Тақырыбы: Арифметикалық амалдар.
Мақсаты: арифметикалық амалдар туралы білімдерін, амалдардың қасиеттері және оларды есептеуді тиімді орындауда қолдана білу, есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін орындау кезіндегі амалдар тәсілін қорытындылау. Сабақтың түрі:аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру. Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық,амандасу, түгендеу. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) 2. Сандарды жылдам оқу: 425, 325, 654, 963, 852, 147, 1000, 254, 369, 635, 245, 123, 456, 789 т.с.с. ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны: 1. Балалар карточкаға 5 секунд қарап, жатқа математикалық символдарды ретімен жазып шығу керек. 2.
3. Метрмен нені өлшейміз? 1 дм неше см бар? 1 м неше дм бар? 1 м неше см бар? ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау. 1). – Мына сандар қатарының қандай рет тәртібін енгізу керек? Мұндағы «артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»? 10, 20, 30, 40, 55, 60. (55 – дөңгелек сан емес) 1, 7, 14,21,27. (1саны 7-ге бөлінбейді) 12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 – үш таңбалы сан) 24, 11, 13, 15, 17, 19, 19, 12. (24 – екі ондық бар) 2). № 1. Ауызша. (жылдамдыққа ұжыммен) 750 + 10 = 760 900 – 130 = 770 110 + 55 = 165 230 + 20 = 250 800 – 450 = 350 250 + 550 = 800 т.с.с. 3). Таза жазу. 3, 4, 5.цифрынан үш таңбалы сан құрастыру. (345, 354, 435, 453, 534, 543) № 2. Жазбаша есепте және дұрыстығын тексер. (тақтада есептеу түсіндіре шығару) 69 9 = 621 621: 9 = 69 621: 69 = 9 (компоненттердің атауын атау.) 4). Жұппен жұмыс . № 3. Өрнектер жаз және олардың мәнін тап. А). 256: 4 – 15 3 = 64 – 45 = 19 ә). 500 – (693 – 446) = 500 – 247 = 253 б).(176 + 412): 6 = 98 Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару: № 5. Есепті түсіндіріп шығару. 1кг = 1000г. Шешуі: 250 + 150 = 400 (г) карамель Карамель -?, 150г артық 1000г 250 + 400 = 650 (г) карамель мен ирис Шоколад -? 1000 – 650 =350(г) шоколад. Жауабы: 350 г шоколад № 6. Кесте бойынша есеп құрастыру. Тақтада түсіндіріп шығару. Ш: 25 3 + 19 4 = 75 + 76 = 151 Ж: барлық бала саны 151 бала. Өздік жұмыс. № 6. Салыстыр. 1000 – 250 < 1000 – 25 630 + 300 + 20 > 630 + 30 + 200 90 + 110 > 80 + 120 ҮІ. Бекіту. № 7. Тапсырманы орында. Әр қораптан кез келген цифрды алып, үш таңбалы сандар құрастыр және оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз. 911, 508, 704, 457, 694,... Шығармашылық тапсырма. № 8 кесінділер сызу.
|