Сипаттама.
Сабақтың мазмұны Микроорганизмдердің бір топтары жануарлар денесінде өнебойы кездеседі. Оларды қалыпты микрофлора деп атайды. Басқа топтары топырақтан, ауадан, сумен, азықпен мал организміне келіп түседі. Бұлар уақытша кездесетін микробтар болып саналады. Тері микрофлорасы олар теріде өне – бойы тіршілік ететін шар тəрізді формалар: стафилококтар, сарциналар, микрококктар. Таяқша тəрізді түрлерін ішек ірңдеткіш, жалған дифтерияжəне шөп таяқшасы бактериялары кездеседі. Организм белгілі бір себептермен əлсірегенде немесе тері зақымдалғанда микроорганизмдер түрлі ауруларды қоздыруы мүмкін. Желін микрофлорасы. Сау мал желінінен алынған сүтте микробтар саны да көп болмайды. Онда стрептококтар, колибактериялар жəне сарциналар кездеседі. Патогенді микробтар желінде өте сирек болады. Коньюнктива мирофлорасы. Көздің шырыш қабығынан аз мөлшерде болса да: стафилококтар, стрептококтар, сарциналар, микоплазмалар, микрококтар, ашытқы жəне зең саңырауқұлақтары табылған. Тыныс жолдарының микрофлорасы. Жаңа туылған төлдердің тыныс жолдарына микробтар, актиномициттер, ашытқы жəне зең саңырауқұлақтары ауамен келіп түседі. Тыныс жолының; тұрақты мекендеушілері – стрептококтар, стафилококтар,
|