Студопедия — Некроз немесе инфаркт
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Некроз немесе инфаркт






Некроз немесе инфаркт кезінде бұлшық ет талшықтары өледі. Некроз әдеттегідей қан тамыры артериясының тромбозымен немесе тарылатын коронаросклерозбен айқындалады. Некроз аймағы қозбайды және ЭДС пайда болуын болдырмайды. Некроз трансмуральды болуы мүмкін, егер ол сол жақты қарыншаның барлық қабырғасын эндокардтан бастап эпикардтқа дейін зақымдайтын болса, сондай-ақ ол трансмуральды емес те болуы мүмкін, қанмен нашар қамтамасыз етілетін эндокардтың жанында орнатылған болса, некроз мұндай жағдайларда эпикардтқа дейін жетпейді. Некроз QRS ЭКГ кшенінде көрінеді. ЭКГ-ң өзгеруі электрод инфактқа қатысты қалай орналасқанына және оның өлшемдері қаншалықты екеніне байланысты.

Электрод астыңғы трансмуральды инфаркт немесе сол жақты қарыншаның алдыңғы қабырға миокардының трансмуральды инфаркті.

14 суреттесол жақты қарыншаның фронтальді кесігі, оның қабырғасының алдыңғы және артқы жақтары және алдыңғы қабырғаның трансмуральды инфаркті көрсетілген. А электроды алдыңғы қабырғаның эпикардында, Р электроды – сол жақты қарыншаның артқы қабырғасының эпикардында орналасқан. Миокрадтың трансмуральды инфаркты негізі эндокардта орналасқан, эндокардиальдық бөліктері қанмен нашар қамтамасыз етілетіндіктен, әдетте ол кескі шошақ пішінді болып келеді. Инфракт аясы қозбайды және ЭДС-ң пайда болуын болдырмайды.

14 сурет Электрод астыңғы трансмуральды инфаркт. Сол жақты қарыншаның жалпы векторы инфаркт аймағынан, яғни А электродынан Р электродына дейін бағытталған. А электродында QS тіркеледі, Р электродында – амплитуда қалыбына қарағанда үлкен болып келетін R кертеші тіркеледі.

Инфактқа қарама-қарсы аймақта, яғни сол жақты қарыншаның артқы қабырғасында қозу әдеттегі жолмен жүреді. Ол эндокардтан эпикардтқа дейін таралады. Артқы қабырғаның қозу векторы теріс зарядтардан оңды зарядтарғақарай бағытталған. А электродына сол жақты қарыншаның барлық деполяризациясы кезеңінде артқы қабырғаны қоздыруда пайда болатын теріс зарядтарға айналады. Сол жақты қарыншаны қоздырудың жалпы векторы инфаркт аясынан және А электродынан бағытталған. Осыған байланысты деполяризацияның барлық кезеңінде төменгі жаққа қисық еңісі тіркеледі және А электродында QS кертеші жазылады.

Қозу кезінде Р электродына сол жақты қарыншаның артқы қабырғасын деполяризациялау кезінде пайда болатын оңды зарядтар бағытталған. Қоздыру векторы осы электродқа бағытталған, осыған байланысты Р электродымен жалғасқан гальванометр R кертешін тіркейді. Осы электродтың көмегімен тркелетін R кертеші, амплитуда қалыбына қарағанда үлкен болады. Бұл қалыпта болатын артқы қабырғаның қоздыру векторы алдыңғы қабырғаны қоздыру вектрынан қарама-қайшы ықпал етуді кездестрмеумен байланысты. Қалыптағы алдыңғы қабырғаны қоздыру векторы артқы қабырғаның қарама-қайшы векторының жағына бағытталған. Алдыңғы қабырғаның қоздыру векторының процесстен түсіп қалуы, ол инфарктімен себепші болады. Осыған байланысты ұлғаюдағы қарама-қарсы инфаркт қабырғасындағы R кертешінің биіктігін реципрокты өзгерстер деп атайды.

Осылайша ЭКГ электроды астыңғы миокардтың трансмуральды инфакті кезінде QS кертештері белгіленеді. Инфарктке қарама-қарсы аймақта амплитудасы ұлғайтылған R кертештері тіркеледі (реципрокты өзгерістер).

Электрод астыңғы трансмуральды емес инфаркт немесе сол жақты қарыншаның алдыңғы қабырғасы миокардының трансмуральды емес инфаркті не болмаса электрод астыңғы миокардтың субэндокардиальды инфракті.

Алдында көрсетілгендей, миокардтың трансмуральды емес инфаркті әдетте эндокардта орналасып, эпикадқа дейін жетпейді (15 сурет). Сондықтан да кейде мұндай инфаркт субэндокадиальды деп аталады. Инфаркт аясы қозбайды және ЭДС пайда болуын болдырмайды. Қарама-қарсы, яғни сол жақты қарыншаның артқы қабырғасында – эндокардтан эпикардқа дейін әдеттегідей жолмен өтеді. Артқы қабырғаның эндокардиальды бөліктері теріс, ал эпикардиальдысы оңды зарядталады. Артқы қабырғаның қозу векторы оның эндокардынан эпикардына, яғни А электродынан Р электродына бағытталған. Жанындағы, алдыңғы қабырға миокардының инфаркт бөлімі аймағында қозу эндокардтан эпикардтқа қарай таралады. Алдыңғы қабырғаның инфаркт бөліктерінің жанындағы қозулар инфаркт аймағынның үстінде орналасқан қалған зақымданбаған сау бөліктерге жетпейінше, А электродына артқы қабырғаның қозуымен байланысты теріс зарядтар әрекет жасайтын болады. Осы кезең ішінде қозу векторы инфаркт аймағынан және А электродынан бағытталған. Бұл амплитудасы мен ені қалыптағыдан үлкен болып келетін Q кертешінң тіркелуіне әкеп соғады.

Осы кезеңде, қозу инфаркт аймағының үстінде орналасқан алдыңғы қабырға миокардының зақымдалмаған бөліктеріне жеткенде, осы бөліктердің қозуы басталады. А электродына осы кезде оң зарядтар айналған. Адыңғы қабырғаның бөлімдерінде сақталған қозу векторы А электродына бағытталған, R немесе r кертештері тіркеледі. R кертешінің амплитудасы қалыптағыға қарағанда кішірек. Бұл оның инфаркт болу салдарынан, қозу процессінен алдыңғы қабырға векторының бір бөлігі түсіп қалуымен байланысты.

Қарама-қарсы инфаркт қабырғасына Р электродының көмегімен амплитуда қалыбынан көп болып келетін R кертеші тіркеледі. R кертешінің тіркелуі артқықабырғаның деполяризациясы кезіндегі Р электродына оңды зарядтар айналған және оның қозуы осы электродқа бағытталған. R биіктігінің ұлғайюы инфаркт нәтижесіндегі алдыңғы қабырға векторы бөлігі қозу процессінен тсіп қалуымен себепті. Артқы қабырғаны қоздыру векторы қалыпта бар болатын алдыңғы қабырғаны қоздыру векторы жағынан әдеттегідей қарама-қайшы әрекетті сезбейді.

Олай болса, ЭКГ электроды астыңғытрансмуральды емес инфаркт кезінде QR немесе Qr кертештері байқалады. Q кертешінің амплитудасы мен ені сонымен қатар қарынша қабырғасының инфрактпен зақымдану тереңдігін көрсетеді. Q кертеші деполяризацияның бастапқы векторы инфаркт аймағынан бастап бағытталатындығымен себепші. Инфаркт тереңдігі үлкен болған сайын, Q кертешінің амплитудасы мен ені үлкенірек болады және керісінше. R кертешінің биіктігі мен ұзақтығы инфаркт аймағының үстіндегі миокард бөліктерінде сақталған өлшемлермен айқындалады. Зақымдалмаған бұлшық ет талшықтары аз қалған сайын, R кертешінің амплитудасы мен ені азырақ болады, және керісінше. Инфаркт өлшемі аз болған сайын Q аз болып, R кертеші көбірек болады. Оған қарама-қарсы қабырғадағы миокард инфаркті салдарынан онда R кертешін тіркейтін амплитудасы ұлғаяды (реуипрокты өзгерістер).

15 сурет Электрод астыңғы трансмуральды емес инфаркт. Деполяризацияның бастапқы векторы инфаркт аймағынынан, яғни А электродынан бағытталған. Алдыңғы қабырғаның бөлімдерінде сақталып қалған қозу векторы А электродына бағытталған. А электродында QR кертештері, ал Р электродында – амплитуда қалыбынан көп болып келетін R кертеші тіркеледі.

ЭКГ кертештерінің пайда болуы, әдетте, сол жақты қарыншаның артқы қабырғасының трансмуральды некрозы кезінде байқалады, егер пайда болатындарды жобалайтын болсақ, сонымен бірге қарыншаларды қоздыратын жалпы векторы Эйнтховен үшбұрышының стандартты бөліп берілген осінде болатын болса, оны сызбанұсқа түрінде түсіндіруге болады. (16 сурет). Артқы қабырға аймағындағы шірік ұлпасы ЭДС-ң пайда болуын болдырмауына байланысты, қоздырудың жалпы векторы миокардтың сау бөліктерінің деполяризациясына ғана себепші болады. Бұл вектор инфаркт аясынан бағытталған. Қозудың жалпы векторы ІІІ осьтің теріс бөлігіне үлкейтіліп көрсетіледі, бөліп берілгендер осы бөліктің QS кертештерін тіркеуді қамтамасыз етеді. Жалпы вектор осы бөліп берулер осінің теріс бөлігін үлкейтіп көрсететіндігіне байланысты II стандартты бөліп берулерде Q2›R2. I стандартты бұрып жіберулер осы бұрманың жағымды бөлігіде қоздыру векторын жобалаумен байланысты болатын R кертеші тіркеледі. Осылайша бұрма осінің теріс бөлігіндегі инфаркті кезіндегі қозудың жалпы векторын жобалау Q паталогиялық кертештің тіркелуін болдырады. Бұл ереже сонымен қатар кеуде бқрмаларына да қатысты.

Осылайша, миокард инфакркті Q паталогиялық кертештің пайда болуына әкеледі. ЭКГ осымен қатар QS түріне (трансмуральды инфаркт) немеес тарнсмуральды емес инфаркт кезінде QR (Qr) түріне ие болады. Инфаркт тереңдігі үлкен болған сайын, Q кертешінің амплитудасы мен ені үлкен болып келеді. Инфарктқа қарама-қарсы қабырғада, онда R кертешін тіркейтін биіктігін ұлғайтумен айқындалатын реципрокты өзгерістер байқалады.

Паталогиялық Q кертеші миокард инфарктіне тән. Келетін патологиялық Q кертеші сондай-ақ анда-санда мынадай жағдайларда көрінуі мүмкін: 1) асқынған ишемия немесе миокрдтың зақымдануы, 2) ми қан айналымының асқынып бұзылған (әсіресе субарахноидальды қан кету кезінде), 3) асқынған панкреатит, 4) есеңгіреу, 5) коронагрофия, 6) уремия, 7) гиперкалиемия, 8) дене шынықтыру жүктемесін бақылап өткізген, миокардит және т.б. кезінде.

16 сурет. Артқы қабырға миокардының инфаркті кезіндегі стандардты бөлінген бөліктерінің осіндегі қозудың жалпы векторын жобалау. Қозу векторы инфаркт аймағынан бағытталған. Ол QSIII,QRIIи RI тіркелуін қамтамасыз етеді.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 860. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия