НДІРІСТІК ДІРІЛ
НДІРІСТІК ДІРІЛ Діріл деп – адамның денесіне немесе оның жеке бөлімдеріне таралатын (берілетін) қатты, сұйық немесе иілімді денелердің мерзімдік тербелісі. Механикаландырылған еңбек құралдарының кең қолданылуы, көлік құралдарының жүк көтерімділігінің және жүру жылдамдығының өсуі діріл әсеріне ұшыраушы адамдардың санын ұлғайтып, дірілдік патологиялардың таралуына жол беріп отыр, ол қазір кәсіптік этиологиядағы созылмалы сырқаттардың құрылымында жетекші орындардың бірін алуда. Дірілдің адам организміне әсері тербеліс процессінің физикалық сипаттамасына, және де діріл беруші бетпен адам денесінің жанасу ұзақтығына байланысты болады. Бұл әсерлер жеңіл етуі мүмкін, мұнда организмде ешқандай жағымсыз өзгерістер болмайды, ал кейбір жағдайларда, ауыру сезімі туатын, физиологиялық функцияларында тұрақты ауытқуларын тудырып, тіпті органдар мен тіндерде морфологиялық өзгерістерге келтіреді.
|