Жұмыс барысы. Таза құрғақ бөлгіш құйғыны аналитикалық таразыда 0,01 г дейін дәлдікпен өлшейдіТаза құрғақ бөлгіш құйғыны аналитикалық таразыда 0,01 г дейін дәлдікпен өлшейді. Содан соң бөлгіш құйғыға өлшегіш құрал цилиндрдің көмегімен 10 мл зерттелінді мұнай өнімін құйып, құйғыны қайта таразыда өлшеп мұнай өнімінің массасын есептейді. Мұнай өнімі бар бөлгіш құйғыға 30 мл күкірт қышқылын (98%-тік) құйып 30 мин бойы шайқайды. Бұл кезде белгілі бір уақыт аралығында тығынды ашып тұру қажет, бұл жоғары қысымның пайда болуын болдырмайды. Бөлгіш құйғыны 1 сағатқа тыныштықта қалдырып кейін мұқият төменгі қабатты бөліп алады. Зерттелінді мұнай өнімінен жоғарғы қабатты фильтр қағазының көмегімен бөлеміз. Қалған мұнай өнімімен бөлгіш құйғыны 0,01 г дейін дәлдікпен өлшеп күкірт қышқылымен өңдегеннен кейінгі мұнай өнімінің массасын есептейді. Сосын бөлгіш құйғыны тігінен бекітіп мұнай өнімін конустық колбаға құяды. Бөлгіш құйғының тығынын және оның ішкі қабырғасын дистилденген сумен шайып, шайындыны зерттелінетін өнім бар конус тәрізді колбаға құяды. Колбаның құрамын бірнеше тамшы фенолфталеин ерітіндісінің қатысында 0,5Н күйдіргіш натр ерітіндісімен әлсіз ашық қызыл түс пайда болғанша титрлейді. Бөлгіш құйғының қабырғаларында қалған күкірт қышқылының массасын грамм есебінде келесі формула бойынша анықтайды: Сn= мұндағы: V – титрлеуге жұмсалған күйдіргіш натр ерітіндісінің көлемі (0,5Н ерітінді үшін), мл. 0,02452 – 1 мл 0,5Н күйдіргіш натр ерітіндісіне сәйкес келетін күкірт қышқылы, г. Зерттелінді мұнай өніміндегі ароматтық көмірсутектердің массалық процент есебіндегі құрамын (А) келесі формуламен анықтайды: А=С1-(С2-Сn) мұнда: С1 – күкірт қышқылымен өңдегенге дейінгі зерттелінді мұнай өнімінің массасы, г. С2 - күкірт қышқылымен өңдегеннен кейінгі зерттелінді мұнай өнімінің массасы, г. Соңғы нәтиже ретінде екі параллельді анықтаудың орташа арифметикалық мәнін қабылдайды, ал олардың арасындағы айырмашылық 1%-дан аспауы қажет.
Бақылау сұрақтары: 1. Мұнай және мұнай өнімдеріндегі ароматтық көмірсутектерді қандай реагенттің көмегімен анықтауға болады? 2. Көмірсутектік қоспаны сульфирлеу процесі кезінде қандай реакциялар байқалады және ол неге тәуелді? 3. Мұнайдағы ароматтық көмірсутектерді анықтау мен бөлудің екі әдісін салыстырыңыз. Поможем в написании учебной работы
|