Ø Қазақ хандығының әлсіреуі. Жәңгір хан
- XVII ғасырда қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаттағы беделінің әлсіреуіне себеп болған: Кіші хандардың дара билікке ұмтылуы.
v XVII ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының билігі халықты түгелдей қамтыған жоқ.
- 1628-1652 жылдары хан тағына отырған Есім ханның баласы: Жәңгір.
- Жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Жәңгір ханға халықтың берген атауы: Салқам Жәңгір.
v Жәңгір хан жоңғар феодалдарының үздіксіз шапқыншылығын тойтарыс беру үшін Бұхара хандығы, Жаркент хандығы, қырғыз елімен одақтастық қарым-қатынас орнатып, күш біріктіруге ұмтылыс жасады.
- Жәңгір хан 600 жауынгерімен жоңғардың 50 мың жауынгеріне қарсы тұрған шайқас: Орбұлақ;
- Орбұлақ шайқасы болған жыл: 1643
- 1643 жылы жоңғарларға қарсы ерлікпен шайқасқан хан: Жәңгір.
- Орбұлақ шайқасында жоңғар әскерлерінің ту сыртынан 20 мың қолмен шабуыл жасаған батыр: Алшын Жалаңтөс.
- Жоңғарлар Сібірдің орыстар тұрған қамалдарынан қару-жарақ, зеңбірек алып, қырғыздардан ат-көлік жинап 1652 жылы қазақ жеріне баса-көктеп кірді.
- 1652 жылы майданда қаза тапқан хан: Жәңгір.
- XVII ғасырда Батыр қоңтайшыға қарсы шайқасқан Қазақ ханы: Жәңгір.
- ХVІІ ғасырдың 70 жылдары Жоңғар хандығының экономикалық қуатын арттырған жағдай: Шығыс Түркістанның Жоңғар хандығының құрамына кіруі.
- ХVІІ ғасырдың 70 жылдары жоңғар әскерлерінің Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға басып кіріп, қосып алған қалалардың саны: тоғыз.
Ø Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
- Жәңгір қайтыс болғаннан кейін билік құрған хан: Тәуке.
- Тәуке ханның билік құрған жылдары: 1680-1715
- ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығындағы саяси жағдайды реттеген хан: Тәуке хан.
- Тәуке хан өзінің билігін күшейту мақсатында сұлтандардың билігін шектеп, арқа сүйеді: Билерге.
- Тәуке ханның қасындағы кеңесте негізгі рөл атқарған: билер.
- Тәуке хан тұсында билердің атқарған рөлі: Сот билігі, атқарушы өкімет билігі.
- Тәуке ханның тұсында хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мәселелерін шешетін: Билер.
- Тәуке ханның тұсындағы астана: Түркістан.
- Тәуке хан үш жүздің басын қосып құрылтай өткізілген жер: Күлтөбе.
- Тәуке ханның заңдар жинағы: «Жеті Жарғы».
- «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан билер: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
- «Жеті жарғы» бойынша рулар арасындағы жерлерді бөліп беруде ең соңғы шешімді қабылдаған: Хан.
- «Жеті жарғы» бойынша заң шығару құқы және барлық қазақ қоғамындағы мүшелеріне бұйрық беруге міндетті: Хан.
- «Жеті жарғы» бойынша басқа елдермен келісім жасауға, сыртқы саясатты билеуге құқылы: Хан.
- «Жеті жарғы» бойынша хан: Барлық ру бірлестігінің басшысы, хандықтың басшысы, бас қолбасшысы.
- «Жеті жарғы» бойынша қазақ елінің ру-тайпа басшыларына жүктелген міндет: жылына бір рет, күз айларында құрылтайға жиналу.
- «Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңесіне жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылған: Қарусыз келгендер.
- «Жеті жарғы» бойынша қылмыстық жауапқа тартылмады: 13 жасқа толмағандар.
v Екіқабат әйелдер кісі өлтіргені үшін жауапқа тартылмаған.
- Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы бойынша некеге тұру жасы: 13 жас.
v Шарттардың бірі - болашақ жұбайлардың жеті атаға дейінгі туыстық қатынаста болмауы. Жеті атаға дейін қыз алыспау туыстар арасында қанның араласпауын болдырмай, дені сау ұрпақ қалыптастыру мақсатынан тұған.
- «Жеті Жарғыда» қарастырылмаған мәселе: Дінге сену бостандығы (діни еркіндік).
v «Жеті Жарғыдағы» қылмысты істер қатарына енгізілгендер: кісі өлтіру, ұрлық жасау, бүлік шығару, денеге зақым келтіру, әйелді еріксіз алып қашу, христиан дініне өту...
- Тәуке ханның кезінде қазақ елінің бірігуіне жағдай жасаған: «Жеті жарғы».
- Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты: Көрші мемлекеттермен одақ құру және бейбіт қатынас орнату.
- Тәуке хан Бұхар хандығымен: Бейбітшілік қарым-қатынаста болуға тырысты.
- Тәуке ханның тұсында жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдеткен жағдай: Тәуке ханның қырғыз,қарақалпақтармен одақтас болуы.
- Тәуке хан Қоқым Қарашор би арқылы басқарды: Қырғыздарды.
- Тәуке хан Сасық би арқылы басқарды: Қарақалпақтарды.
- 1680 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде аман қалған қала: Түркістан.
- 1680 жылы жоңғарлар шабуылынан Түркістан қаласының аман қалу себебі: Тәуке хан әскерімен қалада болды.
- XVII ғасырдың 80-жылдары Жоңғар әскерінің бір бөлігі жетті: Сарысу өзеніне дейін.
v Екінші бір бөлігі " Орта жүздің солтүстік-шығыс аудандарына басып кірді.
- 1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі: Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру.
Ø Қазақ хандығының Сібір хандығымен қарым-қатынасы
- Сібір атауы түркі тілдес тайпалармен ұзақ жылдар бойы қарым-қатынаста болған осы этникалық тобының атауынан шықты: «Сыпыра».
v Сібірдің байырғы тұрғындары: хантылар мен мансылар.
? Сібір елін монғолдар жаулап алғаннан кейін, Жошы ұлысының, одан соң Алтын Орда құрамына енгенін жазған парсы тарихшысы: Рашид ад-Дин.
- Сібір хандығының; астанасы: Искер.
- 1555 жылы қазақтар мен ноғайлардың жасақтарын басқарып, тайбұғалықтарды жеңген: Көшім хан.
- Көшім Қадырғали Жалаиридің «Жылнамалар» жинағындағы дерек бойынша осы әулеттің ұрпағы: Шайбани.
v Тарихшы Әбілғазы да «Түрік шежіресінде» соны растайды.
v Н.Карамзин, А.Левшин, Ш.Уәлиханов Көшімді қазақ ақсүйегіне жатқызады.
v Орыс жылнамашысы Есипов Көшімнің Сібірге «Қазақ ордасынан» келгенін ашып жазған.
- Көшім хан Батыс Сібірдің жергілікті халқына тарата бастаған дін: Ислам.
- Әлемдік саудада жоғары бағаланатын Сібірдің басты қазынасы: бағалы аң терілері мен қыран құстар.
- Ресейден Сібірге аттанған Ермак жасағы Қарашы түбінде Көшім ханның жасағын талқандап, Искерді басып алды: 1582 ж.
v Көшім жасақтарының ең осал жері: дәрімен атылатын қарудың жоқтығы.
- 1584 жылы ұрыста Ермакты жеңген батыр: Сәтбек.
- Патша өкіметінің Сібір ханы Көшімді талқандап, Сібір хандығын жаулап алған жыл: 1598
Ø Қазақ-орыс қатынастары
F XVI ғасырда Ресейдің шығыстағы шекарасы Қазақстан жеріне жақындады. Бұл жағдай қазақ хандарының Ресеймен сауда байланыстарын орнатуға мүмкіндік жасады.
- Орыс көпестеріне қазақтармен баж салығынсыз сауда жасауға рұқсат еткен патша: IV Иван.
- Қазақ-орыс сауда қатынастары, деректемелер бойынша басталған мерзім: XV ғасырдың 90 жж.
- 1569 жылы Қазақ хандығына келген орыс елшілігін бастаған: Семен Мальцев.
- Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігінің Қазақ хандығымен одақ жасасу үшін келген жылы: 1573.
- 1594 жылы Мәскеуге Федор патшаға достық келісім жасау үшін Тәуекел ханның елшілігін басқарып келген: Құл-Мұхаммед.
- 1595 жылы Тәуекел ханға келген орыс елшілігін басқарған: В. Степанов
- 1640 жылы салынған бекініс: Гурьев.
- 1694 жылы Тәуке хан I Петрмен елші Аталықов арқылы келісім жасады Сауда байланысын күшейту.
- Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» ролін атқарады деген патша: І Петр
v 1716 жылы " Омбы, Жәміш.
v 1716 жылы " Железинск.
v 1718 жылы " Семипалатинск