Тақырыбы: Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу.
Мақсаты: теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу туралы білімдерін жетілдіру; алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында пайдалана білу; математика бойынша білім-білік жүйелерін игеру деңгейлерін тексеру; логикалық ойлауларын дамыту. Түрі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ауызша жылдам есептеу. Көрнекілігі:кестелер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:сабаққа дайындықты тексереміз. Сабақтың қожайыны – оқулық, оның көмекшілері – дәптер, қалам, сызғыш, қарындаш және белгі карточкалары. Баланың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 7, 8. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) ІІІ. Мақсат қою кекзеңі:Тақырыбы, мақсатын хабарлау. Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу туралы білімдерін жетілдіру ІҮ. Жаңа сабақ;: Ауызша жұмыс: 1. М атематикалық диктант. - 7 саны 91 –ден неше есе кем? (13) - 68 шығу үшін 17-ні неше есе арттыру керек? (4) - 8 шығу үшін 56-ны нешеге бөлу керек? (7) - Азайғыш – 1000, азайтқыш – 450. Айырманың мәнін тап. (550) - Бөлінгіш – 320. Бөлінді – 4. Бөлгіш нешеге тең? (80) - Санның төрттен бір бөлігі 60-қа тең. Сан нешеге тең? (240) № 1. Жасырын санды ата.
№ 6. Теңдеулерді шеш. (4 оқушы тақтада) Ү. Өтілген материал бойынша жұмыс. Түсіндіріп шығару. 1). № 3. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару. 1 тәсіл. Амалдарды немесе өрнек бойынша есептеу. Торкөз дәптер – 30 дана 70 дана Ш: 70 – 30 = 40 (жолды дәптер) Жолды дәптер -? дана Ж: 40 жолды дәптер. 2 тәсіл: Теңдеудің көмегімен есептеу. Теңдеу құрамыз: Торкөз дәптер – 30 дана 30 + х = 70 Жолды дәптер - х дана 70 дана Х = 70 – 30 Х жолды дәптер сатып алдық дейік. Х = 40 (жолды дәптер) Ж: 40 жолды дәптер (ә, б тапсырмаларды орындап теңдік, теңсіздік туралы білімдерін қорытындылау.) 2). № 4. (3 топқа бөлініп, І топ – а, ІІ топ – ә, ІІІ топ – б.) І сөреде – 45 кітап. Ш: 145 – (45 + 45 ∙ 2) = 10 ІІ сөреде -?, 2 есе артық 145 кітап Ж: ІІІ сөреде 10 кітап бар. ІІІ сөре? 3). Өздік жұмыс: № 5. Кестені пайдаланып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр. 165: 5 < 29 ∙ 4 425 + 230 < 333 2 1000 – 111 > 150 – 117 ҮІ. Сабақтың қорытындысы. № 8. Өздік жұмыс. Фигуралардың периметрі мен ауданын тап. Р = (5 + 3) ∙ 2 = 16 (см) S = 5 ∙ 3 = 15 (см2) Р = 3 ∙ 4 = 12 (см) S = 3 ∙ 3 = 9 (см2 ) № 9. шығармашылық жұмыс. ҮІІ. Үйге тапсырма:№ 2,7. 9, 11 бет. Бағалау.
|