қайып.
v Ол хандықты әлсіретіп алды. Келесі басқарушылардың бағытының бірдей болмауынан (Кіші жүзді Әбілқайыр, Орта жүзді Сәмеке, Күшік, Ұлы жүзді Жолбарыс басқарған кезде) үш жүздің бірлігі әлсіреді.
- 1716 жылы жоңғар әскері Іле өзенінен бағыт алды: Аягөзге.
- Аягөз маңындағы қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңіліске ұшыраған жыл: 1718 ж.
- 1718 жылы Аякөз өзенінің бойында қазақ қолына басшылық еткен: Қабанбай мен Жауғашар батыр.
- 1718 жылы Аягөз маңындағы қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңілу себебі: Әбілқайыр мен Қайып сұлтанның соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеуі.
- Аягөз маңындағы шайқастан кейін, 1718 жылы жоңғар әскерлері екінші рет жеңіске жетті: Арыс бойында.
F Қазақ мемлекетінің ахуалын қиындатқан тек жоңғар шабуылдары ғана емес. Солтүстік-батыстан башқұрттар, солтүстіктен Сібір казактары, оңтүстіктен Қоқан, Хиуа мемлекеттері қазақтардың қиын жағдайын пайдаланып қалуға тырысты.
- Қазақ даласын әйгілі «Ақ мешін» жұты шарпқан жыл: 1723
- 1723 жылы Жоңғарияның барлық күш–қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі: Цин императоры Кансидың өлімі.
- Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан баса көктеп кірген жыл: 1723 жылы.
- 1723 жылы қазақ жеріне басып кірген жоңғар әскерінің саны: 70 мың;.
- 1723 жылы қазақ жеріне басып кірген жоңғар әскеріне басшылық еткен: Шона Доба.
v Ол 70 мың әскерін жеті шепке бөліп, олардың бір мезгілде шапшаң да қаймықпай шабуылға шығуына жарлық береді.
- «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары: 1723-1727 жж.
- Қазақ халқының қасіреті болған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»: XVIII ғ. 20 жылдары.
- Жоңғарлардың соққысына төтеп бере алмаған Орта жүз рулары ойысқан өңір: Самарқанға.
v Ұлы жүздің көпшілік рулары мен Орта жүздің бірқатар рулары ауа көшті: Ходжентке қарай.
v Кіші жүз Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендеріне қарай ығысты.
- Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы: 1724-1725 жылы.
- Жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан әйгілі ән: «Елім-ай».
- Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ: Жетісу.
- Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерекше көзге түскен қазақ батыры: Қаңжығалы Бөгенбай.
- Жоңғар шапқыншылығына қарсы қол бастаған батыр: қаракерей Қабанбай.
- 1726 (1728) жылы қазақ жасақтары жоңғар әскеріне күйрете соққы берген жер: Бұланты.
v Қазақтардың жоңғар әскерін жеңген Бұланты өзенінің жағасы кейіннен аталды: «Қалмақ қырылған».
- 1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған».
- 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді.
- Бұланты шайқасынан кейін қазақ жүздерінің өкілдері жауға қарсы күресті күшейту жөнінде шешім қабылдаған жер (Қазақстанның оңтүстігіндегі тау): Ордабасы.
- Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған: Әбілқайыр хан.
- Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының етегінде қазақ жасақтарының жиналуының себебі: Бұл жер Жетісуды азат етуге аттануға жақын еді.
- Топонималық мәліметтер бойынша қазақ жасақтары Ордабасы тауында ұйымдастырылды: жүздік негізде.
- Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған: Әбілқайыр хан.
- Балқаш көлінің маңында Аңырақай жерінде (қалмақтардың аңырауы, боздауы) жоңғарларға күйрете соққы берген жыл: 1729
v Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді.
- Аңырақай шайқасынан кейін жоңғарларды толығымен талқандауға кесірін тигізген жағдай: Ұлы жүздің ханы Болаттың өлімінен кейінгі аға хандыққа таласуы.
- Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары: Сәмеке мен Әбілқайыр.
Ø Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі
F Орыс мемлекеті орта-азиялық хандықтармен сауда-экономикалық және дипломатиялық қатынастарын кеңейткеннен кейін, XVI ғасырдың соңы – XVII ғасырдың басында Қазақстанға қызығушылығы арта түсті.
- Орал аймағын игергісі келген, көршілермен қауіпсіздік байланысты сақтауға тырысқан Мәскеу үкіметі, Қазақстанмен шекарада қорғаныс бекіністерін салуға кірісті.
- 1585 жылы негізі қаланған қалашық: Обск.
v 1586 – Түмен,1587 – Тобыл, 1594 – Тара, 1604 – Томск.
- «Шашыранды алтын құм» туралы көптеген аңыздар тараған қала: Еркет (Яркенд).
- 1714-1720 жылдар аралығында Ертіс өзенінің жоғары ағысында патша өкіметі тұрғызған бекіністер: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск.
- 1718 жылы Жоғарғы Ертіс бойында салынған бекініс: Семипалатинск.
v 1720 жылы – Павлодар, Өскемен.
- 1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты: Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.
- 1716 жылы қазақ ханы Сібір губернаторы М.П.Гагаринге елші жіберіп, қалмақтарға қарсы күресте көмек көрсетуін сұрады.
- XVIII ғасырдың басында Ресейдің қазақ-жоңғар тартысына араласа алмауының себебі: Ресей Швециямен соғысып жатты.
- 1717 жылы І Петрге мәңгілік бейбітшілік пен келісімде болуға ұсыныс грамотасын жіберген хан: Қайып.
- XVIII ғасырдың бірінші ширегінде Ресей Қазақ хандығымен кең байланыс жасауға ұмтылды: Солтүстік соғыста Швецияны жеңгеннен кейін.
- XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы: Әбілқайыр хан.
- Әбілқайыр ханның өмір сүрген жылдары: 1680-1748 жж.
- Әбілқайыр ханның Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты: Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті ойраттарға қарсы жұмылдыру.
v Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, Қазақстандағы өз қарсыластарын сағын сындыру.
- 1730 жылы Кіші жүздің ықпалды билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы Ресеймен әскери одақ; құруды жүктеді.
- Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы.
- Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна.
- Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы ұсыныспен жіберген елшілерін Анна Иоанновна қабыл алды: 1731 жылы ақпан айының 19-ы.
- Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731 жылы.
- Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген сыртқы істер коллегиясының тілмашы, қабылетті елші: А.И.Тевкелев.
- 1731 жылы қазан айында Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29 старшын.
v Кіші жүз «ақсүйектерінің» өзара қырқысын шебер пайдаланған патша үкіметі әкімшілік және саяси шаралармен Қазақстанның батыс аудандарын отарлауды жеделдетті.
- 1734 жылы орыс үкіметі тарапынан жабдықталған «қырғыз-қайсақ» экспедициясын басқарған Сенаттың бас хатшысы: И.К.Кириллов.
v Экспедицияның негізгі мақсаты: Ор бойында бекініс тұрғызу, табиғат байлықтарын игеру, Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту, Сырдария бойында қала тұрғызып, біртіндеп өзен флотилиясын ұйымдастыру.
- 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде Ор өзені бойында салынған бекініс: Ор.
- Башқұрттардың көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын пайдаланды: 1735-1737 жылдары.
- 1735 жылы Башқұртстанда болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды жазалау кезінде Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны: 50000.
- 1738 жылы тамыз айында Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы: В.Н.Татищев.
- Патша үкіметі қазақтарды өз шеңгелінде мейілінше қысып ұстауға тырысу себебі: 1740 жылғы башқұрт халқының екінші көтерілісі.
- Орта жүздің билеушілері Абылай сұлтан мен Әбілмәмбет хан Ресейге ант берді: 1740 жылы.
v Олардың мақсаты Ресеймен жақындасып, Орта жүзге қарсы жоңғар шабуылдарын әлсірету.
- 1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген: Парсы әміршісі Нәдір шах.
- Өзінің зардабы жағынан «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кем түспейтін Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Сереннің; шапқынышылықтары болған жылдар: 1741-1742 жыл.
- 1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенатының қабылдаған Жарлығы: Қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау туралы.
- 1742 жылы қыркүйектің 2-сінде Қалдан-Серенге хат жолдап, Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысымды тоқтатуды талап еткен Орынбор комиссиясының төрағасы: И.Н.Неплюев.
- Орынбор қаласының негізі қаланды: 1743 ж.
v И.И.Неплюев 1735 жылы негізі қаланған Орск қалашығын жаңа жерге көшірді.
- 1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған: Батыр сұлтанның ұлы Қайып сұлтан.
- 1747 жылы Нәдір шахтың өлтірілуінен соң Әбілқайырдың Хиуа өңіріндегі әсерін әлсіреткен жағдай: Хиуа тағына Қайыптың сайлануы
- Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген: Барақ сұлтан.