Тақырыбы: Масса және оның өлшем бірліктері.
Мақсаты: балаларды массаның жаңа өлшем бірліктері – тонна және центнермен таныстыру; массаныңөлшем бірліктерінің арасындағы қатынасты қойып беру және массаның өлшем бірліктерінің кестесін құрастыру; атаулы сандармен есептеуді орындау дағдыларын дамыту. Сабақтың түрі:аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру. Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық,амандасу, түгендеу. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6. ІІІ. Өткенді пысықтау:Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны: ОИЯыМЕУИАОЫЯСЮЭСЫИЕА жазбасындағы А әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (МАССА). ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау. Сендер массаның қандай өлшемдерін білесіңдер? Біздің сабақтың тақырыбы: «Массаның өлшем бірліктері. Тонна. Центнер». 2.Ауызша есептеу. А). Сандарды оқыңдар: 589, 45 879, 4 587 123 300, 100 258 400, 400 205, 100 320 567. Ә). 23 699-дан 23 704-ке, 67 998-ден 68 006-ға, 4 089-дан 4 094-ке дейін санаңдар. № 1. Сандарды оқы. Ауызша. 1 т 1 ц № 2. 1 кг
1 г
№ 2 (ә). Өсу реті бойынша орналастыр: 5 001г, 783 ц, 2 т 5 ц, 3 015кг, 3 т 1 ц, Ү. Жаңа сабақты пысықтау: 1.Өздік жұмыс. № 3. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте: а) центнермен және килограммен; ә) тоннамен, центнермен және килограммен. 604 кг = 6 ц 04кг 45 560 кг = 45т 5ц 60кг 900 231 = 900т 2ц 31кг т.с.с. № 7.шамалармен амалдардың қалай орындалатынын еске түсір және есепте. Тақтаға амалдарды орындау тәсілі ілінеді. Үлгі: 2ц 25кг: 5 = 225кг: 5 = 45кг №4. Есеп шығару. 1). 420 + 340 = 760(кг) – барлық жиналғаны 2). 760: 20 = 38 (ж) – барлығы (420 +340): 20 = 38(ж). № 5. Есеп ұжыммен орындалады. 1). 35 – 15 = 20(м) – бақшаның ені 2). 35 ∙ 20 = 700(м2) – бақшаның ауданы 3). 700: 4 = 175(м2) – көкөністер 4). 700 – 175 = 525(м2) – картоп ҮІ. Бекіту. №8. Есептеуді тиімді тәсілмен орындау. Шығармашылық тапсырма. - 9-ға көбейтуді қалай орындауға болатынын ойлан. 46 санын 9-ға көбейтеміз. Алдымен санды 10-ға көбейтеміз, содан соң көбейтіндіден бұл санды азайтамыз. 46 ∙ 9 = 460 – 46 = 414 67 ∙ 9 = 670 – 67 = 603 25 ∙ 9 = 250 – 25 = 225 т.с.с.
|