Студопедия — Теміржол көлігі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Теміржол көлігі






Қазіргі замандағы теміржол жүйесі аса қауіпті аймақ ретінде белгілі. Жүк таситын 90 км/ сағ, ал жолаушы пойызы – 104 км/ сағ жылдамдылығымен жүре алады. Жолаушылар таситын пойыздың жалпы салмағы 1000 т. асса, жүк пойыздарының салмағы одан бірнеше есе ауыр болып келеді, сондықтан пойыз құрамасы бірден тоқтай алмайды. Поездың тежеу жолы бірнеше жүз метрге созылады.

Темір жолда ірі-ірі апаттар, мыңдаған шағын оқиғалар болып тұрады, темір жол ұйымдары үлкен зиян шегіп жатады, тіпті адам өлімдері де болып жатады.

Пойыздармен тасымалданатын жүктердің 3000-нан астам түрлері қауіп туғызатын химиялық заттар екен. Олардың ішінде қоршаған ортаға, табиғатқа, адамдарға үлкен залалын тигізетін газ, химиялық заттар, жанғыш заттар сияқты жарылысқа әкелетін, уландыратын, ауру тарататын зардабы бар жүктер жиі кездеседі. Кей кезде үлкен электр қуаты өтіп жатқан сымдар жерде жатуы да мүмкін. Мұндай жағдай 3300 Вт кернеуімен тұрақты тоқпен жүретін электр жолдарында болып тұрады.

Егерде үлкен кернеудегі байланыс сымы вагонның үстіне немесе жерге құлап түскендей болса, бірақ өрт болмаса, онда вагон ішінде жолаушылар өз орындарында қалуы керек. Ал егер өрт басталса, онда вагонның еш жерінен ұстамай жерге секіріп түсіп немесе майда қадаммен (аяқтың өлшемі мөлшерінде) вагоннан 10 м кем емес жерге алыстауға тырысқан жөн. Себебі адам қадам кернеуіне (шаговое напряжение) түсіп қалуы мүмкін.

Егер сым суға түссе, онда судың жағасынан 10 метр қашықтыққа алыстау керек.

Өрт басталған жағдайда (қозғалыс үстінде стоп-кранмен тоқтатып) вагонды тез тастап кету керек.

Түтін басқан вагонда еденге жатып жылжу керек, ал егер түтін астынан келіп тұрса, онда түрегеп тұрып терезе жақпен жылжу қажет. Егер мүмкіндік болса, басты ылғал орамалмен, шүберекпен орап алса, тіпті жақсы болады. Үстіңіздегі киім өртене бастағандай болса, онда еденге, жерге жата қалып аунап отты сөндіруге тырысыңыз, жанған киіммен жүгіріп қашуға болмайды, себебі, ауа өртті күшейтіп жібереді. Киімі жанған кісіні көрсеңіз, үстін пальтомен, жайылмамен жауып, тығыз орап отты өшіру керек. Күйген жерлерін байлап, бірінші көмек көрсетіп, жақын маңайдағы медицина орталығына жіберу қажет.

Темір жолдан өткенде көпір немесе жер асты жолдарымен жүрген абзал. Егер ондай өтетін жолдар болмаса, сілтемелерге қарап, бағыт алған дұрыс. Пойыз жақындап қалғанда, оны өткізіп жіберіп барып, рельстен өту керек. Өтіп бара жатқан пойызды жіберу үшін, бос рельстің ортасында тұруға болмайды, себебі өтіп жатқан пойыздың шуынан, келіп қалған пойыздың дыбысын естімей қалу мүмкін.

Мына жағдайларға тыйым салынады:

· темір жолмен жүруге болмайды;

· темір жолмен келе жатқан пойыздың алдынан (400 м қашықтық болу керек) өтуге болмайды;

· станцияда тұрған пойыздың астынан өтуге, вагондардың қосылған жерінен секіріп өтуге болмайды;

· темір жолдың бойымен рельске 5 метрдей жақын жүруге болмайды;

· темір жолдан тек көрсетілген жерден өту керек;

· электрленген темір жолда бағанаға шығуға, бағанадан рельске келе жатқан металды спускке тиісуге болмайды. Металды спуск электр бағаналарын жерге қосу (заземление) үшін қажет;

· жерде жатқан электр сымына 10 м жақындауға болмайды;

· темір жолдан өтетін жерге жақындағанда жарық немесе дыбыс белгілеріне көңіл аудару керек. Өтетін жердегі шлагбаум ашық болса ғана өту керек;

· өтетін жердің қызыл жарығы жыпылықтап тұрғанда өтуге болмайды;

· өтіп бара жатып рельсті басуға болмайды. Жолды тек тік бұрышпен өту керек.

Вагонда кетіп бара жатқанда келесі ережелерді сақтау керек:

· вагонға мінгізу (түсіру) тек перрон, отырғызу платформасы жағынан жүргізілуі керек;

· вагонның төбесінде, баспалдығында, вагондардың арасындағы алаңдарда жолаушылардың жүруіне болмайды;

· жүріп келе жатқан пойызға мінуге (түсуге) болмайды;

· жүріп келе жатқан пойыздың вагондарының терезесінен, есіктерінен шығып немесе бас шығарып қарауға болмайды;

· вагондарда жеңіл жарғыш, жарылғыш заттарды алып жүруге болмайды;

· платформадан темір жолға секіруге болмайды;

· вагонда, тамбурда, арнайы орындардан басқа жерде темекі шегуге болмайды;

· пойыз өтіп келе жатқанда, платформаның шетіне 2 м жақын тұруға болмайды.

· Әуе көлігі

Әуе көлігіндегі қауіпсіздік келесі жолдармен қамтамасыз етіледі:

· жолаушылардың өздерін және қол жүктерін тексеріп отыру;

· әуе кемелерін арнайы тексеру;

· әуе кәсіпорындарындағы өткізу тәртібі мен объектілерінің ішкі тәртібін ұйымдастыру және қатал қадағалау;

· авиациялық техникалардың күзетін қамтамасыз ету;

· әуе кемелерін басып алуды қамтамасыз ету үшін қажетті күш пен заттарды дайындау;

· әуе жай мен азаматтық авиация объектілерін қоршау.

Осы аталған іс-шаралардың кейбіреулерін қарастырайық.

Жолаушылар мен олардың жүктерін тексеру – жолаушылар мен олардың жүктерін тексеру әуе кемесінің ұшудағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Жолаушылардың және ұшқыштардың өмірінің қауіпсіздігін әрі ішкі және халықаралық желіде ұшу қауіпсіздігін азаматтық авиация әскері қамтамасыз етеді. Тексеру әуежайларда немесе әуе кемесінде жүргізіледі.

Әуе кемесін арнайы тексеру - әуе кемесі ерекше қиын және қымбат техника ретінде ылғи да қүзетте және жауапкершілікте болуы қажет. Оның сақталуын авиакәсіпорынның автотехникалық базасы, арнайы күзет орындары қамтамасыз етеді.

Қазіргі заманғы авиация техникасын пайдалану әуежайды қоршап, бөтен адамдарды, жан-жануарларды, бөтен көліктерді кіргізбеу қам жасауды талап етеді. Әуежайдың ауқымын үздіксіз бақылап отыру үшін, автоматты бақылау пункттерін орнатады.

Қауіпсіздік белдігі. Әуе кемесінің ұшуы және қонуы – қауіпсіздік белдігі әуе кемесінің ойда жоқ жерде тежеуіш беруінен немесе жайсыз қонуынан болатын жолаушылардың қауіпсіздігіне арнайы қызмет етеді. Сондықтан оны міндетті түрде пайдалану керек.

Ұшақ әуе көтерілу жолына бұрыла бастағаннан-ақ жолаушылар қауіпсіздік белдігін жолаушының денесіне лайықтап, белдік денені орындыққа жақсы бекітетін етіп, тағып отыруы керек.

Қауіпсіздік белдігін 1200-1300 км биіктікте шешуге рұқсат етіледі:

· ұшу кезінде қосалқы есіктерді ашуға болмайды. Ол есіктер ашыла қойған жағдайда жолаушыларды ауамен сорып, сыртқа әкетуі мүмкін;

· өрт болған жағдайда үрей туғызбау керек. Бұл жағдайды бұдан әрі қиындатып жіберу мүмкін;

· қауіпсіздік белдігін ұшып жақындап қоғанға дейін таңып отыруы керек.

Кейде белдіктің өзі құтқару жұмыстарын жүргізгенде қиындық туғызуы мүмкін. Мысалы, әуе кемесі апатқа ұшырағанда, амалсыз қонғанда бүйірімен, арқасымен жатып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда жолаушылар белдікке ілініп, шыға алмайды.

Сондықтан қауіпсіздік белдігін өз мақсатында пайдалану керек.

Ұшақты апатты жағдайда тастап шығу жолдары - әуе кемесінде апат жағдайы болғанда экипаждың командирі немесе орынбасары апат кестесі бойынша жұмыс істеуге бұйрық береді. Осы бұйрықтан кейін экипаж мүшелері жолаушыларды құтқарудың, олардың өмірін сақтап қалудың шараларын пайдаланады.

Жолаушыларды ұшақтан шығаруға үрленетін трап, материалдан жасалған астау және арнайы арқандар пайдаланылады.

Жол-көлік оқиғасы – көлік құралдарының соғысып қалуынан туындайтын жағдай. Бұл жағдай материалдық зиян, жаралау немесе адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін. Жол-көлік оқиғасының көп тараған түрлері мыналар:

· жүргіншіні басып кету – 47%;

· көліктердің соғысуы - 22%;

· аударылып қалу - 14%;

· тағы басқа түрлері - 17% құрайды.

Автомобиль жүргізушінің кінәсінен болатын жол-көлік оқиғасының себептері:

· автокөліктің көшенің, жолдың оң жақ бетіне шығып кету;

· ара қашықтықты және тоқтайтын жерді дұрыс анықтамау;

· қозғалыс қатарындағы маневр жасау тәртібін бұзу, көше қиылыстарынан дұрыс өтпеу;

· ойламаған жерден тежеуіш беру;

· қарсы келе жатқан көліктердің жарығымен көрмей қалу;

· ақауы бар машинамен жолға шығу;

· денсаулықтың болмауы, шаршағандық және мас күйінде көлік жүргізу.

Жаяу жүрушінің кінәсінен болатын жол апатының негізгі себептер:

· жаяу жүрушінің жолды белгіленбеген жерден кесіп өту;

· жаяу жүрушінің жолды өтіп бара жатқан көлікке жақын кесіп өтуі;

· жолаушының көліктен машиналар өтетін жағынан шығуы;

· балалардың ойнап жүріп, жолдың көлік жүретін жағына кенеттен шығып кетуі;

· жолдың көлік жүретін бөлігінің қараңғылығы;

· жолдағы үлкен шұңқырлардың зияны, жөндеу жұмыстарының төмендігі.

Көліктің техникалық ақауынын болатын жол-көлік оқиғасының негізгі себептері:

· тежеуіштің ақаулығы;

· дөңгелектің жақсы бекітілмеуі, т.б. техникалық ережелердің бұзылуы.

Жол-көлік оқиғасындағы жүргізушінің міндеттері:

· қоршау қою, қызыл жарықпен белгі қою;

· жарақат алғандарға бірінші медициналық көмек көрсету;

· жол полициясының, жедел жәрдемінің, өрт сөндірушілердің келуін ұйымдастыру;

· жарақат алғандарды емханаға жеткізуге қам жасау;

· өрт болған жағдайда, оны өшіруді ұйымдастыру;

· егер жол-көлік оқиғасына ұшыраған көлік жолдың жүретін бөлігін жауып қалса, жол апатының схемасын сызып, жолды босату.

Егер автобус немесе басқа көліктерге суға бату қаупі туса, жолаушылары көлікті тез тастап шығуы керек.

 

Бұндай жағдайдағы жүргізушінің міндеті:

· апатты шығу терезесін ашуды ұйымдастыру;

· жолаушылардың арасында абыржу болмауына шара қолдану;

· жолаушылардың жағаға шығуын қамтамасыз ету;

· көліктің батқан жерін белгілеу.

Автокөлік апатында жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңызы өте зор. Жарақаттанған адамдардың 50% дәл уақытында қажетті медициналық көмек алған болса, онда тірі қалар еді деген есеп бар. Өтіп жатқан көліктердің жүргізушілері және басқа жолаушылар да жарақаттанған азаматтарға көмектесуге міндетті.

Ал, негізгі құтқару жұмыстарын дайындығы және қажетті техникасы, құралдары бар арнайы бөлімдер істеуі керек.

Жол-көлік оқиғаларынан сақтанудың ең оңай әдісі – көшелерде қауіпсіздік ережесін сақтау. Мысалы, көшеде:

· автобустың артынан өту қажет;

· жолға жүгіріп немесе секіріп шығуға болмайды;

· балаларды көшеден өткенде еркіне жібермеу керек;

· кіммен болмасын қызыл жарықта көшеден өтпеу керек;

· көшеден өту үшін жер асты жолымен өту керек;

· көшеден өтер кезде алдымен сол жағына қарап, ортасына келгенде оң жағына қарап алған дұрыс;

· аялдама келе жатқан көлікке арқамен тұрмау керек;

· тұрған көліктен келе жатқан траснпортты көре алмайтын жағдайда көшеге жүріп шығуға болмайды;

· егер тротуар жоқ болса, онда келе жатқан көлікке қарсы жүру қажет т.б.

Жол-көлік оқиғасының куәгерінің немесе қатысушының міндеті:

· жарақаттанған адамдарды көмексіз тастап кетуге болмайды;

· жүргізушінің апат болған жерден қашып кетуі немесе куәгер болудан қашқақтауы (немесе беруден қашуы) қылмысты істің қатарына жатқызылып, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін;

· жол апаты туралы жол полициясына хабарлау керек.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1488. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия