Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс тақырыбы: Дәлелдеу ережелері және кездесетін қателіктер




1.Логика заңдарының бұзылуы туралы. Тезиске қатысты ереже және тезиске қатысты туатын қателіктер

2. Аргументтерге (дәйектерге) катысты ереже және қателіктер.

Әдістемелік нұсқау:

Тақырыптың мақсаты:дәлелдеу ережелері және кездесетін қателіктерді ашып беру.

Қаралатың басты ұғымдары: Тезиске қатысты ереже және тезиске қатысты туатын қателіктер,аргументтерге (дәйектерге) катысты ереже және қателіктер.

1. Логика заңдарының бұзылуы туралы. Тезиске қатысты ереже және тезиске қатысты туатын қателіктер

Біз ойлаудың негізгі қасиеттерін сипаттайтын логика заңдарын қарастырдық. Логика заңдарын құруда бізге «тиіс», «қажет» не т.б. сөздерді қолдануға тура келгенін байқау қиын емес. Логика заңдары жиі бұзылады. Дегенмен мұнда маңызды бір шарт бар: егер біз пайымдаулардың ақиқаттығы мен пікірдің дұрыстығына ұмтылсақ, онда біз логика заңдарын сақтауымыз керек. Дәл осы сияқты, егер біз қоғамдағы парасатты тәртіпке ұмтылсақ, онда біз құқық және адамгершілік заңдарын да сақтауымыз керек.

Паралогизм - логика заңының еріксіз бузылуы. Логика дәлелдеу мен бекерлеу бағынатын тезистің ақиқат не жалғаңдығын негіздеу немесе оның негізсіз екенін анықтау сияқты өз міндеттерін орындаулары үшін қажет ережелер құрады. Мұндай ереже дәлелдеудің әр компоненті үшін жеке құрылады.

Тезиске қатысты ереже

1. Тезис анық және дәл қүрылған болуы тиіс.

Бұл ереже бізді дәлелдеудегі басты ойдың бүлыңғыр және екі үшты болмауынан сақтайды. Тезистің анықтылығы онда пайдаланылатын пайымдау типімен байланысты.

Тезисті анықтау рәсімі де осы ережемен тығыз байланысты болып келеді. Тезисті анықтау үшін осы тезиске қатысты үш сүраққа жауап беру жеткілікті болмақ:

а) Тезистегі барлық сөздер мен сөйлемдер толық тусінікті ме?
Егер түсініксіз болса, онда айқын емес ойларға анықтама беруге тырысу керек.

ә) Тезисті білдіріп тұрған пайымдау анық құрылған ба? Егер тезисті қарапайым пайымдау формасында беруге болса, онда ең дұрысы бұл үшін кесімді пайымдауды пайдаланған жөн. Өйткені онда сан мен сапа анағүрлым дәл көрсетілген.

б) Тезис нанымды ақиқат пайымдау болып есептеле ме немесе
ақиқат болуы тек ықтимал
ма? Егер ықтимал болса, онда қандай дәрежеде: өте ықтимал, жай ықтимал немесе ықтималдығы шамалы ма? Бұдан біздің дәлелдеуде қандай қүралдар пайдаланатынымыз тәуелді болады: тек дедукцияны ма, не соңдай-ақ индукция және аналогияны қоса ма?

2. Тезис дәлелдеу барысы бойына тұрақты болып қалуы тиіс. Бұл талап тепе-теңдік заңының дәлелдеуде қолданылуының жеке жағдайы болып табылады.

Тезиске қатысты туатын қателіктер

1. Тезиске қатысты басты қателік боп екінші ереженің бұзылуына байланысты туатын қателік есептеледі. Бұл қателік тезисті ауыстыру деп аталады. Тезисті ауыстыру бұл дәлелдеу барысында, тезисті оп-оңай дәлелденетін және дәлелі бастапқы тезис дәлелденуі орнына кететін басқа ұқсас пайымдауға саналы түрде ауыстырудан шығатын логикалық қателік.

Еріксіз жіберілген аналогиялық қате тезисті жоғалту деп аталады. Тезисті ауыстыру — софизмге, ал тезисті жоғалту — паралогизмге жатады.

2. «Басқа текке өту». Егер тезисті ауыстыру тереңге кетіп, басқа аумаққа бұрып кетсе, онда бұл қателік «басқа текке өту» деп аталады. Мысалы, дәлелдеу заң саласынан моральдыққа ауыстырылады да, заңсыздық, адамгершілікке жат әрекет деу орнына оның моральға қарсылығын негіздей бастайды.

3. «Өте аз дәлелденеді». «Өте аз дәлелденеді» қателігі тезистің қандай да бір бөлігі дәлелденбей қалғанда немесе тезистің ақиқаттығын мойындау үшін қажет дәйектері жеткілікті негізделмегенде кездеседі.

4. «Өте көп дәлелденеді». «Өте көп дәлелденеді» қателігі дәйектерден тек тезис қана емес, тағы қандай да жалған қағида шыққанда пайда болады.

Мысалы, «Өзін-өзі өлтіруге рұқсат жоқ» тезисін дәлелдеуде біз дәйек ретінде «адам өзіне-өзі бермеген нәрсені өзінен-өзі ала алмайды» деген пайымдауды келтіреміз. Онда өте көп нәрсені дәлелдер едік. Осы дәлелдеуден бір мезгілде адамның шашын қырқуға құқы жоқ, өйткені ол шашты өзіне-өзі берген жоқ. Сол сияқты т.б. құқы жоқ деген қорытындылар шығар еді.

2. Аргументтерге (дәйектерге) катысты ереже және қателіктер.

Аргументтерге (дәйектерге) катысты ереже

1. Дәйектер ақиқат пайымдаулар болуы тиіс.

2. Дәйектер тезистің ақиқаттыгын мойындау үшін жеткілікті негіз болуы қажет.

3. Дәйектер ақиқаттыгы тезистен тәуелсіз негізделетін пайымдаулардан түруы керек.

4. Дәйектер бір-біріне қайшы келмеуі тиіс.

Дәйектерге қатысты кездесетін қателіктер

Дәстүрлі логикада дәйектерді затқа, іс мәніне дәйегі және адамға дәйегіне бөлу қабылданған. Бірінші тектегі дәйектер талқыланатын сұраққа қатысты және дәлелденетін жағдайдың ақиқаттығын негіздеуге бағытталған. Біз аргумент түрлері туралы айтқанда, міне осындай дәйектерді ойлағанбыз.

Адамға қатысты дәйектер талқылау нәрсесіне, тезиске жатпайды. Олардың дәлелденгенін көрсету үшін дау-дамайда жеңіске жету үшін пайдаланылады. Логикада олар орынсыз дәйектер немесе логикалық қателіктер деп аталады.

1. Беделге сүйену дәйегі. Беделге суйену дәйегі — қандай да бір саладағы мамандар, ұлы және атақты адамдар талқылау дәйегі ретінде пайдаланылады.

Негіздеудің толық заңды амалы болып табылатын бұл дәйекті жеке жағдайда оны қысқарту үшін пайдаланады. Оны оп-оңай теріс пайдалануға болады. Беделді адамның айтқанының бәрі тіпті өз саласында да ақиқат емес. Ал басқа сала бойынша айтқаны тіптен ақиқат болмайды. Мысалы, беделмен айтылған пікірді қандай да бір келісіп алынған пікірмен, шектеумен не мұндай келісусіз немесе шектеусіз пайымдау ретінде беру оп-оңай.

2. Жұртқа сүйену дәйегі. Жұртқа сүйену дәйегі — бұл тезистің ақиқаттық туралы сұрағын сезімге, психологиялық ұстанымға және аудитория мүддесіне сәйкестігі туралы сұраққа ауыстыруға бағытталған пікір.

3. Тұлғаға бұру дәйегі. Бұл — дәйектерге қатысты қателіктердің ішіндегі ең көп тарағаны. Тұлғаға бұру дәйегі — тезистің ақиқат немесе жалғандығын дәлелдеуді осы тезисті айтқан адамның тұлғасын талдаумен ауыстыруға бағытталған пікір.

Мысалы, саяси пікір таластарда қарсыласының пікірін бекерлеу орнына көбіне осы пікір авторының жағымсыз саяси бағытқа жататындығын дәлелдеуге тырысады. Күнделікті өмірде адамдар өзара дауда, таласта бір нәрсені дәлелдеу кезінде: «Әй, сен өзің кімсің?» — деуі жиі кездеседі.

4. Күшке салу дәйегі немесе «таяқтық дәйек». Күшке салу дәйегі — бұл пікірде дәлелдеу арналған адам дәйектердің ақиқаттығына сенбегенде қоқанлоқы көрсету, зорлық жасау немесе мәжбұр етудің басқа формаларын пайдалану.

5. Надандыққа сүйену дәйегі.

Надандыққа сүйену дәйегі дегеніміз — бұл дәлелдеуде ақиқаттық негіз ретінде дәлелдеу арналған адамға белгісіз пайымдауды әдейі пайдалану. Ол әдетте жалпыға белгілі дерек пен заңдар аудитория білмейтін, білмегендері үшін қорқатын шығармаға сілтеме жасау болуы мүмкін.

Дәйектерге қатысты логикалық және деректік қателіктер

1. Негізгі қателік пайдаланылатын дәйектің жалғандығы - бірінші ереженің бұзылуын көрсетеді. Пайдаланатын дәйектің жалғандығы - дәлелдейтін тезистің негізсіздігіне әкелетін деректік қателік.

2. Негізге алдын-ала тамсану - бұл екінші ереженің бұзылуы.

Негізге алдын-ала тамсану — дәлелдеуде өзі негіздеуді қажетсінетін пайымдауды дәйек ретінде келтіру қателігі. Егер сіз қандай да бір мәселені қарастыруда өз көзқарасыңызды бекіту үшін беделді адамдар пікірін келтірсеңіз, ал олардың бұл мәселе туралы не ойлайтынын дәл анықтауға өзіңіздің шамаңыз жетпесе, онда сіз осы қателігін жасайсыз, өйткені сіздің дәйектеріңізді әлі тексеру қажет.

3. «Дәлелдеудегі шеңбер» қателігі - бұл үшінші ереженің бұзылуы. Дәлелдеудегі шеңбер — бұл тезистің ақиқаттығы осы тезистің өзінің көмегімен ақиқаттығы анықталатын дәйек арқылы негіздеуден тұратын логикалық қателік. Мысалы, «Тарихты оқу пайдалы, себебі Ежелгі Грекия тарихын оқудың маған пайдасы тиді» дәлелдеуінде «Тарихты оқудың маған пайдасы тиді» дәйегі кейбір дәуірдің тарихын оқу тек жалпы тарихты оқу пайдалы болғанда ғана пайдалы тезисінің ақиқаттығын болжайды.

4. «Дәйектердегі қайшылық» — төртінші ереженің бұзылуы.
Дәйектердегі қайшылық — тезис дәлелдеуінде келтірілген дәйек бір-біріне қайшы болғанда шығатын логикалық қателік.

Сот тіліндегі дәйектер түрінің бірі — куәлердің берген мәліметтері. Мұңдай жағдайда дәйектердегі қайшылықтар әр түрлі болады. Бір ғана оқиға туралы куәлар мәліметтерінің үйлеспеуі кездеседі.

1Демонстрацияға қатысты ереже. Демонстрацияға қатысты бір ғана, бірақ ой тұжырымының барша теориясын қамтитын ереже бар. Ой тұжырымында пайдаланылатын демонстрациялар дұрыс болуы және оларды қолдану шарттары сақталуы тиіс. Осы ереженің бұзылуы «жалған қажеттілік қателігіне» әкеліп соқтырады.

Бұл қателік дұрыс емес ой тұжырымын пайдаланумен байланысты. Егер көптеген адамдар «осылайша», «сондықтан», «сонымен», «сол себептен» және т.б. создермен бірнеше пайымдауларды байланыстырса, онда осы пайымдаулар арасында логикалық байланыс пайда болды деп есептейді.

Қорытынды:Логикалық және деректік қателіктер дәйектерге қатысты ережелерді бұзумен байланысты туады.







Дата добавления: 2014-10-22; просмотров: 2156. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2020 год . (0.004 сек.) русская версия | украинская версия