Көлемнің өлшем бірліктері.
Мақсаты: дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою. Сабақтың түрі:аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру. Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық,амандасу, түгендеу. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:№ 3 тексеру. ІІІ. Өткенді пысықтау:Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны: - «Компьютер» дидактикалық ойыны. Мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауабын айтады. 7 200: 8 + 100 – 190: 9 ∙ 1 000 = 4 000 8 ∙ 50 + 1 000: 2 ∙ 8 – 5 000: 2 ∙ 7 = 2 100 - Көркем жазу минуты. - 57 615 санын жазыңдар. Сандардағы толық ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, ондық мыңдарды атаңдар. ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау. № 1. Көлемнің өлшем бірліктерін есіңе түсір. Кестеден геометриялық денелердің атауын оқыңдар. Артық сөзді тап. (параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені шаршы – жазық фигура, ал қалғандары – көлемді денелер). Қандай фигуралардың көлемін есептеуге болады. Мұғалім артық фигураны табуды ұсынады. Тақтаға сурет ілінеді. Текшенің неге артық екенін дәлелдейді (барлық фигуралар жазық, ал текше – көлемді)
«Көлем» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Көлемдері әр түрлі қораптарды алып, олардың көлем жағынан үлкен, кіші екендігін салыстыру.
№ 1(ә). Салыстыр. 5 м3 > 5 000 000см3 10 000 см3 > 5 дм3 5 см3 = 5 000 мм3 т.с.с. № 2. Жұптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. 12м3 = 12 000 000см3 8 000 000мм3 = 8 000см3 12дм3 = 12 000см3 т.с.с. Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару: № 3. Ауызша салыстыру. № 4. Топпен жұмыс. 1-топ – № 4(а), 2-топ – № 4 (ә), 3-топ – (б). 1 топ: V= 50м ∙ 10м ∙ 2м = 1 000м3 (көлемі) 50м ∙ 10м = 500 м2 (бассейннің түбінің ауданы) 50м ∙ 2м = 100м 2 (бассейіннің бір бүйірінің ауданы) 10м ∙ 2м = 20м2 (бассейіннің екінші бүйірінің ауданы) 2топ: V= 7м ∙ 5м ∙ 3м = 105м3 (бөлменің көлемі) S = 7м ∙ 5м = 35 м3 бөлменің еденінің ауданы. 3 топ. S = 12м2 V= 12: 3 ∙ 2 ∙ 3 = 24 м3 Һ = 2м
V=? № 5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз қабырғасы мен периметрін тап.
№ 6. Топтық жұмыс. І топ: Ш: 958 – (429 + 297) = 232 (бастауыш сынып оқушылары) ІІ топ. Ш: 78 – (15 + 15 ∙ 2) = 33 (см) (үшінші қабырғасы) ІІІ топ. Ш: 5т = 5 000кг. 5 000 – 900 кг ∙ 3 = 2300 (кг)(картоп қалды.) ҮІ. Бекіту. № 7. Жұптық жұмыс.Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап. (750 – 50): (25 ∙ 2) = 14 960: (45: 15) = 16 404: (200 + 2) = 2 т.с.с. Шығармашылық тапсырма. № 9. Кезекпен жазып өрнек құру. 23 + 67 + 159 + 41 = 290 23 + 111 + 159 + 7 = 300 23 + 441 + 159 + 267 =890 т.с.с.
|