Тақырыбы: 203 ∙ 6, 2 003 ∙ 6 түріндегі көбейту.
Мақсаты: көрсетілген түрдегі көп таңбалы сандарды көбейтуді үйрету; есеп шығару және есептеу дағдыларын жетілдіру; логикалық ойлауларын дамыту. Сабақтың түрі:жаңа сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру. Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық,амандасу, түгендеу. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар ІІ. Өткенді пысықтау:Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:
ІІІ. Мақсат қою; ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау. № 1 тапсырманы көбейту тәсілін енгізуге дайындық ретінде ұсынуға болады. Сандарды цифрлармен жазады. Қандай разрядтардың жоқ екенін анықтайды. 1-ге және 0-ге көбейтуді қайталау қажет. а ∙ 0 а ∙ 1 0 ∙ а 1∙ а а: 0 (0-ге бөлуге бола ма?). Әріптің орнына кез келген санды қояды. Қандай ереже білетіндерін еске түсіреді. Санды 1-ге көбейткенде, көбейтіндісінің мәні сол санға тең болады. Санды 0-ге көбейткенде, көбейтіндісінің мәні 0-ге тең. № 1. Сандарды цифрмен жаз. Қандай разряд бірліктерінің жоқ екенін анықта. 8 млн. 5мыңд. 7 бірл. = 8 005 007 (жүздік мыңдық, ондық мыңдық, жүздік, ондық) т.с.с. № 2. Дауыстап түсіндіре отырып, көбейту тәсілін орындайды. х 2 0 3 х 2 0 0 3 х 2 0 0 0 3 6 6 6 1 2 1 8 1 2 0 1 8 1 2 0 0 1 8 № 2(ә). Жазбаша өздігінен орындау. Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару: № 3. Есептерді шығар. 3 жүк вагон – 144 т картоп Ш: 144: 3 = 48 (1 жүк вагонында 48 т.) 240 т картоп –? вагон –? 240: 48 = 5 (вагон керек) 480т картоп –? вагон –? 480: 48 = 10 (вагон керек.) № 3(ә). Ш: 15: 5 = 3 (1 көйлекке 3 м мата.) 60м: 3 = 20 (көйлек тігеді.) № 4. Жұптық жұмыс. Әріптердің берілген сандық мәндері бойынша өрнектердің мәндерін тап. (d + с) ∙ 3, мұндағы d = 23 054; С = 4 896 (23 054 + 4 896) ∙ 3 = 83 850 № 5. Теңдеулерді шеш. (4 оқушы тақтада түсіндіріп шығарады) № 7. Өздік жұмыс..
|