Патша
| Билік құрған жылдары
| Саяси жағдай
|
І Петр
| 1682-1725
| Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «кілт және қақпа» болады деп ерекше мән берді. Қазақстан жерін зерттеу жұмысы басталып, Каспий мен Арал теңізі, Жайық өзені зерттелді. Шекаралық бекініс қамалдар салынды: Гурьев (1640 ж.), Омбы, Ямышевск (Жәміш) (1716 ж.), Железинск (1717 ж.), Семей (1718 ж.), Өскемен, Павлодар (1720 ж.).
1694 ж. Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісті.
|
Анна Иоановна
| 1730-1740
| 1731 ж. 19 ақпан күні Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын қабылдады.
|
ІV Иван
| 1740-1741
|
|
Елизавета Петровна
| 1741-1761
| 1747 ж. Демидовтар әулетінің қолында болған Алтай тау-кен кәсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялады.
1761ж. Абылай орыстың осы патшасынан ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап, хат жазды.
|
ІІІ Петр
| 1761-1762
| |
ІІ Екатерина Ұлы (София)
| 1762-1796
| 1766 ж. Әбілмәмбет хан Екатерина патшайымға хат жолдап,Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды.
1767 ж. 15 қараша - ІІ Екатерина Бұхар саудагерлеріне Қазақстан территориясында еркін сауда жасауға рұқсат берді
1778 ж. 24 мамыр – ІІ Екатерина Абылайды тек Орта жүздің ханы етіп бекітті.
|
І Павел
| 1796-1801
| 1799 ж. 21 қараша – І Павел жарлығымен Орта жүз қазақтарына (45 000 отбасы) Ертістің оң жағасына мал жаюға, қайтадан қоныстануға рұқсат етілді.
1801 ж. 11 наурыз – І Павелдің жарлығымен Кіші жүз қазақтарының Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонуы заңдастырылып, Бөкей хандығы (Ішкі Орда) құрылды.
|
І Александр
| 1801-1825
| 1812 ж. 6 шілде - Ресей мемлекетіне қауіп төніп келе жатқандығы туралы І Александрдың үндеуі қабылданды.
1814 ж. 14 наурызда император І Александр бұйрығымен Парижге құрметті жеңімпаздар ретінде кірген әскер қатарында Н.Жанжігітұлы мен Ә.Байбатырұлы болды.
|
І Николай
| 1825-1855
| Жәңгір ханның тапсыруымен Зайсан қазағы жасаған жібек, күміс, алтынмен өрнектелген киіз үй І Николайға сыйға берілді.
1843 ж. маусымда Кенесары көтерілісін басу үшін старшина Лебедевті жіберуге келісім берді.
|
ІІ Александр
| 1855-1881
| 1865 ж. 5 маусым – ІІ Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, салық, діни мәселе т.б.
|
ІІ Николай
| 1894-1917
| І орыс революциясы, 1917 ж. Ақпан, Қазан төңкерістері
|
1731 ж. ақпан
| Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлы Кіші жүзді Ресей империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабыл алды.
|
1731 ж. қазан
| елші А.И.Тевкелев Әбілқайыр+29 старшын (Кіші жүз) ант алды.
|
1738 ж. тамыз
| В.Н..Татищев Орынборда Әбілқайыр, Нұралы, Ералы + 60 старшын (Орта және Кіші жүз) ант қабылдады
|
1740 ж.
| Орынборда Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан (Орта жүз) Ресейге ант берді.
|
1817 ж.
| Сүйік Абылайханұлы+66 мың жалайыр Ресей құрамына алынды.
|
1825 ж.
| Жетісудың 50 мың үйсіні өз жерінен округ ашуға келісім берді.
|
1847 ж.
| Қапал бекінісі салынды.
|
1848 ж. қаңтар
| Қапалда Ұлы жүзді басқаратын ресейлік пристав тағайындалды.
|
1851 ж. 7 шілде
| Таушүбек бекінісі (Қаскелең өзені) қантөгіссіз алынды (Карбышев)
|
1853 ж.
| В.А.Перовский Ақмешіт (Қызылорда) бекінісін алды.
|
1854 ж. көктем
| Верный бекінісі салынды (М.Д.Перемышельский)
|
1854 ж. күз
| Верныйға 470 солдат пен офицер қоныстанды.
|
1855 ж.
| Верныйға Сібірден 400 отбасы қоныс аударды.
|
1855 ж.
| қырғыздың бұғы руы Ресей билігін мойындады.
|
1855 ж. жазда
| Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.
|
1856 ж.
| Верныйға Воронеж және басқа Орталық Ресей губерн. қоныстанды.
|
1857 ж.
| Верныйда татар слободкасы маңайында тұңғыш су диірмені ашылды
|
1858 ж.
| Верныйда алғашқы сыра зауыты іске қосылды.
|
1859 ж.
| Ұлы жүз бен солтүстік қырғыз шекарасында Кәстек бекінісі салынды.
|
1860 ж. 26 тамыз
| Тоқмақ (полковник Циммерман)
|
1860 ж. қыркүйек
| Пішпек (бес күндік) (полковник Циммерман)
|
1860 ж. 19-21 қазан
| Ұзынағаш шайқасы (үш күндік) (Г.А.Колпаковский) нәтижесінде Жетісу қоқандықтардан азат етілді.
|
1863 ж.
| Ресей құрамына 4 мың қоңырат және 5 мың бестаңбалы рулары енді.
|
1864 ж. көктем
| Мерке, Әулиеата, Түркістан, Шымкент (М.Черняев) енді.
|
1865 ж.
| Орта Азияның ірі саяси, экономикалық орталығы Ташкент (үш күндік) Ресей құрамына кірді.
|
1866 ж.
| Бұхар хандығы (өзбек) Ресей билігін мойындады.
|
1868 ж.
| Қоқан жері Ресей империясына бағындырылды.
|
1873 ж.
| Хиуа хандығы енді.
|
.