Бактериялары басым болады. ал мал есейген кезде, онда
азықтанатын азығының түріне қарай ішек – қарын микрофлорасы өзгеріп отырады. Қарын микрофлорасы микробтарға кедей келеді. Өйткені ондағы бөлінетін қарын сөлі жəне қышқылдық реакция микроорганизмдерге жойқын əсер етеді. Қарында тек спора түзуші, қышқылға төзімді бактериялар, сарциналар, энтерококтар, сүт қышқылы бактериялары, ашытқы жəне зең саңырауқұлақтары тіршілік ете алады. Патогенді микроорганизмдерден қарында қышқылға төзімді Mycobacterium tuberculosis кездеседі. Күйіс қайыратын малдың ас қорытуы ерекше. Барлық; желінетін азық алдымен жануарлардың түрлі микроорганизмдерге бай мес қарнына келіп түседі. Сондықтан да күйіс қайыратын малдың мес қарнында мекендейтін микроорганизмдер белок, көмірсу жəне май сияқты зат алмасында шешуші роль атқарады. Мал аш ішегінде микроорганизмдер көп болмайды. Ондағы кездесетін өтке төзімді энтерококтар, ішек жəне ацидофиль таяқшалары, спора түзушілер, актиномициттер, ашытқы саңырауқұлақтар. Ал, тоқ ішек микроорганизмдерге бай келеді. Онда энтеробактериялар, ашытқы саңырауқұлақтар, көптеген шіріту бактериялары жəне кейбір патогенді бактериялар кездеседі. Жыныс мүшелерінде стрептооктар, стафилококтар, микоплазмалар кездеседі. Қынапта көбінесе сүт қышқылы бактериялары, ішек таяқшасы, Halmophilus vaginales valgare жəне басқалары тіршілік етеді. Студенттердің өзіндік жұмыстары Малдың ішек – қарнындағы микрофлораны микроскопиялық; зерттеу, студенттер əр түлік малдың қиларынан жағынды жасап оны жай əдіспен бояйды. Микроскоптық көрінісінің суретін дəптерге салады. Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар Əр түрлі малдың қиы, заттық əйнектер, бояулар, пробиркалар, колбалар, пинцет, бактериологиялық ілмешектер,
|