Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты баламын, жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын. Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді! ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:№ 7. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) ІІІ. Өткенді қорыту:Жаңа санау бірлігі қалай аталады? Бірліктер класына қандай сандар құрайды? Мыңдар класына қандай сандар құрайды? ІҮ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық кіріспе. 1). Ауызша жұмыс: санау: 1000, 2000, 3000, 4000, 5000, 6000, 7000, 8000, 9000, 1 000 000. 2). Математикалық диктант.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Оқулықпен жұмыс №1. Бірліктер класында неше разряд бар. Олар ата. Мыңдар класында неше разряд бар? Оларды ата. Кестеде жазылған сандарды оқы. Әр санның көршілерін атаңдар. (1, 21, 321, 4 321, 54 321, 654 321) 2. Өздік жұмыс:№ 2. Астана мен Алматы қаласының оқушыларының саны берілген, сандарды оқып, көрші сандарды ата. (Астана – 2008 жыл – 69 199, 69 200, 69 201; 2009 жыл – 72 299, 72 300, 72 301 Алматы – 2008 жыл – 173 599, 173 600, 173 601; 2009 жыл – 175 299, 175 300, 175 301.) 3 .Топтық жұмыс. № 3 (а). (І топ.); № 3 (ә). (ІІ топ) 4. Түсіндіріп шығару № 4. Теңдеуді шеш. (4 оқушы тақтада шығарады). Х ∙ 9 = 12 ∙ 6 у + 452 = 155 ∙ 5 63 ∙ у = 63 ∙ 3 ∙ 0 80 ∙ а = 1 000 – 680 Х ∙ 9 = 72 у + 452 = 775 63 ∙ у = 0 80 ∙ а = 320 Х = 72: 9 у = 775 – 452 у = 0: 63 а = 320: 80 Х = 8 у = 323 у = 0 а = 4 8 ∙ 9 = 72 323 + 452 = 775 63 ∙ 0 = 63 ∙ 0 80 ∙ 4 = 320 ҮІ. Түсінгендерін тексеру: № 5 (а). Есептерді түсіндіріп шығару. Ш: 120: (3 + 2) = 120:5 = 24 Ж: әр дәптерде 24 беттен. № 5 (ә). Ш: (360 + 240): 5 = 600: 5 = 120 (1 қораптың бағасы) 360: 120 = 3 (қорап) 240: 120 = 2 (қорап) Ж: 1 қыз – 3 қорап, 2 қыз – 2 қорап сатып алды. 3.Өздік жұмыс: № 7. Тік төрт бұрыш сызу. Шығармашылық жұмыс. № 9. 48: 8: 6 + 54: 6 + 10: 5 ∙ 9 = 1 + 9 + 18 = 28 ҮІІ. Бүгін не білдік? № 8. Есепте. Топтық жұмыс. 4 ∙ 132 – 467 = 61 702: 3 + 398 = 632 864: 4 + 297 = 513 5 ∙ 168 – 209 = 631 ҮІІІ.Үйге тапсырма:№ 6, 21 бет. Бағалау
|